Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

О.Рыль: Жасөспірімдер арасында қылмыстың азаюы үшін әлеуметтік-экономикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет

Жасөспірімдер арасында қылмыстың азаюы үшін психологиялық жұмыстардан бөлек әлеуметтік-экономикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, деді ОКҚ брифингінде «Құқық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Ольга Рыль.

«Мен «Шанс» кәмелетке толмағандарға қолдау көрсету орталығын таныстырамын, ол «Құқық» қоғамдық қоры аясында 5 жыл бұрын пайда болды.  Бұл орталықтың атын заңмен даулы мәселеде болған  жасөспірімдер өздері  атады. Қазір зорлыққа байланысты көтеріліп жатқан сұрақтар өте өзекті. Отбасы әркезде де балаларға әдеби, мәдени, құқықтық жағынан жақсы үлгі көрсете бермейді. Егер де ол зорлыққа отбасында куә болса, өзге замандастарына да соны көрсетуі мүмкін», - деді О.Рыль.

Оның айтуынша, орталыққа ювеналды соттағылар, немесе қылмыстық іс қалпына келтіру негізінде тоқтатылған балалар келеді. Қоғамдық қор  мұндай орталықтағы балаларға психологиялық көмектен басқа, білім беру және әлеуметтік-экономикалық даму көмектерін көрсету қажет.

«Баланың құқықтық тараппен кездесуі жеткіліксіз. Ол бұл жазаны қалай тарту керек екендігін білуі қажет. Жасөспірім мұндай жағдайда білім беру, әлеуметтік-экономикалық түсіндіруге мұқтаж болады», - деді ол.

Сонымен қатар, Ольга Рыль Қазақстанда кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған жеңіл және орта деңгейдегі әрекеттерін құпия ұстайтын заң енгізу ұсынды.

«Қазіргі таңда тек мемлекеттік органдар ғана емес, жеке кәсіпкерлердің өздері бұрын-соңды заңға қарсы әрекеттер жасамаған адамдарды жұмысқа қабылдайтын болды. Бұл ретте жұмыс берушілер азаматтардың заңсыз әрекеттерді ерте баста немесе бала кезінде жасағандығын назарға ала бермейді. Сол себепті кәмелетке толмаған азаматтардың жасаған заңсыз әрекеттері олардың 18-ге толғаннан кейінгі өмірбаянында болмауы керек деген заң қабылдауды ұсынып отырмыз»,-деді О.Рыль.

Оның сөзінше, қоғамдық ұйым өкілдері 18- жасқа толмаған кезінде жасалған жеңіл және орта деңгейдегі қылмыстардың құпия болуын қалайды.

«Бұл санатқа кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық әрекеттер бойынша қылмыстар, терроризммен, діни экстремизммен байланысты қылмыстар кірмейді. Ал жеңіл және орта деңгейдегі заңсыз әрекеттердің жастардың өмірбаянында көрсетілмегені дұрыс»,-деді ол.

Бұған мысал ретінде қоғамдық бірлестік жетекшісі Әзірбайжан тәжірибесін келтірді.

«Балалардың 18 жасқа дейінгі жасаған әрекеттері Құқықтық статистика орталығының құпияларында сақталады. Меніңше біз Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен бұл заңды ілгерілете аламыз деген ойдамын. Өйткені қазір қылмыстық заңнама мен статистика үлкен өзгеріске түсті. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапқа тарту әрекеттері жиіледі. Мемлекеттің балаларға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беруі үлкен ескерту болады»,-деген пікірде О.Рыль.

Ақпарат көзі

 
0
0
542

Осы тақырып бойынша

О.Рыль: Жасөспірімдер арасында қылмыстың азаюы үшін әлеуметтік-экономикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет - Yvision.kz