Азия чемпионы Олжас Сәттібаев 2,4 миллион теңгенің ақшалай сертификатына ие болды
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
К. Көкірекбаев чемпионға 2,4 миллион теңгені құрайтын ақша сертификатын ұстатты. Спортшының жаттықтырушысы 300 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Кездесудің соңында аймақ басшысы спортшыға денсаулық және болашақта спорттық жетістіктер тіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, 25 тамыз-5 қыркүйек аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында Азия елдерінің әуесқой боксшылары үшін ең маңызды жарыс болып табылатын бокстан Азия чемпионаты өтті.
Олжас Сәттібаев финалда 52 келіге дейінгі салмақта өзбек спортшысы Шахобиддин Зоировпен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жамбылдық боксшы 3:0 (29:28, 29:28, 29:28) есебімен жеңіске жетіп, 2015 жылғы Азия чемпионы атанды.

