Мазмұнға өту

Жаңа

Флойд Мейвезер бокспен қош айтысты

Әйгілі американдық боксшы Флойд Мейвезер өзінің Андре Бертомен болған кездесуі оның кәсіби бокстағы соңғы жарысы екендігін растады.

«Менің бокстағы жолым осымен бітті. Қашан және қандай жағдайда тоқтау қажеттігін әркім білуі керек. Қазір менің осындай шешім қабылдайтын уақытым келіп тұр. Мен бокспен 19 жыл бірге болдым, оның 18 жылында чемпион болдым.

Менің денсаулық жағдайым жақсы, қаржылық жағдайым да қиын деп айта алмаймын. Менің тарихтағы орныма келетін болсақ, ол туралы ештеңе айтқым келмейді. Оған бокс жанкүйерлері баға бере жатар. Алайда, мен өзімнің рекордымды кімнің жаңартатынын ерекше қызығушылықпен бақылайтын боламын»,-дейді бокс жұлдызы ESPN басылымына берген сұхбатында.

0
0
221

Шетелдік туристер шекаралық туристік нысандарды арнайы рұқсат құжатынсыз аралай алады – ҚР ИДМ

Үкімет Қаулысымен сәйкес осы аумаққа шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кіруі бөлігінде шекаралық режимнің қолданысы жойылатын шекаралық аймаққа кіретін шекуара маңы аумақтарының тізілімі бекітілді, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметі. Осыған дейін хабарлағандай, хабарланғандай, "Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына сәйкес көптеген шекаралық туристік нысандар 25 шақырымда шекаралық аймаққа кіріп немесе шығу, уақытша келу, мекендеу немесе қозғалудың белгіленген тәртібіне ие шекаралық режим таратылатын ҚХР шекаралас әкімшілік аудандардың аумақтары да кіріп кетті. Осы шара танымал туристік нысандарға шетелдік туристердің шелуін шектеді, ол үшін Сыртқы іс…

0
0
291

Ұлт жоспары: ҚХА жобалары қазақстандық сәйкестік пен бірлікті одан әрі нығайтуға бағытталған

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен мемлекет-үлкен отбасы», «Мерейлі отбасы», «Бірге өмір сүру» атты жобалары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қазақстандық сәйкестік пен бірлікті нығайтуға жұмыс істейтін болады, деді Мәжіліс депутаты Зухра Саяпова Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында. «Біз қазір 1995 жылы құрылып, «Біздің үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» ұранының аясында қызмет етіп келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінің жемісін көріп отырмыз. Өзінің этникалық «менін» сақтай отырып, өзі тұрып жатқан елге қатысты патриоттық көзқарас формуласы өміршеңдігін көрсетті. 100-ден астам этностар бір шаңырақ астында бейбітшілікте, тату көрші ретінде өмір сүруде. Бүгінгі таңда мемлекеттің алдына әлемдегі бәсекеге қаб…

0
0
354

Ұлт Жоспары: ҚО Жоғарғы сотының өкілдері еліміздің аймақтарында елдің сот жүйесіндегі реформаларқа қатысты түсініктеме берді

Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының облыстық соттарында Мемлекет басшысының «100 қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мен насихаттау жұмыстары бойынша, арнайы өңірлік ақпараттық форумдар өтті, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. Бұл шараларға облыстық соттар мен соттардың алқа төрағаларының, аудандық сотар мен оларға теңестірілген судьялардың, сондай-ақ өңірлердегі құқық қорғау органдарының, кәсіпкерлердің қатысуымен өтті. «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» атты екінші реформаның негізінде елдің құқықтық жүйесін дамыту бойынша 19 нақты қадам белгіленген. Олардың 11 қадамы елдің сот жүйесін реформалауға бағытталған. Айта кетейік, алдағы уақытта еліміздің сот жүйесі үшдеңгейлі жүйеге көшеді, судья лауазымына үміткерлердің жас ерекшеліктері 25-30 жас ара…

