Мазмұнға өту

Жаңа

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «Алжир» Мұражайлық-мемориалдық кешенінде ірі қаржылық бұзушылықтар анықталды

Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «Алжир» Мұражайлық-мемориалдық кешенінде тексеру жүргізді. Тексерушілер Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары күніне еш қатысы жоқ іс-шараларға 7 млн. теңгеден астам негізсіз шығындарды анықтады. Бұл сома «Vip кейтеринг» көшпелі шығу қызметтерін көрсету бойынша әкімнің атынан қабылдау қызметіне шығындалған. Біліктілікті растайтын құжаттары, дипломдары және сертификаттары жоқ жеке тұлғалармен режиссерлік-қою қызметтерін көрсетуге шарттар жасауда да бұзушылықтар анықталған. Негізсіз жұмсалған қаржы сомасы 1,1 млн. теңгеден асады. Тексеру барысында «АЛЖИР» ММК басшылығы бюджеттік қаржыны шығындаудан өздерін де құр қалдырмағаны белгілі болды. Осылайша, жалпы сомасы 1,9 млн. теңг…

0
0
503

Ә.Жақсыбеков Вильнюс бизнес қоғамы өкілдерін елорданың инвестициялық әлеуетімен танысуға шақырды

Елорда басшысы қалалық әкімшілігінің ғимаратында Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюспен кездесіп, екі жақты тиімді ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. «Астана мен Вильнюс өзара қарым-қатынас бұрыннан орнаған және біз екі қала арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз» – деді елорда әкімі. Ә. Жақсыбеков Қазақстан астанасы үшін жүзеге асыру тәжірибесі жағынан тартымды болып көрінген Литваның кейбір бизнес жобаларымен танысып үлгерді. Әкімнің сөзінше, бүгінгі күні Астана қаласы үшін маңызды мәселелердің бірі - автотұрақты ұйымдастыру мәселесі. Вильнюс қаласының мэрі Миландағы қазақстандық ЭКСПО павильонының танымалдығын ерекше атап өтіп, туризм саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне тоқталды. Ә. Жақсыбеков а…

0
0
387

Тұрақты конституциялық даму – Қазақстанның үлкен басымдығы – сарапшы

Қазақстандағы конституциялық үрдістерді айтқанда тұрақты эволюциялық конституциялық дамуына назар аудармай тұрмаймыз, бұл елдің үлкен басымдығы, деп ағынан жарылды Армения Конституциялық сотының төрағасы Гагик Артюнан ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесерінде. Қазақстан 2015 жылы басты заң – ҚР Конституциясының 20 жылдығын атап өтуде. Қолданыстағы Ата заң 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданды, бұл мемлекеттік мейрам. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: - Конституция азаматтықтың символы болып есептеледі және Тәуелсіздіктің бірегей сыйы болып саналады. Мемлекетті сыйлау әрбір қазақстандықтың парызы болып есептеледі. Егер Конституцияның әрбір сөзін қастерлеп, бағаласақ үлкен жетістіктерге жетеміз. ҚР Конституциялық кеңесінің…

0
0
432

ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2015» оқу-жаттығуының қорытындысын шығарды

Бүгін, 2015 жылғы 7 қазанда Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу орталығының базасында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Қаратау-2015» арнайы мақсаттағы бөлімшелердің тактикалық-арнайы оқу-жаттығуын қорытындылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Онда арнайы операцияларды дайындау және өткізу мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығуды ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев қадағалады. Бұл оқу-жаттығу арнайы операцияларды ұйымдастыру мен дайындауда бөлімшелердің мүмкіндіктерін бағалауға, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде арнайы бөлімшелердің күштер мен құралдарды қолдануда бірыңғай әдістемені әзірлеуге, таулы-шөлді жерде олардың дағдысын қолдануға мүмкіндік берді. «Қаратау-2015» оқу-жаттығуы бірнеше кезеңге бөлінгендіктен, ең алдымен әскер…

