Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанның электрондық үкіметімен 100 миллион қызмет көрсетілді

Электрондық үкіметпен қазақстандықтарға көрсетілген қызметтер саны 100 миллионға жетті. Сонымен қатар осы жылдың алты айы ішінде 19 миллионнан астам қызмет көрсетілді, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

 

Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Басқаша айтқанда, электронды үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады),  коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО-ға жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электронды үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.

 

Қазақстан азаматтары 2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметтер мен әртүрлі сервистерді электронды түрде ала алады. Бұл өз ретінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Мысалы, егер бұрын мекен жай анықтамасын үшін 3-5 күн күту керек болса, қазіргі кезде ол анықтаманы небәрі 15 минуттың ішінде алуға болады.

Мемлекеттік онлайн қызметтерді электрондық үкімет порталында, egov.kz мобильдік қосымшасында, электрондық үкімет бұрыштарында (Connection Point) және ХҚКО-да орналасқан арнайы терминалдар – қоғамдық қолжеткізу пунктілері арқылы алуға болады. Осы арналар арқылы көрсетілген қызметтер саны 100 миллионға жетті.

«Біз үшін бұл өте жақсы көрсеткіш, ол адамдардың электрондық үкіметке сенетінін дәлелдейді. eGov танымалдылығы жыл сайын артып келеді, 2012 жылы біз 10 млн.-нан, ал 2014 жылы – 35 млн.-нан астам қызмет көрсетсек, биылғы жылдың алты айы бойынша 19 миллионнан артық қызмет көрсеттік», – деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев түсінік берді.

Порталдың ең танымал қызметі болып мекенжай анықтамасын алу табылады. Қызмет іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 48 млн-нан астам рет алынды. Екінші орында жылжымайтын мүлік анықтамалары, ұқсас кезең бойынша 17 млн-нан астам анықтама берілді. Сонымен қатар азаматтар зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды жиі алады(10 млн.-нан астам анықтама).

Естеріңізге салсақ, бүгінгі күні eGov.kz порталында азаматтардың әртүрлі санаты мен бизнес өкілдеріне арналған 215 қызмет пен сервис қолжетімді.

Ақпарат көзі

0
0
421

Осы тақырып бойынша

Қазақстанның электрондық үкіметімен 100 миллион қызмет көрсетілді - Yvision.kz