Мазмұнға өту

Жаңа

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа формат бойынша беріледі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады.

Бұл Заң жобасы Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 5 мамырындағы кеңейтілген отырысында айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленді.

«Аталған Заң жобасының аясында төмендегі мәселелер қарастырылады:2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізу», - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына адал ниетпен қатысады.

Тұлғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін АМЖ өзгерістері келесі мемлекеттік жәрдемақыны да қарастырады.

Ақпарат көзі

 
0
0
3451

Балалар күзді қалай елестетеді?

7 қазанда «Өркен» балабақшасында «Ғажайып күз» атты қалалық сурет конкурсы өтті.

Байқауға мектеп жасына дейінгі жас бүлдіршіндер қатысып, өнерлерін паш етті.  Дайындаған жұмыстары «Табиғат және мен», «Бұл менің әлемім», «Ғажайып алыста емес» тақырыптары аясында болды. Бұл қалалық байқауға өткен жылы 24 балабақша қатысса, биыл 60 шақты балабақша ниет білдірді. Барлығы 200-дей жұмыс ұсынылған екен.



0
0
2131

Парламент Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң жобасын мақұлдады

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» ҚР Заңы қабылданды.

«Бұл ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлеміндегі шағын шаруашылық жүргізу нысандарының жоғары үлесімен расталады. Статистикалық мәліметтер бойынша, былтыр жалпы ауыл шаруашылық өнімінің 45,7 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда, 31 пайызы шаруа және фермерлер қожалықтары үлесіне, 23 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі болып отыр. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері кооперативке белсенді түрде бірікпей отыр, бұған бірқатар себептер бар», - дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша республикамызда бар-жоғы үш мыңға жуық қана кооператив бар. Осыған байланысты ведомство басшысы министрліктің талдауы барысында кооперацияның дамуын тежейтін бірқатар кедергілерді анықтаған. 

«Біріншіден, коммерциялық емес ұйым түрінде құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінде табысты бөлу мүмкіндігі жоқ. Екіншісі, шектен тыс нормативтік-құқықтық реттеу. Үшіншісі, су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері және ауыл шаруашылығы серіктестері үшін арнаулы салық режімі бар заңдағы жеңілдіктерді пайдалану мүмкін емес. Төртіншісі, кооперативтер қызметінің айқын еместігі, бір-біріне сенімсіздік, кооператив мүшелерінің алдау қаупі сияқты жағдайларды тудыруы мүмкін. Бесінші, ішкі рәсімдердің шектен тыс реттелуі. Алтыншы себеп, бұл - заңды тұлғалардың өндірістік кооперативтерге қазіргі жағдайда қатысуы мүмкін еместігі», - деді министр.
Осы олқылықтарды жою мақсатында «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заң жобасы әзірленген. Онда жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар жаңалықтар қамтылып отыр. Бірінші, бұл - ауыл шаруашылығы кооперативі мәртебесін коммерциялық емес разрядтан коммерциялық разрядқа ауыстыру. Екіншіден, ауыл шаруашылығы кооперативінде пайданы бөлу мүмкіндігі. 

«Үшінші, кооперативтердің ревизиялық одақтарға мүшелікке өту мүмкіндігі. Төртінші, кооперативтердің жыл сайынғы ішкі аудитын жүргізу мүмкіндігі. Бесінші, демократиялық қағдидатты сақтау, бұл - бір қатысушы, бір дауыс принципінің енгізілуі. Алтыншы, өз қатысушыларына тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзіндік құны бойынша өткізу қағидатын енгізу. Жетінші, өзара қарым-қатынасты реттеуде диспозивті нормаларды қолдануды шектен тыс нақтылауды алып тастау», - дейді министр Асылжан Мамытбеков.

Ақпарат көзі

 
0
0
439

Қазақстанда монополияға қарсы органдар халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді

Сенатта «Кәсіпкерлік кодекс» пен «Кейбір заңнамалық актілерге кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Отырысқа заң жобалары жайында баяндама жасаған министрлермен қатар, тиісті ведомстволардың жауапты мамандары мен өкілдері де қатысты.

Ең алдымен Әділет министрі Берік Имашев Мәжіліс мақұлдаған «Кәсіпкерлік кодекс» пен «Кейбір заңнамалық актілерге кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасады.

Кодекс жобасы 7 бөлім, 31 тарау, 324 баптан тұратындығын атап өткен Берік Мәжитұлы, құжаттың еліміздегі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саласын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіруге және мемлекет кәсіпкерлік субъектінің арасындағы өзара іс-қимылдың мақсаттарын айқындауға бағытталғандығына тоқталды. 

