Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Б.Сағынтаев жылыту маусымына дайындық жөнінде кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

2015-2016 жылдардағы жылу беру маусымына нысандарды дайындау коммуналдық қызметтермен келісілген кестеге сай жүзеге асырылуда. 2015 жылы 9 энергоблокты, 59 энергетикалық қазандықты және 47 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Тамыз айының басына 4 энергоблокта, 30 қазандықта және 20 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Жылу маусымына жылумен жабдықтау желілерінің әзірлігі 60 пайызды құрайды, білім нысандарының 79 пайызы, денсаулық сақтау мекемелерінің 75 пайызы, тұрғын үйлердің 63 пайызы дайын болды. Жылу көздерінің 100 Гкал/сағатқа дейінгі қуаттарына алдағы жылыту маусымында отын қажеттілігі 1 883 мың тонна көмір мен 230 мың тонна мазутты құрайды. Бұл орайда қазірдің өзінде 591 мың тонна көмір және 54 мың тонна мазут әзірленді.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрлігіне электр стансаларының алдағы жылу беру маусымына әзірлігі барысына, нормативтік отын қоры жиналуына тұрақты мониторинг ұйымдастыруды тапсырды. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне барлық жөндеу науқандарын және жоспарланған шараларды толық орындауды қамтамасыз ету, жауапты әкімдер орынбасасарларын бекіте отырып, коммуналдық сектор мен әлеуметтік саланың барлық нысандарын жылыту маусымына дер кезінде әзірлеу, сондай-ақ коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық және ағымдағы қарыздардың өсуіне жол бермеу жөнінде шараларды қолға алу тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, отырыс барысында құрылыс саласындағы жаңа реттеуші құралардың әсерін талдау нәтижелері қаралды. Аталған жаңашылдықтар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық қауымдастықтар тарапынан оң тұжырымға ие болды.

Аталып өткендей, отырыс қатысушылары келесі реттеуші құралдарды енгізуді мақұлдады: тапсырыс берушілердің функцияларын жүзеге асыруға және құрылыс нысандарын өткізуге арналған құрылыс жобаларын басқару бойынша инжинирингтік компанияларды аккредиттеу; ғимараттар мен құрылыстарды техникалық бақылау және сенімділік пен орнықтылықты техникалық зерттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу; құрылыс және жобалық ұйымдардың инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес орталықтарды аккредиттеу.

Сәйкес шарттар болған жағдайда (өзін-өзі реттеу, жауапкершілік орнату туралы заң қабылдау) аталған акредиттеу түрлері келешекте бәсекелі ортаға беріледі.

Аталған құралдарды енгізу құрылыс жобаларын басқаруда, техникалық бақылау мен зерттеуде, аттестациялық орталық жұмысында мультипликативті әсер береді.

Ақпарат көзі

 

0
0
365

Осы тақырып бойынша

Б.Сағынтаев жылыту маусымына дайындық жөнінде кеңес өткізді - Yvision.kz