Департаменттің жұмыс тобының БҚО Тасқала ауданнындағы үгіт-насихат жұмыстары
2015 жылдың 10 қыркүйек күні «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлерінен құрылған жұмысшы тобы Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданына барды. Жұмыс тобының іс-сапары, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан басталды. Қабылдауда аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Достық ауылдық округінің әкімі және аудан ардагерлері болды. Олар мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа реформалар туралы түсіндіру бағытында, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу мәселелерін көтерді. Кейін, аудандық әкімдікте аудан активінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде Департамент басшысыны…