«Атап айтқанда, заң жобасында шағын кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызметтің ауылшаруашылыққа жатпайтын түрлерін, инвестициялық қызметтегі, отандық тауар өндірушілер жүзеге асыратын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары жүйелі түрде бекітілген», - деді министр. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, заң жобасында Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жобасын жүзеге асыру мақсатында түзетулердің үш блогы көзделеді екен. Оның біріншісі монополияға қарсы органның қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталған болса, екіншісі кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында бизнес-омбудсмен институтын нығайтуды көздейді. Оның біріншісі монополияға қарсы органның қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталған болса, екіншісі кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында бизнес-омбудсмен институтын нығайтуды көздейді.  Ал түзетулердің үшінші блогы мониторинг бағалау және бақылаудың стандартталған немесе ең төменгі рәсімдері шеңберінде нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшуге, статистика жөніндегі уәкілетті органның қызметін жетілдіруге бағытталған.

Аталған заң жобасы жөнінде Парламент Сенатындағы Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов қосымша баяндама жасады. Сенат Регламентінің 58 тармағына сәйкес ҚР Парламент Сенаты аталған «Кәсіпкерлік кодексі» жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Ақпарат көзі

 
0
0
477

Румынияда «Қазақстан – мемлекеттіліктің 550-жылдығы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Тырговиште қаласында Румыниядағы Қазақстан Елшілігі Румынияның халықаралық қатынас және экономикалық серіктестік институты және Валахия университетімен бірлесіп «Қазақстан – мемлекеттіліктің 550-жылдығы» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Аталған іс-шарада орталық мекемелер және жергілікті әкімшілік, академиялық және ғылыми топтар өкілдері, сондай-ақ университет студенттері қатысты.

Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев конференция қатысушыларын Қазақстан тарихы мен мәдениетімен, Орта ғасырдағы бірінші мемлекеттік құрылымдардан бастап, 1465 жылда Қазақ хандығының қалыптасуына дейінгі Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері мен тәуелсіздік үшін ғасырлық күресі жөнінде таныстырды.

Ол сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы, Қазақстанның белгілі халықаралық бастамаларымен және ұлтаралық келісімнің бірегей моделімен таныстырды.

Қазақстандық дипломат мемлекеттіліктің барлық атрибуттары, сондай-ақ саяси және әкімшілік құрылымы, қаржылық реформалар, заңдар, хандар заңдары, ежелгі кезден Түркі-монғол империясына, кейін Алтын Ордаға, содан кейін Қазақ хандығына көшкендігін атап өтіп , Президент Н. Назарбаевтың Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынғандығы жөнінде аудиторияны хабардар етті.

Румынияның Халықаралық қатынастар және экономикалық ынтымақтастық институтының директоры, профессор Антон Караджа, өз кезегінде, қатысушылардың алдында Қазақстан халқын маңызды тарихи күнімен құттықтады және үш ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының экономикалық құрамдас бөлігі мен Орталық Азия өңіріндегі саяси тұрақтылықты сақтауындағы Қазақ хандығының рөлін атап өтті. Абылай хан және Керей мен Жәнібек хандары сияқты танымал тарихи тұлғаларға ерекше назар бөлінді.

Ол «Қазақстан бүгін? өз халқының игілігі үшін демократиялық құндылықтар жүйесін және экономикалық тетіктерін қадаған үлгісі болып табылады: «Бұл ұлы тарихы бар, әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастықты дамытып, өзінің жарқын болашағын тұрғызып жатқан ел болып табылады,» – деп айтты.

Конференция – аяқталған кейін Елші Д. Батырашев Валахия Университетінің ректоры Калин Орошпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі елдің білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тырговиште – Дымбовица уезінің әкімшілік орталығы – Румынияның оңтүстігінде орналасқан қала, Бухаресттен солтүстік-батысында 75 шақырым қашықтықта орналасқан. Бірінші рет 1396 жылы воеводалық орталығы ретінде аталынады. 1430 – 1660 жылдары – Валахияның астанасы.

Ақпарат көзі

 
0
0
283

«Қазақстан» телеарнасы жыр алыбы Жамбыл Жабаев жайлы көп сериалы көркем фильм түсіруде

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы 2016 жылдың ақпан айында «Жамбыл» атты 4 сериялы тарихи драманы көрермендер назарына ұсынбақ.

Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған, қазақ жырының дарабозы, ғасырға жуық ғұмыр кешкен, қазақ мәдениеті, әдебиетіне өлшеусіз мол мұра, сарқылмас қазына қалдырған, қазақ атын әлемге танытып, өнерін өрге сүйреген Жамбылдың өмір жолы мен өнері осы көркем туындыда суреттелмек, - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз-қызметі.

Әдебиет зерттеушілерінің айтуынша, Жамбыл Жабаев көп қырлы ұлы тұлға. Оның ақындығын, суырып салма шешендігін былай қойғанда, жыр алыбы айрықша есте сақтау қабілетіне де ие болған. Миллион жол өлеңді жатқа білген. Сұраншы, Өтеген батыр, Хан мен ақын сынды эпостық жырлар мен Көрұғлы, Қыз Жібек дастандарын түнді таңға асырып айтқан. Ол өз заманында халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтай білді.

Фильмнің режиссері – Әнуар Райбаев («Лавэ», «Жеңіс семсері», «Қазына» және тағы басқа кинотуындылардың режиссері), сценарийін жазған – Бақытжан Шормақов.

Жамбылдың рөлін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, актер, әнші, композитор, драматург – Байғали Есеналиев сомдайды. Картинада сонымен қатар Айгүл Үлкенбаева (Дина Нұрпейісова), Ілияс Тұрманов (Лаврентий Берия), Әйгерім Сәменова (Күләш Бәйсейітова), Жоламан Әміров (Жабай), Ергенбай Әбуев (Сүйінбай), Нұрбек Мұқыш (Кенен Әзірбаев), Боранбай Молдахметов (Мұхтар Әуезов), Қанат Жүнісов (Сәкен Сейфулин), Кентай Ақүрпеков (Темірбек Жүргенов), Бақыт Беделхан (Бауыржан Момышұлы) және тағы да басқа белгілі актерлер ойнайды.

Телесериалдың негізгі көріністері табиғаты әсем Алматы облысының «Үшқоңыр» баурайында, Жамбыл облысы мен Мәскеу қаласында түсірілді.

Көркем туындының режиссері Ануар Райбаев: «Біз түсіріп жатқан «Жамбыл» атты көркем фильм 4 бөлімнен тұрады. Қазақ сөз өнерінің «импровизация» үрдісін жаңа арнаға бұрып, жаңаша мазмұн дарытқан Жамбыл атамыз, қарапайым қара сөздің майын тамызып, талай айтыста жеңіске жеткен, ел алдында беделді еді. Жұдырықтай жүрегіне Жетісу мен Алатауды былай қойғанда, бүкіл әлемді сыйдыра білген, дана ақынның елге қалдырған аталық, даналық сөздерін, ел бүгінде аузынан тастамайды. Жүрген жерінде, «мың өліп-мың тірілген» барша қазаққа батасын бере жүрген Жамбылдың сол батасы бүгінгі күні де жерде қалмай, арманы мен ой өрісі көкке өрлегеніне қазіргі «ұрпақ» біз куә! Біздің мақсат Жамбыл атамыздың «адами» тұлғасы мен қадір-қасиетін басқа қырынан көрсетіп, абыройын көкке өрлету».

 

Ендеше, тарихи драманы келер жылдың ақпан айында, ақынның туған күні қарсаңында «Қазақстан» телеарнасынан тамашалаңыздар!

 
0
0
1829

Тәуекел Мүсілім: «Өмірде барлығына өз күшіммен жеттім»

Махаббатым жүрегімде

Ол қазіргі қазақ телеарнасындағы ең танымал әрі ең әдемі жұлдыздардың бірі. Оған бүкіл қыздар ғашық десе артық болмас. Әзіргі күні Тәуекел «Махаббатым жүрегімде» телехикаясының екінші маусымына түсіп жатыр. Яғни, ендігі жерде ол тек тележүргізуші ғана емес, сонымен бірге актерлік қырынан танылған талант. Жақында Тәуекел Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысып көрермендер тарапынан түскен бірқатар сауалдарға жауап берген екен. Шыны керек, журналистер алдында сұхбат беруден қашқақтайтын жұлдыздар көп. Алайда Тәуекелдің жөні бөлек. Біздің басылымның бірқатар сұрақтарына жауап берген ол, өзінің алдағы жоба-жоспарларымен бөлісе отырды.

Ал Тәуекел, тәуекел деп сұрағымызды қоялық. Шығармашылығыңда қандай жаңалықтар бар?

