Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына 50 метрлік барельефті сыйға тартты

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының қарсаңында Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына ерекше сый жасады. Атап айтқанда 50 метрлік алып барельеф пен қазақтың атақты жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін реңі жарасқан туындылар қаланың көркін келтіруде, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Жамбыл облысының тұрғындарына тарту етілген ерекше сыйдың алғашқысы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстары болды. Мүсіннің құрылысын Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Қазыбек Жарылғаповтың басшылығымен Қазақстан Республикасы сәулетшілер және қалақұрылыс одағының мүшелерінен құрылған топ жүргізді. Нысанның құрылыс жұмыстарына 23,6 млн. теңге қаражат жұмсалды.

Сондай-ақ Жетісулықтар Тараз қаласындағы Шахристан базары аркасының екі жағына биіктігі 2 метр, ұзындығы 50 метрлік барельеф қабырғасын орнатып берді.

Барельеф қабырғасы төрт негізгі тақырыптан құралған. Атап айтқанда:Бірінші бөлігінде қазақ тарихының бастауы ретінде «Алтын адам» бейнесі,Екінші бөлігінде қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауын әспеттейтін, қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандардың бейнесі,Үшінші бөлігінде еліміздің бас қаласы – Астана мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі,Төртінші бөлігінде Жамбыл Жабаев пен оның «Ленинградтық өренім» атты өлеңі бейнеленген.

Нысанның құрылысын С.Абдировтың басшылығымен «Вибро-Тас» ЖШС жүргізді. Жұмсалған қаражат құны 50 млн. теңге.

Барлық жұмыстар демеушілердің қаражатына орындалды.

Бұл игі істің барлығын қалаға жасалған сый құрметтің нышаны деп қабылдауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аталып өтілуіне байланысты Алматы облысының Сүйінбай атындағы филармониясының ең үздік жезтаңдай әншілері мен шығармашылық ұжымдары, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының актерлері, бейнелеу өнері мен қолданбалы өнер шеберлері, түрлі аспата ойнайтын музыкантшылар, Алматы облысының қоғам қайраткерлері мен тілшілері Тараза қаласындағы шараларға үлкен ынтызарлықпен ат салысуда. Басты мақсат облыс тұрғындары мен қонақтарына өшкенді жандырып, ұмыт қалғанды тірілтіп, тарихымыз бентүптамырымызды жаңғыртып-ұлықтар мерекелік көңіл-күй мен есте қалар әсер сыйлау.

Ақпарат көзі

 
0
0
406

«Қазақстан аруы-2015» байқауының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленеді

«Қазақстан аруы» конкурсының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында арулар байқауының fashion-продюсері Сәкен Жақсыбаев мәлім етті. Продюсердің сөзіне қарағанда, ұйымдастырушылар осылайша ағымдағы жылы өтетін конкурстың жүлде қорын арттырып отыр.

«Шындығында, бес миллион теңге - бұл айтарлықтай қомақты қаражат, оған өз бизнесіңді де ашуға болады, жеңімпаз үшін мансабын жалғастыруға немесе өзінің білімін еліміздегі, әлемдегі жетекші университеттерде жалғастыруға да мүмкіндік болады. Осының өзі ынталандырудың ерекшелігі болса керек», - дейді С.Жақсыбаев.

Айта кетерлігі, ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, конкурсқа қатысу барша қазақстандық нәзікжанды арулар үшін тегін болады. Ең бастысы олар Қазақстан азаматшасы болуы шарт.

«Барлық шығындар конкурс дирекциясының бюджетіне енгізілген. Біз бұны қыздарымыздың барлығына теңдей жағдай жасау үшін ойластырып отырмыз», - дейді ол.

Еске сала кетейік, «Қазақстан аруы-2015» 19-шы жыл сайынғы ұлттық конкурсы Астана қаласында 10 желтоқсанда өтеді. Жеңімпаз ару СМС хабарлама арқылы халықты да қатыстыру жолымен айқындалмақ.

