«Таңшолпанда» — Ермек Өміртай және Рүстем Сыбай
Ауыр атлетикадан ҚР ерлер құрама командасының аға бапкері Ержас Бекназарұлы, Азия чемпиондары Ермек Өміртай және Рүстем Сыбай бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Ауыр атлетикадан Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль алған Ермек Өміртай: «Жарыс жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы да керемет. Жеңіске деген сенім болды. Дегенмен, Қытай және Корея спортшыларынан күдіктендім. Олар біздің бұрыннан келе жатқан қарсыластырамыз»,-дейді.
Ал, Рүстем Сыбай: «Дайындық жақсы болды. Қарсыластарым – Иран және Корея елдерінің спортшылары. Олар да мықты. Қиын болды, бірақ, өзімді жинақтап, жеңісті ғана ойладым»,-дейді.
«Әр салмақта бәсеке мықты болды. Біз «бірінші үштік мықты, қалғандары бостау болады»,-деп күткен едік. Жоқ, олай болмады. Бірінші мен сегізінші орын арасындағы спортшылардың әр қайсысы да бірінші орынға таласты. Осы жарыстың бірден-бір ерекшелігі осы болды»,-дейді Ержас Бекназарұлы.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.
