Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақстан» телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі

«Қазақстан» телеарнасы осы түрлі ұлт өкілдерінің асханасына бағдарлама арнау арқылы, ұлттар достастығын арттыруды көздейді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бізде жүзден астам ұлт өкілдері мекен етеді. Ал сол ұлттардың асханасы - олардың мәдениетінің ажырамас бөлігі екені анық. Шығармашылық топ бағдарлама барысында әртүрлі диаспора өкілдерінің асханасымен таныстырып қана қоймай, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрінің ерекше қызықты тұстарын көрермендерге жеткізеді. Бағдарламаның негізі ретінде екі аспаздың тамақ дайындау сайысы алынады. Оның бірі кәсіпқой, ал екіншісі әуесқой аспаз. Мысалы, осы хабар корей асханасына арналса, әуесқой аспаз корей ұлтының өкілі болады да, екінші сайыскер кәсіби аспаз болады. Арнайы бір мейрамханаға сарапшы мамандар шақырылып жасалған тағамның үздігі анықталатын…

0
0
790

Бүгін бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға үш қазақстандық спортшы шығады

Бүгін Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үш боксшысы шаршы алаңға шығады.

Астана уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессия аясында 56 келі салмақ дәрежесінде Қайрат Ералиев өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевпен сынға түседі. Осыдан кейін, 22:00-де басталатын кешкі сессия барысында шаршы алаңға тағы екі қазақстандық боксшы шығады.

75 келі салмақта бақ сынайтын Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Мисаэль Родригес Оливаспен, ал 91 келіде Василий Левит бразилиялық Хуан Гонкальвес Ногейрамен кездеседі.

Айта кетейік, күдізгі және кешкі сессияның барлық жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы 17:00 мен 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
672

Наубек есімді роботтың өнерін «Таңшолпаннан» көріңіз

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Назарбаев университетінің студенттері Ернар Аймамбетов пен Жеңіс Отарбай қонақ болды. Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Назарбаев университетінің студенттері Ернар Аймамбетов пен Жеңіс Отарбай қонақ болып, Наубек атты роботпен таныстырды. «Бұл робот Францияда «Aldebaran» компаниясында құрастырылған. Біз тек мұның бағдарламасын, анимациясын жасадық. Бойына қазақтың қанын жүгірттік десек те болады. Наубек билейді, өлең оқиды және «күй тартады», - дейді Назарбаев университетінің 1-курс студенті Жеңіс Отарбай. Роботтың Қазақстанға келгеніне екі ай болған. Ал, дүниежүзінде 2011 жылдан бастап қолданылған. Студенттер мұндай роботты көбінде әлеуметке пайда әкелу мақсатында жасалатынын айтады. «Бүгінде тек ойын-сауықтық мақсатында қолданылуда. Негізі, курстың аясы…

0
0
335

Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?

«Technation» байқауында бұл құрылғы 7 үздік жобаның қатарына қосылды. Қазақстандық жас өнертапқыштар жасаған GPS трекердің көмегімен баланы онлайн режимде бақылауда ұстауға болады. Бұл құрылғы - «Мангуст» отбасылық қауіпсіз жүйесі деп аталады. «Бұл кішкентай құрылғының көмегімен балаңыздың қай жерде екенін анықтай аласыз. Ол өте берік әрі судың астында да жұмыс істейді. Бұл жоба ғылыми-зерттеу кезеңдерінен өтті. Әлемнің кез келген нүктесінен сигналды қабылдайды. Ұялы телефонның қосымшасынан мәліметтерді ала аласыз», - дейді өнертапқыш Евгений Щербатов. «Technation» байқауында бұл құрылғы 7 үздік жобаның қатарына қосылды. Басқа жобалардан ерекшелігі – спутниктік жүйеден тәуелсіз жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылғының қуаты 20 күнге дейін жетеді. «Мангуст» жобасы туралы толығырақ «Таңшолпанна…

0
0
299

Ақан Оңғарұлы: Павлодар өлкесінде хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Ақан Оңғарұлы қонақ болды. Павлодарда хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды. Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақ болған тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Ақан Оңғарұлы айтты. «Биыл Сарайшық, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Түркістан сынды қалаларда зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс табысты болды. Соңғы жетістік – Павлодар өлкесінде хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды», - деді Ақан Оңғарұлы. Сондай-ақ, ол бүгінде зерттелу керек жұмыстарға тоқталды. «Зерттеуді қажет ететін жұмыстардың бірі – көне түркілік дәуір бойынша қағандық ескерткіштер. Бұл кешендер Моңғолия жерінде орналасқан. Зерттеу жұмыстарын сол жақтан бастау керек деп есептейміз. Үш апта бұрын Моңғолияның Бұлғын деген аймағына барып қайтты…

0
0
501

Әлем чемпионатына Жасұлан Қыдырбаевтың дайындығы қандай?