ҚазАқпарат

http://www.inform.kz/kaz/article/2826645

0
0
404

Вьетнамдық туристер ЭКСПО-2017 көрмесіне келуге және қазақстандық туризм нарығының әлеуетін зерттеуге қызығушылық білдіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2015 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі Хошимин қаласында өткен Халықаралық туризм көрмесінің жұмысына қатысып, оның шеңберінде Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) Мәдениет, спорт және туризм министрі Хоанг Туан Аньмен кездесу өтті. Кездесу барысында Вьетнамның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мәселесі тағы да қозғалды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Министрдің мәлімдеуінше, Вьетнам Астанада өтетін көрмеге қатысуы туралы жазба түрдегі келісімін жақын арада жолдайды және келесі айда ЭКСПО-2017 көрмесінде Вьетнамның ұлттық павильонына жауапты Комиссар тағайындайды. Оған қоса сұхбаттас ВСР Үкіметі Қазақстан азаматтарына Ресей және Беларусь азаматтарындай мерзім ұзақтығы 15 күнге дейін бір жақты түрде визасыз режім енгізу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

Бұдан бұрын 2015 жылғы маусым айының соңында ЭКСПО-2017 Комиссары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың Вьетнамға сапары барысында вьетнамдық тарап көрмеге қатысатынын үкіметтік деңгейде растаған болатын. Оған қоса Saigontourist атты ірі туристтік компания «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған, ал оның шарттары вьетнамдық туристердің ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне баруларына ерекше жағдай жасауын көздейді.

Сонымен қатар, Вьетнам Туризм ассоциациясының Президенті Нгуен Хуу Тхомен кездесу барысында елдеріміз арасындағы туристік бизнесті дамыту және Қазақстанның Вьетнамдағы туристеріне жайлы жағдай жасау жөніндегі мәселелер талқыланды. Вьетнамның Туризм ассоциациясы Қазақстанның туристтік қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас орнатуға үлкен қызығушылық танытып, ынтымақтастық туралы тиісті құжатқа қол қоюға дайын екендігін білдірді.

Аталған туристік көрме шеңберінде Қазақстанның Елшілігі Вьетнамның Туризм жөніндегі ұлттық әкімшілігімен бірлесіп Saigontourist, Vietravel, Focus Travel, Indоchina Heritage, VietJetAir атты және тағы басқа вьетнамдық ірі туроператорлар мен әуекомпаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу қатысушылары Қазақстан туристік нарығының негізгі даму бағыттарымен таныстырылды. Сұхбат барысында вьетнамдық туристерді ЭКСПО-2017 көрмеге тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Вьетнамдық туркомпаниялар қазақстандық туризм нарығының әлеуетін зерттеуге зор қызығушылық танытып, вьетнамдық азаматтар үшін жаңа туристтік бағыт ретінде қарастырады. Соңғы жылдары 90 миллоннан астам халқымен Вьетнам кіру және шығу туризмды дамыту бойынша жақсы нәтижелерін көрсетіп келеді.

Осы тұрғыда елдеріміз арасындағы туризмді одан әрі дамытуында 2015 жылғы мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қоыйлуы маңызды рөл атқаратыны анық. Оған қоса Алматы мен Хошимин қалалары арасындағы «Эйр Астана» ұлттық әуетасымалдаушы атқаратын тікелей әуеқатынастың болуы елдеріміз азаматтарының өзара жол жүруін белсендетуіне қолғабыс етеді.

Дөңгелек үстел барысында вьетнамдық туроператорлар ағымдағы жылдың қазан айының соңында өтетін Қазақстан-Вьетнам Үкіметаралық комиссиясы 7-ші отырысының жұмысына қатысу үшін өкілді делегация құрамында Қазақстанға бармақ ниеттерін білдірді. Делегация құрамына ірі туроператорлар мен баспасөз өкілдері, сондай-ақ Вьетнам туристтік нарығының мүмкіншіліктерімен таныстыру өткізу үшін мәдениет қайраткерлері кіреді.

