Ақмола облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлер қайта жөнделеді
Жарқайың ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 75 пәтерлік 5-ші үйдің қайта жөнделуі жүруде, деп хабарлады Ақмола облысы ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Айта кетерлігі, енгізіліп отырған тұрғын үйдің жалпы аумағы 3 400 шаршы метр. Баспана Калачи және Красногорск елді мекендерінен көшіп келген тұрғындарға бағытталған.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлжан Байгизова айтып өткендей, тұрғын үйдің қайта жөнделуіне «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша қаржы бөлу қарастырылған. Нысанды осы жылдың соңында тапсыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, 5-ші және 6-шы 75-пәтерлік тұрғын үйлердің қарауы жүзеге асты.
Естеріңізге сала кетсек, «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы
бірқатар бағыттың жүзеге асырылуын көздейді:
1. Жергілікті атқару органдарында (ЖАО) кезекте тұрғандарға (мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаждар есебінде тұрғандарға) арналған баспана;
2. «Қазақстан Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ желісі бойынша;
3. «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ желісі бойынша;
4. Апатты үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі баспана (ЖАО);
5. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй құрылысы;
6. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй құрылысы.
Жылжымайтын мүлік қоры салатын баспана:
Жылжымайтын мүлік қоры «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғызылатын үйлерді кәдеге жаратудың екі тетігін қарастырып отыр: тікелей сату және жалға беру арқылы сату. Пәтердің бағасы шамамен төмендегі есепке сәйкестендіріледі
1) Егер адам баспананы тікелей сатып алғысы келсе, алғашқы жылы пәтердің 1 шаршы метрінің құны Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және осы қалалардың маңындағы аймақтарда – 180 мың теңгеден аспайды. Елдіңбасқа өңірлерінде шаршы метрдің бағасы – 144 мың теңгеден аспайды. Бұдан кейінгі жылдары үйдің бағасы құрылыс құнының өзгеруіне орай нақтыланатын болады.
2) Жалдай отырып сатып алсаңыз (ескерту: мерзімі – 15 жылға дейін), бірінші жылы пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метрі үшін Астана, Алматы, Атырау, Ақтауда және қаламаңы аймақтарында 1600 теңгеден басталады. Өзге өңірлерде – төлемақы 1300 теңгеден басталмақ. Жылжымайтын мүлік қорына берілген несие мерзімі азайтылған жағдайда, жалдау ақысының мөлшері де өзгеруі мүмкін.
Азаматтар осы екі бағыттың бірін ғана таңдауға құқылы және бір елді мекенде меншігіне бір пәтерден артық ала алмайды.
