Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Головкин: Мен үшін PPV платформасы — спорттағы ең биік нәтиже

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің PPV-дегі алғашқы жекпе-жегін күтуде, деп хабарланды GGG в ВКонтакте ресми сайтында.

«Мен үшін PPV платформасы — бұл спорттағы ең биік нәтиже. Ол маған осында алғашқы айқасымды өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

Бокстағы барлық  атақтылар PPV-де төбелесті, мен де PPV -де 17 қазанда чемпион Давид Лемьемен болатын алғашқы жекпе-жегімді күтудемін. Мен өзімнің жанкүйерлерімнің қолдауын бағалаймын және тағі бір есте қаларлық шоу көрсеткім келеді.

АҚШ-та осыдан үш жыл бұрын болған алғашқы кездесуіме қарағанда менің танымалдылығым едеуір өсті, яғни мен спорттық мансабымның осылай жалғасқанына бақыттымын», деген Головкиннің сөзін келтіреді sports.kz.

 
0
0
516

Осы тақырып бойынша