Сонымен қатар, вьетнамдық тарап Қазақстаннан тікелей Вьетнамның курорттық жерлеріне, сондай-ақ вьетнамдықтарды Қазақстанға, одан әрі Орталық Азия елдері, Ресей және Еуропаға тасымалдау үшін туристтердің логистика мәселесін айтарлықтай жеңілдететін чартерлік тасымалдарды ұйымдастыру мәселесін қозғады.

 

http://gbpp.org/kz/2015/10/9486

1
0
411

Францияның ірі кәсіпорындары ЭКСПО-2017 көрмесіне қызығушылық танытуда

kazinform.kz

20150923101816АСТАНА. ҚазАқпарат –  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьенмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Елші француздық ірі кәсіпорындар ынтымақтастыққа әзір екендігін мәлімдеді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«Тамыз аяғында мен 70 ірі компания өкілдерімен кездестім. Олардың барлығы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне мүдделілік танытты.  Astana Invest форумын өткізу барысында   олармен ЭКСПО көрмесінде олар көрсететін әзірлеме мен технологияларды талқылау үшін кездессеңіз жақсы болар еді», – деп ойымен бөлісті кездесу барысында Франсис Этьен.

Ахметжан Есімов 48 ел өздерінің қатысатынын растап, көрмеге деген халықаралық мүдделіліктерін көрсетті деп атап өтті.

«Біз үшін ЭКСПО-ға Францияның қатысуы өте маңызды, олар өз Комиссарларын да тағайындап қойды»,-  деп атап өтті Есімов.

20150923101822

http://gbpp.org/kz/2015/10/9474

1
0
461

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы елордаға келді

Астанаға Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес келді.

Мәртебелі мейман бірінші кезекте «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовпен кездесіп, көрме нысандарының сәулет-құрылыс жұмыстарымен танысты. Дайындық науқанынан хабардар болған Висенте Лоссерталес жоспарлау кезеңі артта қалғанын, енді тек жобалардың бәрін іске асыруға қос қолдап кірісу қажеттігін жеткізді. Ал Ахметжан Есімов компания өз құрылымын өзгертіп, тиімді әрі ашық жұмыс істеуге ұмтылып отырғанын атап өтті.

Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы:

- Менің ойымша, бұған дейінгі істеріміз әр бағытта өрбіді. Бір жағынан құрылыс жұмыстары, екінші жағынан істі ілгерілету дегендей. Ал қазір шараның ең негізгі басты мәселесін айқындауымыз қажет. Бұл ретте барлығын ойластырып, бір жүйені нақтылағанымыз абзал.

Ахметжан Есімов, «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Елбасы сөзсіз үлкен қолдау көрсетіп келеді. Ол Қытайға ресми сапары кезінде де, өткен аптада АҚШ та болғанда да EXPO жайлы үнемі айтып отырды. Мен EXPO-ға келгелі үш рет Президент алдында есеп бердім. Ол құрылыс барысымен тыңғылықты танысып, бақылауына ұстайды.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9479

1
0
447

Алматыда халықаралық «Алматы туры-2015» веложарысы басталды

24.kz

8f33db2dc28f8a12a7ee6561bbcb9d0c_L

«Нұрлы тау» бизнес орталығының алдына жиналған командалар таңғы сағат 09:45-те жарыс жолына шықты.

Шараның ашылу рәсіміне қала әкімі Бауыржан Байбек пен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысты. Велошабандоздар 31 шақырымнан тұратын алты айналымды жүріп өтеді. Жарыс жолының жалпы қашықтығы – 186 шақырым.