0
0
387

Улан-Баторда ҚР Ұлттық комиссиясы әйелдерді саяси және экономикалық ілгерілету тәжірибесімен бөлісті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия БҰҰ-ның Қазақстан мен Монголиядағы Даму бағдарламасымен бірлесіп, Улан-Батор қаласында Монголияның Индустрия және сауда ұлттық палатасының ғимаратында «Қазақстан-Монголия: әйелдерді мемлекеттік, жеке және азаматтық секторларда ілгерілету бойынша екі елдің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Конференцияның мақсаты – өңірлік ынтымақтастықты дамыту, әйелдерді саяси және экономикалық ілгерілету мәселелерін, «жасыл экономиканы», қолөнершілікті дамыту перспективаларын және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселелерін талқылау. Конференцияны ашқан Монголия ұлттық сауда-өнеркәсібі палатасының төрайымы Магван Оюунчимэг конференци…

0
0
367

Қ.Жақыпов: Мәжіліс Елбасының ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша алғашқы кезеңін табысты орындады

Мәжілістің жалпы отырысы барысында Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов Елбасының Ұлт Жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы тапсырмасының алғашқы кезеңін қорытындылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Спикердің баса атап өткеніндей, Мәжіліс алты аптаның ішінде 55 заң жобасын қарап, мақұлдады. Палатаның 20 жылдық тарихында болмаған бұл теңдессіз еңбек депутаттар мен аппарат қызметкерелерінің жоғары жауапкершілігі мен жұмыла жұмыс істеуінің нәтижесі. Қ. Жақыпов жедел заң жобалары бойынша негізгі салмақ бас комитттер мен жұмыс топтарының үлесінде болғанын алға тарта келіп, маңызды құжаттарға қатысты 534 жұмыс топтарының, 22 бас комитеттердің кеңейтілген отырыстары, күн сайын 30-ға жуық басқосу өткенін, сенбі-жексенбі күндері де қарқынды жұмыс атқарылғанын атап өтті. «Мәж…

0
0
402

Астанада 150-ші «Astana bike» велосипед бекеті ашылды (ФОТО)

Published 7.10.2015 www.kazinform.kz АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындық аясында Астана қаласының әкімдігі «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ бірлесіп, инвестициялық жоба негізінде елордада велосипед қозғалысын ұйымдастыруды жүзеге асыруда. 2014 жылы қала күніне орай Қонаев көшесінде ең бірінші «Astana bike» бекеті ашылған болатын. Астана қаласында 150-ші велосипедтік бекеттің ашылуы өтті. Тәшенов көшесі мен Таха Хусейн көшесі қиылысында орналасқан бұл велосипедтік бекет – биылғы маусымдағы соңғы болып табылады. Астанада жоба аясында бірінші маусымда 200 велосипеді бар 40 велобекет өз жұмысын бастаған еді. Бүгінгі күнде астаналықтар үшін мыңдаған велосипедтер ұсынылуда. - Бұл жобаның әлеуметтік маңызы бар екенін айтқым келеді. Біріншіден, бұл – салауатты өмір салты. Екінші…

1
0
484

Германия депутаты: Н.Назарбаевтың ұсыныстары өте маңызды

Published 7.10.2015 24.kz Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Нью-Йоркте айтқан ұсыныстары Германия Парламентінде қызу талқыға түсті. Депутаттарды әсіресе БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға көшіріп, Астанада инвестициялық жобалар мен жасыл технологияны дамыту халықаралық орталығын ашу идеясы қызықтырды. Олардың пайымдауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымның мінберінде тұрып, мұндай ауқымды идеяларын кездейсоқтықтан жариялаған жоқ. Юрген Климке, Неміс Парламентінің депутаты: - Бұл мәселені Н.Назарбаев кездейсоқ көтеріп отырған жоқ. Қазақстанның және Азияның БҰҰ-ға деген үлкен қызығушылығы бар. Бізге ынтымақтастық керек, терроризмге төтеп беретінімізді, тұрақсыздықты болдырмайтынымызды халыққа түсіндіру керек. Қазақстан Президенті айтқан ұсыныстар өте маңызды, оны мен қолдаймын. Ол тақырыптар талқылауды қаже…

1
0
416