ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды – А. Мамытбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат – ДСҰ-ға кіруді барлық мәселелердің шешімі деп қарауға болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің аяқталуы туралы» баспасөз мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.
“ДСҰ-ны қандай да бір санаторий немесе барлық мәселелердің шешімі деп қарастыруға болмайды. ДСҰ – бәсекелестіктің жаңа сатысы, жаңа белестер мен жаңа тәуекелдер. Бұл импортшылардың мүмкіндіктерінің артуы”, – деп атап өтті А. Мамытбеков.
Оның айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жаңа инвестициялар тартуға, дау-жанжалдарды халықаралық соттарда шешуге, сондай-ақ халықаралық сауда ережелерін құруға атсалысуға мүмкіндік береді.
“Менің ойымша, ауыл шаруашылығы үшін көптеген мүмкіндіктер болады. Біздің ендігі міндетіміз сол мүмкіндіктерді жіберіп алмай, жүзеге асыра білу болмақ”, – деді министр.
Источник: http://www.inform.kz/kaz/article/2792567
