Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы құрылды
Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы құрылды. Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының бірінші мәжілісі өтті.
«Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының басты мақсаты жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындармен, кәсіби мамандарды даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындарымен байланыс орнату. Одақ экономикалық кеңістіктегі жалғыз орган болуға ұмтылуы керек. Біздіңше, одақ қызметі заңнамалық бағдарлама органдарында мүдделерін қорғайтын болады. Бізге жүйелі көзқарас қажет, мемлекетке әр кәсіпорынмен жеке жұмыс істеу тиімсіз, ал біріге отырып, біз өзіміздің ортақ пікірімізді білдіре аламыз»,-деді Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының басшысы Сәуле Шәуенова.
Оның сөзінше, біздің елімізде жұмыс істеп жатқан нақты тетіктер мен бағдарламалар бар, бұл бағдарламалардың өнім өндірушілер тарапынан пайдаланылуы да маңызды.
«Бүгін одақтың бірінші мәжілісі өтеді, бастамашы компаниялар ұсынып отырған активтердің саны 13, жалпы алғанда, ұйымға Қазақстанның барлық өңірлерінені жеңіл өнеркәсіп саласындағы 50-60 компания кіреді»,-деп қосты ол.
Бірінші мәжіліске Астана, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Жезқазған, Семей, Шымкент, Абай қалаларынан жеңіл өнеркәсіппен айналысатын 10-нан астам компанияның өкілдері қатысты.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала- мата тоқү саласы Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар ( жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Қазақстанда ең дамыған, халық мұқтажын өтеуде зор маңызы бар салаларға тігін, жүн, тоқыма, тері- аяқкиім және аң терісінен қажетті бұйымдар шығаратын өңдірістерді жатқызуға болады.