Айта кетейік, «Astana Pro Team» командасының құрамында «Тур Алматы 2014» жеңімпазы Алексей Луценко, Арман Қамышев, Руслан Тлеубаев, Даниил Фоминых, Андрей Зейц пен Бахтияр Қожатаев және де La Vuelta 2015 велокөпкүндіктің триумфаторы итальяндық Фабио Ару мен оның отандасы Паоло Тиралонго да бар.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9459

 
1
0
306

Б.Байбек: Алматыда әлеуметтік инфрақұрылымдарға тең қолжетілімдік мәселелері сәтті шешілуде

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандар Күні қарсаңында мүгедектер мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өткізді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының жарлығы бойынша бұл күн қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала басшысы Алматыда ерекше күтімді қажет ететін жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетіндігін айтты. Ең бастысы, әлеуметтік қолдау әр адамға жеке көрсетіледі, яғни әлеуметтік қызметкерлер әрбір 43 мың мүгедектің сұраныстарын анықтап, нақтылы көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі мыңнан астам балаға арнайы әлеуметтік қызмет үйде көрсетіледі, 5 мыңнан астам мүгедек медициналық- әлеуметтік мекемелерде және күндізгі орталықтарда болады.

Әкім маңызды шешімдердің бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қаланың барлық көлік түрлерінде қолайлы жағдайдың жасалғандығын атап өтті. Автобустардың тең жартысына қозғалысы қиын адамдарға лайықталып жасалған қондырғылар орнатылған. Оның үстіне бұл көліктер экологиялық жағынан таза.

«Қалада әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарына бару мәселесін қамтамасыз ету де шешіліп келеді. Бұл мәселе әлеуметтік мәні бар нысандарды салу мен қайта жасауда, жолдарды жөндеуде, қоғамдық көлікті пайдалануда басты назарға алынған.Қаладағы инфрақұрылымдар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қол жетімді болуы тиіс, ал тұрғындар арасында жанашырлық, түсіністік рухы қалыптасып, адамдар біріне- бірі қол ұшын бергендері жөн», - деді Бауыржан Байбек.

Әкім мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке сектордың бірігіп қатысуының маңызды екенін қадап тұрып айтты.

«Бүгінгі күні Алматыда шамамен 23 мың мүгедек жұмысқа жарамды деп саналады. Олардың ішінде 6000 адам еңбекпен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» және « Қаланың даму бағдарламасы» жобалары, бос жұмыс орындарының арнайы жәрмеңкелерін өткізу арқылы жүзеге асуда», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Кездесу барысында қала әкімі «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы филиалының төрайымы Нина Жуковскаяға, Түрксіб ауданы «Мүгедектердің еркіті қоғамы» басқармасының төрағасы Кенжебай Құдайбергеновке және «Мен сені сүйемін, өмір» қоғамдық қорының құрылтайшысы Меруерт Сүлейменоваға Құрмет грамоталарын тапсырды.

Кездесу соңында Алматы әкімі ҮЕҰ басшыларына мүмкіндіктері шектеулі жандардың түрлі мәселелерін шешудегі атқарған ерен еңбектеріне, бастамалары мен жобаларына алғысын білдірді.

Ақпарат көзі

 
0
0
328

А. Дауылбаев пен Т.Элвуд Қазақстан мен Ұлыбритания келісімі аясындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Тобайас Элвудпен және Ұлыбританияның Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің Орталық Азиядағы байланыс офицері және аймақтық үйлестірушісі Фредерик Хеллонмен кездесті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екендігіне тоқталып, бұрын қол қойылған келісімдердің шеңберіндегі бұдан былайғы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Сұхбаттасушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жалпы стратегиялық мәселелерге қатысты мәселелер жөнінде ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Соның ішінде, ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа, терроризм мен экстремизмге, есірткі саудасына қарсы күрес саласында, сондай-ақ қоғамға қауіп-қатер төндіретін жоғары технологиялармен және басқа да қылмыстармен күрес турасында пікір алмасты. Экономикалық қылмыстарды, ақшаның ізін жасыруды, қылмыстық жолмен табылған кірістерді және активтерді қайтаруды анықтау мен тергеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, шарттық-құқықтық базаның кеңейтуіне, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге, екіжақты шарттарда қарастырылған идеяларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастықтың нысандарын белсенді түрде дамытып отыру ұсынылды, , сондай-ақ қоғамға қауіп-қатер төндіретін жоғары технологиялармен және басқа да қылмыстармен күрес турасында пікір алмасты.

