Мазмұнға өту

Жаңа

Мағжан Жұмабаев ауданында жемқорлыққа қарсы сабақтар өткізіле бастады

Ағымдағы жылғы 6 қазанда Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан, № 3 Булаево орта мектебінің 9 сынып оқушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу жөнінде сынып сағаты өтті.Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен әзірленген сабақты өткізудің типтік жоспары аясында, Людмила Эссе оқушыларына «жемқорлық» түсінігін танып-білу және олар болашақта жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін түрлі ойындар мен пікір алмасу өткізді. Сабақтың өткізілу барысына қатысқан, аудандық жастар бастамалары орталығының директоры Анар Қусанова өз кезегінде, жемқорлыққа төзбейтін қазақстандық жастардың қалыптасуы мектеп қабырғасынан басталатындығын жеткізді.Шара соңында, оқушылар үйлеріне пайдалы әсермен қайту үшін тақырыпты…

0
0
1390

Менің блогым*)

Сәлеметсіздер ме? Есімім Емберген Фариза 1997 жылы шырайлы Шымкент қаласында туылғанмын. Жаны жаңалыққа құмар, бір орында тұра алмайтын, қозғалысты жаны сүйетін, оптимистпін. Бұл блокты бастаған себебім: бала күнгі арманым, журналист болуға деген ынтам. Тағдыр жолы мені бастауыш сынып мұғалімі мамандығына алып келгенімен, мен жүрегім қалаған мамандықты ұмыт қалдыра алмадым. Яғни, мен қолымнан келгенше мақалалар жазып отырамын. Негізгі жазатын мақалаларым студенттік өмір ондағы қызықты және қиын күндер, өзім кездестіретін белестер мен оларды бағындыру жолдары деген сынды тақырыптар болмақ. Бүгін жай кіріспе ретінде айтқым келгені, мен Оңтүстіктен 《Қазақстан 2050-жастар индустрияға》немесе 《Серпін - 2050》 бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстанға оқу мүмкіндігін алған студенттің бірімін. Жаңа ж…

2
2
862

Бейбітшілік және келісім күні

Рухани келісім күні – татуласу күні, барлық этностар мен конфессия өкілдерінің, әртүрлі саяси және діни сенімдер жақтаушыларының өзара түсіністігі, сонымен қатар рақымшылық және жақынына көмек көрсету күні. Бұл дәстүр Алматы қаласында 1992 жылы өткен Әлемдік Рухани Келісім Конгрессінің алғашқы сессиясымен басталды. Конгрестің ашылу күні, яғни 18 қазан – Әлемдік Рухани Келісім, араздастық пен қақтығыстарға мораторий, татуласу жолдарын іздеу, адамдар арасында келісім орнату, мейірімділік күні деп аталды. Облысымызда Рухани келісім күнін өткізуді келісу бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің және діни бірлестіктер клубының отырыстары оздырылды, онда ол күнді өткізу бойынша сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды, ал дін істері басқарма…

0
0
1873

Қызылордада «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасының 3 күнінде 20-ға жуық құқық бұзушылық пен 5 қылмыстық іс-әркет анықталды

Браконьерлікті, биологиялық ресурс объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында 2015 жылдың 5-25 қазан аралығында облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың барлығы 14 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде заңсыз балық аулау дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) - 4, заңсыз аңшылық дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) - 2, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы) – 2, азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы) – 1 құқық бұзушылық анықталды. Соным…

0
0
504

Алаяқтыққа тосқауыл қою саласындағы жұмыс туралы

Бас прокуратура алаяқтықпен байланысты қылмыстардың жай-күйіне талдау жасады.

А.ж. 9 айында республика бойынша алаяқтық фактілері бойынша қылмыстардың  өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға өскені (28372-ден 31595-ке дейін) тіркелді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/alayaktykka-toskauyl-koyu-salasyndagy-zhumys-turaly

0
0
421

ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары екі оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады. Бұл Заң Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 5 мамырындағы кеңейтілген отырысында айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленді. Аталған Заңның аясында төмендегі мәселелер қарастырылады: 1. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік к…

0
0
225

Қазақстанда медқызметкерлердің санаттарын беру мен сертификаттау бойынша жаңа заң нормалары күшіне енеді

2015 жылдың 9 қазанынан бастап денсаулық сақтау саласы мамандарын сертификациялау мен біліктілік санатын беру процедураларын реттеу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жаңа нормалары күшіне енеді. Жоғарыда аталған нормаларға сәйкес, медқызметкерлердің білімі мен машықтарын аккредителген ұйым бағалайтын болады. 2015 жылдың 16 қыркүйегінде ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығын ( әрі қарай - ДСДРО) денсаулық сақтау саласының мамандары біліктілігінің сәйкестігі мен кәсіби дайындығын бағалау құқығын беру үшін аккредиттеді. ДСДРО-ға аккредитация туралы куәлік 4 жыл мерзімге берілді. ДСДРО сарапшылары медқызметкерлерді бағалау жұмысын барлық облыс орталықтары, Астана және А…

0
0
225

ОҚО-да жыл басынан бері 15,4 млрд теңгенің жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірілді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, Шымкенттегі «Көрме орталығында» «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар» - MACHTEX 2015 І Қазақстандық Халықаралық көрмесі мен Форумы өтуде, деп хабарлады ОҚО-ның әкімдігі. Халықаралық көрмеде қазақстандық тауарөндірушілерден бөлек, Корея, Польша, Ресей, Украина және Түркияның кәсіпорындары отандық жеңіл өнеркәсіптің қажеттілігіне арналған жабдықтар мен өнімдерін, сондай-ақ қызметтерін ұсынса, форумда елдегі жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтіру жолдары мен оны дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқылануда. Шараға ҚР жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағының төрайымы Сәуле Шәуенова, ҚР «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Евгений Больгерт, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Бектұргенов пен жергі…

0
0
338

Павлодар облысы мен Италияның тауар айналымы 2014 жылы 37,1 млн теңгені құрады-әкімдік

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Италияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньянмен кездесу өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі. «Біз Еуропаның көшбасшы елдерімен ынтымақтастықты дамыту және нығайту ісін белсенді түрде қолдаймыз. Италия тарапымен өзара ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды талқылауға әзірміз. Инвесторлар облысымыздың интеграциялық әлеуетіне оң баға беріп отыр. Соңғы үш жылда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі үштен бірге арттты және өткен жылы шамамен 2,0 млрд. долларды құрады, оның ішінде шетелдік инвестициялар - 470,0 млн. доллар немесе инвестицияның жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі»,-деп атап өтті аймақ басшысы. Қанат Бозымбаев сондай-ақ облыста инвесторлар үшін тиімді жағдай жасалғанын атап айтты. Мысалға, қазір…

0
0
196

Қазақстандық дипломаттар Вьетнамның бизнес қоғамдастығының өкілдеріне семинар өткізді

Ханой қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі Вьетнамның Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп Қазақстанмен әлеуетті ынтымақтастықтың түрлі салаларын қамтитын Вьетнамның ірі кәсіпорындар мен компанияларының басшыларына бизнес-семинар өткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Семинар 2015 жылғы 22-23 қазанда Астана қаласында өтетін Қазақстан-вьетнам сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті 7-ші отырысының қарсаңында ұйымдастырылды. Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмаханов іс-шарада сөз сөйлеуі барысында екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуының жағымды динамикасын атап кетті. Семинардың қатысушылары еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай, сондай-ақ инвестици…

0
0
289