Менің блогым*)
Сәлеметсіздер ме? Есімім Емберген Фариза 1997 жылы шырайлы Шымкент қаласында туылғанмын. Жаны жаңалыққа құмар, бір орында тұра алмайтын, қозғалысты жаны сүйетін, оптимистпін. Бұл блокты бастаған себебім: бала күнгі арманым, журналист болуға деген ынтам. Тағдыр жолы мені бастауыш сынып мұғалімі мамандығына алып келгенімен, мен жүрегім қалаған мамандықты ұмыт қалдыра алмадым. Яғни, мен қолымнан келгенше мақалалар жазып отырамын. Негізгі жазатын мақалаларым студенттік өмір ондағы қызықты және қиын күндер, өзім кездестіретін белестер мен оларды бағындыру жолдары деген сынды тақырыптар болмақ.
Бүгін жай кіріспе ретінде айтқым келгені, мен Оңтүстіктен 《Қазақстан 2050-жастар индустрияға》немесе 《Серпін - 2050》 бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстанға оқу мүмкіндігін алған студенттің бірімін. Жаңа жер көріп, бір менталитеттен екінші өзге менталитетке келген мен үшін өз ойыммен бөлісу өте маңызды. Жалпы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бұл болктың маған берер мүмкіндігі көп және мен оны дұрыс мақсатта қолданғым келеді.
Алғашқы жазып отырған мақалам болған соң, əр адамның пікірі мен үшін маңызды. Өз сындарыңызды және пікірлеріңізді қалдыруларыңызды сұраймын.