Ақпарат, тәжірибе және мамандар алмасу аясындағы құқықтық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы аталып өтілді. Бұл тұрғыда Бас Прокурор ұйымдасқан қылмыспен, есірткінің заңсыз айналымымен, терроризммен және экстремизммен күрес саласындағы британиялық тәжірибені игеруге қызығушылық танытты.

А. Дауылбаев қонақтарға қазақстандық прокуратураның қадағалау және құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары жайында, сондай-ақ Бас прокуратураның жанынан ашылған Құқық қорғау органдары академиясының жұмыс жоспары туралы әңгімелеп берді.

Т. Элвуд жылыжүзді кездесу үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дами беретіндігіне және оның мәні толыға түсетіндігіне сенім білдірді.

Ақпарат көзі

 
0
0
509

ҚР ҚК Құрлық әскерлері экспресс-тест арқылы үздік жауынгерлерді анықтайды

2015 жылғы қазанның 12-і мен 17-і аралығында «Отар» 40-шы әскери базасының «Мәтібұлақ» полигонында дәстүрге айналған ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығының жай-күйін айқындайтын жыл сайынғы экспресс-тест өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің талаптарына сәйкес бүгін Құрлық әскерлеріндегі жауынгерлік даярлық бойынша негізгі күш-жігер барлық мамандықтағы жауынгерлердің кәсібилігін арттыруға бағытталған. Алдағы сайыс іс жүзінде бірлестіктердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің өткен жыл бойынша қайсысы үздік нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетуі тиіс.  Сынаққа әртүрлі мамандықтағы 400-ден аса әскери қызметші қатысады.

Олар: мотоатқыштар, танкішілер, десантшылар, теңіз жаяу әскерлері, артиллерияшылар, гранатаатқыштар, байланысшылар, инженерлер, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің жауынгерлері.  Яғни, Құрлық әскерлерінің бүгінгі қуатын құрайтын және олардың іс-қимылынан тікелей ұрыстағы сәттілік байланысты болатын барлық күштер ұсынылды. Жарысқа қатысу үшін минаатқыш батареялары, мотоатқыш, танкті және десанттық-шабуылдау взводтары, ӘШҚҚ батареялары, байланысшылар мен инженерлердің бөлімшелері барлық өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінен жиналып, бас қосады. Әрбір жауынгердің алдында өзінің анағұрлым жақсы қасиеттерін көрсету және өзінің взводы, бригадасы, өңірлік қолбасшылығының жеңісіне үлесін қосу тапсырмасы күтіп тұр.

Сынаманы өткізу туралы ережеге сәйкес әр жаттығуға ұпай есептелінеді, сол арқылы жалпы саны шығарылады. Есептеу нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталады. Құрлық әскерлерінің жауынгерлеріне 6 күн ішінде штаттық ЖӘЖМ және танк қару-жарағының барлық түрлерінен оқ атуда өздерінің қабілеттіліктерін, ал взвод командирлеріне жауынгерлікке және жылдам өзгеретін жағдайға барынша жақындатылған жағдайларда бөлімшенің атысын басқарудағы дағдыларын көрсетуге тура келеді.

Инженерлер ұрыс пен минасыздандыруды жүргізу үшін бекіністерді жабдықтауда шеберліктерін көрсетуі, байланысшылар далалық жағдайларда бөлімшелер арасындағы байланысты орнатуы, ал минаатқыш батареялары мен гранатаатқыштар атыстың бораған оғымен белгіленген объектілерді жермен жексен етуі тиіс. Айта кетейік, Құрлық әскерлеріндегі мұндай іс жүзіндегі оқу-жауынгерлік іс-әрекет бекерден-бекер қолданылмайды. Осының арқасында жылдан жылға барлық мамандықтағы жауынгерлердің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу машығы жетілдіріледі. Бұл экспресс-тест барысында көрнекті түрде көрсетілетін болады.

Ақпарат көзі

 
0
0
524