– Қазіргі күні үш саланы қатар қамтып жүрген жайым бар. Тележүргізуші, әнші әрі әртіс ретінде бағымды сынаудамын. Әрине, спортты да назардан қалыс қалдырып жүргенім жоқ. Телеарна туралы айтар болсам жүргізетін бағдарламаларым бар. Бұдан сырт «Махаббатым жүрегімде» телехикаясының екінші маусымында басты рөлді сомдадым.

Иә, бұл сериал шынымен де елге танымал картинаға айналды. Алайда бұдан басқа тағы қандай кинотуындыларға түсуге ұсыныс түсіп жатыр?

–Әрине, ұсыныс бар. Бірақ, алдымен мұның бәрі қалай басталғанын айтып берген дұрыс шығар. Шыны керек, бала кезде актер болуды армандадым, елге танымал болғым келді деп айтсам өтірік айтқаным. «Есейсем көп ақша тауып, бизнесмен боламын» деп армандайтынмын (күліп). Жоқ, рас. Жалпы бала кездегі армандарымыз жиі өзгеріп тұрушы еді ғой. Мысалға, 7-ші сыныпқа дейін мен футболшы болуды армандадым. Неге? Өйткені қыс демей, күз демей, тіпті жаңбыр жауып, қар қапалақтап жатса да мен үйде отырмайтынмын. Күні бойы доп қуатын едік. Доп десе ішкен асын жерге қоятын баланың бірі мен едім. Осылайша қызығып футболға қатысқан кездерім де көп болды.

Әлі есімде. 9 сыныптан 10-шы сыныпқа көшкен кезде әке-шешем үйге компьютер сатып алып берді. Содан бері мені мен доптың арасы алшақтап кетті (күліп). Далаға шығуды қойдық. Күні бойы компьютерге тесіліп отыратынды шығардым. Осылайша футболға нүкте қойғанбыз. Керісінше, компьютер ойынының маманына айналып кеттік. Осы ойын бар, сабақ бар барлығын қатар алып мектепті де бітірдік.

Тауекел мус

Отбасында қанша баласыздар?

– Үйде екі баламыз. Менен екі жас үлкен әпкем бар. Әпкем жоғары оқу орнына түскенде анам тапқан табысын оның оқуына жұмсайтын. Ал мен оқу бітірген жылы ол маған былай деп айтты: «Балам, міне мектепті де бітірдің. Кім болғың келетініңді білмейміз. Ол жағын өзің шешерсің. Бірақ, сен ер адамсың. Әпкеңді өзіміз оқытамыз. Ал сен оқуға өз күшіңмен түсуге тырыс» деді. Тиісінше, түспесең «әскерге кетесің» дегенді меңзегені ғой. Былайша айтқанда, анамның әпкеме қоса менің оқу ақымды көтере алмасы анық еді. Мен болсам: «Жарайды, мама бәрін түсінемін. Оқуға өз күшіммен түсуге тырысамын. Сізге уәде беремін» дедім. Осылайша физика пәнін таңдап, осы пәнге барынша дайындалып оқып, осы саланың мамандығын таңдауға дайындала бастадым. Себебі, мектеп кезінен бері есеп-қисапқа жүйрік едім. Құдай қолдап, ҰБТ-да жақсы балл алдым. Қателеспесем, 82 балл. Ол кездегі баллдың шекті деңгейі 120 болатын. Нәтиже шынымен де жаман емес еді.

Оқуға түсерде барлығы төрт мамандықты белгіледім. Олардың ішінде радиотехника, мұнай саласының маманы сияқты кәсіптер бар. Бір қызығы, өңкей мықты мамандықтарды таңдаған екенмін. Өзімше түсем деген ойым ғой. Үшінші қандай мамандықты таңдағаным есімде жоқ, әйтеуір төртіншісі көлік құрастыру деп тұр екен. Шыны керек, нені құрастыратынымды түсінгем жоқ. Бәлкім, машина шығарып қалатын шығармын деген ой да болды. Айналып келгенде дәл осы мамандыққа түстім. Тек түскеннен кейін ғана ешқандай көлік құрастырмайтынымды білдім.

Сонда бұл нендей кәсіп екен?

– Менің оқуым компьютерлік бағдарламалар құрастыру ісі болды.

Барлық студенттер сияқты жатақханада тұрған боларсың?

– Жоқ, Алматыда тұрғаннан кейін үйден келіп, үйден қатынап жүрдім. Осылайша аталған мамандықты 4 жыл дегенде тәмамдап, қолыма диплом алып шықтым. Өз мамандығым бойынша шамамен 2 жылға жуық жұмыс істеп те үлгердім.

