Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

10 мыңнан астам тұрғыны бар Ленин елді мекеніндегі қоғамдық тәртіпті небәрі екі учаскелік полицей күзетуде

10 мыңнан астам тұрғыны бар Ленин елді мекеніндегі қоғамдық тәртіпті небәрі екі учаскелік полицей күзетуде.

Ал қылмыс орын алса, тәртіп сақшылары жаяу жүруге мәжбүр. Бөлінген көлік жұмыс істемейді. Мамыр айында болған бұл қайта құрылымдаудан кейін ауылдағы криминагендік жағдай өрши түскен. Ленин кенті тұрғындарының өкпе-назын тындап қайтқан тілшіміз толықтырады.

Павлодар қаласының құрметті азаматы Махмет Демисинов Ленин кентінде 51 жыл тұрады. Сондықтан ауыл ақсақалы елді мекеннің тыныс-тіршілігімен етене таныс. Айтуынша, тәртіп сақшылар саны қысқарғалы ауылдағы қылмыстардың саны да артты.

Ұрлық-қарлық демекші, биыл сегіз айда Ленин кентінде 34 қылмыс орын алған. Соның 11-і ұрлық пен тонау фактілері бойынша болып отыр.   Тұрғындар жергілікті әкімдікке назалы. Әкім-қаралар қол қусырып отыр дейді. Алайда Ленин кентінің әкімі Жеңіс Әбікен мәселені басты назарда ұстап отырғанын, тіпті бірнеше мәрте қалалық ішкі істер басқармасына, облыстық ішкі істер департаментіне хат жолдағанын айтады. Оның сөзінше, қалалық басқарма орталық, оңтүстік және солтүстік бөлімдерге бөлінгеніне байланысты жақын орналасқан елді мекендерде заңнамалық негізсіз бөлімше болмауы тиіс деген уәж айтыпты. Сол себептен ауылдағы полиция бөлімшесі пунктіге құрылымдалған. Сәйкесінше, полицейлердің бірлігі де қысқарды.

Әкім 10328 тұрғыны бар Ленин кентінде небәрі төрт полицейдің жұмыс істеуі ойға қонымсыз дейді. Өйткені үш мыңнан астам адам тұратын Шідерті мен Майқайын кенттерінде 13 және 15 тәртіп сақшысы жұмыс істеуде. Ал қалалық ішкі істер басқармасының мамандары Ленин қалаға берілгендігін айтуда. Ауылдағы тыныштықты солтүстік бөлімнің қызметкерлері қадағалайды.

Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының мамандары бұл мәселені назарға алатынын айтты. Ленин кентіне тағы бір учаскелік полицей бөлу мүмкіндігін де қарастыруда.

0
0
260

Осы тақырып бойынша