Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы елордаға келді

Астанаға Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес келді.

Мәртебелі мейман бірінші кезекте «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовпен кездесіп, көрме нысандарының сәулет-құрылыс жұмыстарымен танысты. Дайындық науқанынан хабардар болған Висенте Лоссерталес жоспарлау кезеңі артта қалғанын, енді тек жобалардың бәрін іске асыруға қос қолдап кірісу қажеттігін жеткізді. Ал Ахметжан Есімов компания өз құрылымын өзгертіп, тиімді әрі ашық жұмыс істеуге ұмтылып отырғанын атап өтті.

Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы:

- Менің ойымша, бұған дейінгі істеріміз әр бағытта өрбіді. Бір жағынан құрылыс жұмыстары, екінші жағынан істі ілгерілету дегендей. Ал қазір шараның ең негізгі басты мәселесін айқындауымыз қажет. Бұл ретте барлығын ойластырып, бір жүйені нақтылағанымыз абзал.

Ахметжан Есімов, «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Елбасы сөзсіз үлкен қолдау көрсетіп келеді. Ол Қытайға ресми сапары кезінде де, өткен аптада АҚШ та болғанда да EXPO жайлы үнемі айтып отырды. Мен EXPO-ға келгелі үш рет Президент алдында есеп бердім. Ол құрылыс барысымен тыңғылықты танысып, бақылауына ұстайды.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9479

1
0
369

Осы тақырып бойынша