«Нұрлы жол»: ҚДБ қостанайлық кондитерлік фабрикасының экспортық жеткізілімін кеңейтуді қаржыландырды
Қазақстанның даму банкі қостанайлық кондитерлік фабрикасының экспорттық жеткізілімін кеңейту үшін «Нұрлы жол» аясында жеңілдетілген шарттармен қарыз берді.
«Қазақстанның даму банкі» Қостанай қаласындағы «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасына 5 жыл мерзіммен экспорттық жеткізілімді кеңейту үшін қарыз берді. 2 млрд теңгені құрайтын мәміле қазақстандық экспортшыны «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясат аясында қолдау мақсатында қаржыландырылды. Оның шарттары ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №271 Қаулысымен бекітілген.
Жеңілдікті қарыз қаражаты шикізат (қант, какао-бұршақ, сірне, ұн, майлар), материалдар мен қаптаулар сатып алуға және дайын кондитерлік бұйымдарды одан әрі көбінесе Ресей Федерациясына экспорттауға жұмсалатын болады. «Баян Сұлу» АҚ алдағы он жыл ішінде кондитерлік бұйымдар экспортын - 2025 жылға дейін 40 000 тоннаға дейін екі еседен астам көлемге ұлғайтуды жоспарлайды. Осы ретте өнімді сатудан түсетін кіріс болжам бойынша 2015 жылы 6,2 млрд теңгеден 2025 жылы 14,8 млрд теңгеге дейін артады.
«Жеңілдікті қаржыландыру бізге өнімдерімізді сыртқы нарықтарға сату, сонымен қатар, сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан, кондитерлік бұйымдар экспортының көлемін арттыру мүмкіндігін береді. Мемлекет, «Бәйтерек» холдингі, Kaznex Invest тарапынан көрсетілетін қолдаудың арқасында біз кәсіпорнымызды одан әрі дамытуға айтарлықтай арзан және қолжетімді қаражат алдық», - деді «Баян Сұлу» АҚ басқарма төрағасының м.а.- президенті Тимур Садықов.
ҚР Ұлттық қорынан өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын қазақстандық тауарлардың экспортын қолдауға 2015 жылы ҚДБ арқылы 35 млрд теңге бөлінді. «Баян Сұлу» АҚ экспорттық операциясын қаржыландыру қарастырылған қаражат шеңберінде ҚДБ үшін екінші мәміле болады. Мұның алдында 7 млрд теңге көлеміндегі «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ экспорттық операциясы қаржыландырылған болатын.
Аталып өтілгендей, жеңілдетілген несиенің қаржысы шикізат, материалдар мен қаптамаларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім кейін экспортқа шығарылады, басым бөлігі Ресейге жөнелтіледі.
Жалпы, «Баян Сұлу» АҚ жақын он жылда экспорт көлемін кем дегенде екі есе арттыруды көздеп отыр – 2025 жылға қарай 40 000 тоннаға дейін. Осы ретте табыс 2015 жылдың 6,2 млрд теңгеден 2025 жылға қарай 14, 8 млрд теңгеге дейін артады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық қордан 2015 жылы ҚДБ желісі бойынша 35 млрд теңге бөлінді.