Қазақстандық ауыр атлетшінің дайындығын «Таңшолпанның» тілшісі көріп қайтты.

20-28 қараша  аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтеді. Жарыста 94  келі салмақта ел намысын Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев қорғайды.

Қазақстандық ауыр атлетшінің дайындығын «Таңшолпанның» тілшісі көріп қайтты.

«Қазір жеңіл жаттығу жасаймыз. Жарыс жақындаған сайын жеңіл салмақты көтеріп, дайындық үстіндеміз. Тәртіп бойынша, күніне екі жаттығу. Ол – таңғы және кешкі жаттығулар», - деді Жасұлан Қыдырбаев.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
231

Ұлыбритания ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің кеше, 14 қыркүйекте Ұлыбританияның Сауда және инвестиция министрі, Ұлыбритания Парламенті қауымының мүшесі Фрэнсис Модамен екіжақты кездесуі барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Ұлыбританияның қатысатындығы белгілі болды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, британиялық серіктестер ЭКСПО құрылыс нысандарына барған. Лорд Морд салынып жатқан құрылыстарды өз көзімен көріп қайтты. «Бүгін құрылыс алаңына барып, ондағы жұмыс қарқынының шын мәнінде ауқымдылығын аңғардық. Сондай-ақ болашақ павильонымыздың да орналасу орнын көрдік. Мен Біріккен Корольдіктің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растаймын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбае…

1
0
495

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне алдағы үш жылда 306 млрд. теңге бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізуге алдағы үш жылда 306 млрд. теңге бөлінеді. Бүгін Мәжілісте «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді. «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің құрылысын салу мен жүргізуге 2016 жылы 173,5 млрд теңге, 2017 жылға 98 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, 2016 жылы Астана қаласы бойынша көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға, денсаулық сақтау және білім беру салаларында құрылыс нысандарын салуға, ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруға 81 млрд теңге қарастырылады», – деді Бақыт Сұлтанов. Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы шығыстар 2018 жылға да қарастырылып, оған бюдже…

1
0
298

«Тұлғалық өсу» тақырыбындағы тренинг

Қыркүйектің 5 жұлдызында Петропавл қ. "Жас Отан" ЖҚ белсенді мүшелеріне арналған тренинг өткізілді. Тренинг "Тұлғалық өсу" тақырыбында өтті. Оның барысында жиналған жастар 5 топқа, яғни 5 "мемлекетке" бөлінді. Олар: білім, мәдениет, денсаулық сақтау жүйесі, спорт және экономика. Әр мемлекет, ең алдымен, өз көшбасышларын тағайындады. Содан соң әр топқа ойланып, дайындалуға жеткілікті уақыт берілді. Уақыт тәмамдалған соң, әр топтың көшбасшысы ортаға шығып, өзге топтарға өз "мемлекетін" таныстырып, оның бүгінгі таңдағы өзектілігі мен маңыздлығын айқындады. Сонымен қатар, топ мүшелірінің ұсынған жаңа идеяларын ортаға салды. Бұл идеялар болашақта бұл саланы әрмен қарай дамыта түсуге өз септігін тигізеді. "Мемлекеттер" бір-біріне сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Бұндай тренингтер жастардың тұлғ…

0
0
1618

Театрдағы бір күн

Сәні мен салтанаты келіскен «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының мен мұндалап тұрған әсем ғимаратына тамсанбайтын адам жоқ шығар, сірә. Миландағы «Ла Скала», Мадридтағы Корольдік опера, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера сынды атақты театрлардың қатарынан орын алған мәдениет ордасының Астананың төрінде бой көтеруі – кез-келген қазақтың көңіліне мақтаныш ұялатары сөзсіз. Біз опера және балет театрының бір күндік тынысымен жақынырақ танысып, ондағы сахнадан тыс өмірдің бояуына қанығу мақсатында театр табалдырығын аттадық.


0
0
539