0
0
400

Алматы облысындағы құс фабрикасы жұмыртқа өндірісін 3 есеге арттыруды жоспарлауда

Алматы облысындағы құс фабрикасы жұмыртқа өндірісін жылына 130 млн данаға дейін арттыруды жоспарлауда, деп хабарлады «Даму» қоры. Аталып өткендей, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Сұңқар» құс фабрикасы жыл сайын 44 млн жұмыртқа өндіреді. Алайда, құс фабрикасы жақын арада өндіріс көлемін үш есе арттырмақшы. Бұл мақсатта алғашқы қадамдар жасалды. Фабрикада жеке жем зауыты салынды, енді жаңа құс қора тұрғызу жоспарлануда. «Осыдан үші жыл бұрын құс фабрикасы жарты миллиард теңге несиеге бастан аяқ салынған болатын. «Бизнестің жол картасы - 2020» есебінен мемлекет мұнда барлық инфрақұрылымды тартып берді. Бүгінде құс фабрикасында 4 құс қора, бір төл қорасы бар, ал 170 мың мекиен тауығы жылына шамамен 150 мың жұмыртқа береді. Барлық тауар бірден жұмыртқаны іріктеу цехына жөнелтіледі. Онда оны…

0
0
1266

Бүгін — Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні. Аталған мереке елімізде 2013 жылдан бері аталып өтіледі.

Бұл күнді мерекелеу - отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделген.

Отбасы күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні деп бекітілген.

1
0
936

Оңтүстік Корея өзінің ЭКСПО көрмесін өткізу тәжірибесімен бөлісуді ұсынды

Корея Республикасы өзінің халықаралық деңгейдегі көрме өткізу тәжірибесімен бөлісіп, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниетті екендігін білдірді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі. Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басшылығы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чо Енгчонмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Оңтүстік Кореяның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын талқыға салды. Чо Енгчон ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның тек саясат пен экономика салаларының сәттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің өзге де салалардағы мәртебесін көтеретіндігін атап өтті. «Оңтүстік Корея көрмені 1993 және 2003 жылдары екі рет өткізді, оларды ұйымдастыру елдің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Осылайша, біз өзіміздің ЭКСПО өткізуден тәжірибемізді пайдалана отыры…

0
0
466

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі

«Нұр Отан» партиясы доктринасында белгіленген мәдени және рухани құндылықтарды сақтау және арттыру мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Астанада аламан бәйге өтеді дегенді естіген соң Алматыда жата алмадым. "Көппен көрген ұлы той" осы болар деп ойланбастан ат басын Астанаға бұрдым. Қабанбай ауылы. Шашасына шаң жұқтырмайтын 90 жүйрік ауыздықпен алысып 51 шақырымды бағындыруға сақадай сай тұр. 15 мыңға жуық қиқулайтын ұлттық спорттың жанашырлары өзара бәстесіп, мерекенің көркін қыздырса, ат сыншылары қай тұлпардың топ жарып, жүлделі орындарға ілігетінін болжауда. Киіз үйде ет асылып, қазан қайнап жатыр. Қысқасы нағыз қазақи той! Әнұран шырқалды. Ақсақал бата беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Еліміздің әр облысынан келген жүйріктер шаңғытып шаба жөнелді. 4 айналым. Ұйы…

4
0
2417

Департаменттің жұмыс тобының БҚО Тасқала ауданнындағы үгіт-насихат жұмыстары

2015 жылдың 10 қыркүйек күні «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлерінен құрылған жұмысшы тобы Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданына барды. Жұмыс тобының іс-сапары, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан басталды. Қабылдауда аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Достық ауылдық округінің әкімі және аудан ардагерлері болды. Олар мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа реформалар туралы түсіндіру бағытында, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу мәселелерін көтерді. Кейін, аудандық әкімдікте аудан активінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде Департамент басшысыны…

0
0
591