Вьетнамдық туристер ЭКСПО-2017 көрмесіне келуге және қазақстандық туризм нарығының әлеуетін зерттеуге қызығушылық білдіруде
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2015 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі Хошимин қаласында өткен Халықаралық туризм көрмесінің жұмысына қатысып, оның шеңберінде Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) Мәдениет, спорт және туризм министрі Хоанг Туан Аньмен кездесу өтті. Кездесу барысында Вьетнамның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мәселесі тағы да қозғалды.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Министрдің мәлімдеуінше, Вьетнам Астанада өтетін көрмеге қатысуы туралы жазба түрдегі келісімін жақын арада жолдайды және келесі айда ЭКСПО-2017 көрмесінде Вьетнамның ұлттық павильонына жауапты Комиссар тағайындайды. Оған қоса сұхбаттас ВСР Үкіметі Қазақстан азаматтарына Ресей және Беларусь азаматтарындай мерзім ұзақтығы 15 күнге дейін бір жақты түрде визасыз режім енгізу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.
Бұдан бұрын 2015 жылғы маусым айының соңында ЭКСПО-2017 Комиссары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың Вьетнамға сапары барысында вьетнамдық тарап көрмеге қатысатынын үкіметтік деңгейде растаған болатын. Оған қоса Saigontourist атты ірі туристтік компания «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған, ал оның шарттары вьетнамдық туристердің ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне баруларына ерекше жағдай жасауын көздейді.
Сонымен қатар, Вьетнам Туризм ассоциациясының Президенті Нгуен Хуу Тхомен кездесу барысында елдеріміз арасындағы туристік бизнесті дамыту және Қазақстанның Вьетнамдағы туристеріне жайлы жағдай жасау жөніндегі мәселелер талқыланды. Вьетнамның Туризм ассоциациясы Қазақстанның туристтік қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас орнатуға үлкен қызығушылық танытып, ынтымақтастық туралы тиісті құжатқа қол қоюға дайын екендігін білдірді.
Аталған туристік көрме шеңберінде Қазақстанның Елшілігі Вьетнамның Туризм жөніндегі ұлттық әкімшілігімен бірлесіп Saigontourist, Vietravel, Focus Travel, Indоchina Heritage, VietJetAir атты және тағы басқа вьетнамдық ірі туроператорлар мен әуекомпаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу қатысушылары Қазақстан туристік нарығының негізгі даму бағыттарымен таныстырылды. Сұхбат барысында вьетнамдық туристерді ЭКСПО-2017 көрмеге тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Вьетнамдық туркомпаниялар қазақстандық туризм нарығының әлеуетін зерттеуге зор қызығушылық танытып, вьетнамдық азаматтар үшін жаңа туристтік бағыт ретінде қарастырады. Соңғы жылдары 90 миллоннан астам халқымен Вьетнам кіру және шығу туризмды дамыту бойынша жақсы нәтижелерін көрсетіп келеді.
Осы тұрғыда елдеріміз арасындағы туризмді одан әрі дамытуында 2015 жылғы мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қоыйлуы маңызды рөл атқаратыны анық. Оған қоса Алматы мен Хошимин қалалары арасындағы «Эйр Астана» ұлттық әуетасымалдаушы атқаратын тікелей әуеқатынастың болуы елдеріміз азаматтарының өзара жол жүруін белсендетуіне қолғабыс етеді.
Дөңгелек үстел барысында вьетнамдық туроператорлар ағымдағы жылдың қазан айының соңында өтетін Қазақстан-Вьетнам Үкіметаралық комиссиясы 7-ші отырысының жұмысына қатысу үшін өкілді делегация құрамында Қазақстанға бармақ ниеттерін білдірді. Делегация құрамына ірі туроператорлар мен баспасөз өкілдері, сондай-ақ Вьетнам туристтік нарығының мүмкіншіліктерімен таныстыру өткізу үшін мәдениет қайраткерлері кіреді.
Сонымен қатар, вьетнамдық тарап Қазақстаннан тікелей Вьетнамның курорттық жерлеріне, сондай-ақ вьетнамдықтарды Қазақстанға, одан әрі Орталық Азия елдері, Ресей және Еуропаға тасымалдау үшін туристтердің логистика мәселесін айтарлықтай жеңілдететін чартерлік тасымалдарды ұйымдастыру мәселесін қозғады.
http://gbpp.org/kz/2015/10/9486