Алғашқы айлығың қанша теңгені құрады, есіңде ме?

– Ұмытпасам, 70 мың теңге айлық алдым-ау осы...Бір қызығы бітіргенім басқа мамандық болғанмен, жұмысқа телекоммуникацияға орналастым. Оператор деген мамандық бар. Күні-түні антенналарды күзетіп отырасың. Олар мүлтіксіз жұмыс істеп тұруы керек.

3
0
1803

В ходе инвестфорума «Ертіс Инвест-2015» в Павлодарской области подписаны документы на 509,8 млрд тенге

В рамках Международного инвестиционного форума «Ертіс Инвест-2015» подписаны ряд документов на сумму 509,8 млрд тенге, в виде меморандумов, соглашений и контрактов, создающих основу для создания новых производств и новых рабочих мест в Павлодарской области, сообщает акимат.

Среди подписанных документов стоит отметить Меморандум между акиматом Павлодарской области и АО «Алюминий Казахстана» о сотрудничестве в целях реализации инвестиционных проектов по расширению электролизного производства с литейным отделением для производства алюминиевых сплавов и реконструкции энергоблоков.

Реализация данных инвестиционных проектов позволит увеличить производство первичного алюминия на 140 тыс тонн в год, а также провести реконструкцию энергоблоков в г. Аксу.

Также был заключен Меморандум о сотрудничестве в реализации проекта «Завод по производству W-образных упругих клемм, входящих в состав рельсовых скреплений», между швейцарской компанией «RELART SA» и ТОО «Railcast Systems». Документ направлен на дальнейшее развитие кластера железнодорожного машиностроения Павлодарской области.

Меморандум между акиматом Павлодарской области и российской инвестиционной компанией ООО «КазЭкспо» предполагает взаимовыгодное сотрудничество в целях развития зернового кластера на территории Павлодарской области. Данный меморандум предполагает реконструкцию Валихановского и Иртышского элеваторов, освоение дополнительных площадей для производства зерновых, масличных, кормовых культур, реализацию проекта по строительству комбикормового завода

Стоит отметить также Меморандум между французской компанией «LACTALIS» и ТОО «Кирова» о сотрудничестве в целях развития молочного кластера на территории Павлодарской области. Данный меморандум предполагает строительство и реконструкцию молочно-товарной фермы на 1000 голов в ТОО «Кирова».

Контракт между ТОО «Speсtrum Invest» и ТОО «КХ «Данекер» о сотрудничестве позволит повысить развитие растениеводства в Павлодарской области. Данный контракт предполагает расширение орошаемых площадей до 1 200 гектаров и строительство овощехранилища в с. Бескарагай Лебяжинского района.

Источник: strategy2050.kz

0
0
298

«Жемқорлық туралы не білеміз?» сыныптан тыс іс-шарасы

2015 жылғы 7 қазан күні оқушыларға құқықтық тәрбие беру мақсатында Орал қаласындағы №29 негізгі жалпы білім беретін мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жемқорлық туралы не білеміз?» тақырыбында сыныптан тыс сабақ «дөңгелек үстел» түрінде өтті.

Сабақ барысында оқушыларға білім алудың маңыздылығы және адамдардың жаман қылықтарының зияндылығы мәселелерітүсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Сонымен қатар, Департаменттің консультанты Б.Хайруллин «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары» бойынша ақпараттандырды.

 

0
0
1303

07.10.2015 жылға сәйкес жария ету баспасөз-релизі

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 531,9 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 54 994 өтініш түсті.

 

- сомасы 394,4 млрд. теңгеге 45 923 тұрғын үй объекті;

- сомасы 132,1 млрд. теңгеге 23 573 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 95,1 млрд.теңгеге 5 656 коммерциялық объект;

- сомасы 1,3 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 19 қатысу үлесі;

- сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 270,2 млрд. теңгеге 39 155 объект жария етілді.

 

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 658,1 млн тенге құрайтын 25 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш келіп түсті.

- сомасы 650,7 млн. тг құрайтын 20 тұрғын үй объекті;

- сомасы 3,7 млн. тг құрайтын   2 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын 1 коммерциялық обьекті.

- сомасы  3,0 млн. тг құрайтын, 2 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;

- 670 тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 655,0 млн. теңгеге 22 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

 

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 06.10.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 78,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге   167   жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,5 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 41,7 млрд. теңге.

4. 07.10.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,0 млрд.теңге түсті.

0
0
271