Түбіртекті талап ет – сыйлық ұтып ал!
Акция тұтынушылардың құқығын қорғау және сауда орындарының қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Оған өңіріміздің әр тұрғыны қатыса алады. Ол үшін белгілі бір тауар сатып алып, сатушыдан чек талап ету қажет. Сол түбіртектер арқылы ұялы телефон, тұрмыстық техника ұтып, республикалық деңгейдегі ұтыс ойынының жолдамасын иелену мүмкіндігі берілді.
Облыс бойынша барлығы 2500 купон жиналды. Ұтыс ойынына қатысушылар арасындағы белсенділік облыс орталығы, Рудный және Лисаков қалалары арасында жоғары. Ұйымдастырушылардың айтуынша, чекті талап етуге әркімнің құқығы бар. Ал егер оны алмасаңыз, тауарыңыз жарамсыз болып шықса, заңды түрде ақшаңызды қайтара алмайсыз.
Сыйлықтар смартфон мен ас үй техникасын Жітіқара мен Лисаков қаласының тұрғындары иемденді. Ал Науырзым аудынының өкілі Астанадағы бас жүлде көлік ұтысында бақ сынайды. Ақырғы сын қараша айына жоспарланған.
