Мазмұнға өту

Жаңа

Серікжан мен Ермектің

Серікжан мен Ермектің мына қылықтарына қарап М. Шахановтың «Отырар» атты шығармасы ойға оралып отыр. Барлығыңыз білесіздер. Жау қоршаған қаланың қақпасын ашып беретін тексіз Қарақоджа хан алдында жазаланады емес пе? Сонда әкесі аһ ұрып жылап, баласын жас кезінде нағашылары асырағанын айтпай ма. Сол секілді қазақтың мына атпалдай азаматтары нәтсіздік көрсетті ау. Жау жағадан алғанда етектен алған бөрі секі секілді дейміз бе, әлде әйел допа дегендей бұлардың ісін опалыққа жатқызамыз ба. Не болса да жастарымыз сендерден үлгі алмаса екен. Мен анық ештеңе білмеймін, бірақ мыналардың бұл ісі тегін емес. Біреу жаздырып отырғандай. Ал, солардың арбауына түскен қайран қазақтың шірік жұмыртқадай жігіттері-ай. Аналарың ұл тапқанда ертең ұлым елге қызмет етеді деп қуанды ау. Ал, байғұс әкелерің ұлды…

0
0
431

Қазақтар

Қазақтың қазақты бұлай жамандауы меніңше тексіздік дер ем. Бұл жөнінде мұны жариялап отырған қазақтың арыстай жігіттерін тексіздік туралы бір мысал айтып берейінші. Имам Ағзам бірқатар ғалымдар мен және шәкірттерімен әңгімелесіп тұрады. Сол кезде жанында ойнап жүрген балалардың добы осы ғалымдардың ортасына түседі. Сонда балалар дөңгелініп тұрған бұларға дейін жүгіріп келеді де, тоқтап қалады. Тек ішінен бір бала шығып, топтың бір жағынан жарып кіреді де, допты алып, екінші жағынан жарып шығып кетеді. Сол кезде Имам Ағзам «Мына бала тексіз бала. Бұдан мемлекетке үлкен қауіп келуі мүмкін дейді. Оны естіген шәкірттері әлгі баланың ізіне түсіп, анықтағысы келеді. Сөйтіп баланың ізіне еріп ауылдың сыртындағы бір жаман үйге барады. Сөйтсе шынында бір әйелдің жолдан тауып алған баласы екен. Бір…

1
0
440

Ағылшын тілін үйренудегі 5 миф

Осыдан 15-20 жыл бұрын шет тілін білу артықшылық болса, бүгінде ол жай ғана қажеттілік. Ағылшын тілінің біздің өміріміздің барлық деңгейіне кеңінен еніп келе жатқандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Осыған байланысты аталмыш тілді меңгеру бойынша шығарылатын кітаптар мен оқу курстарының саны күн санап артып келеді. Сонымен қатар тілді қалай тиімді меңгеруге болады деген ақыл-кеңестер де көбеюде. Алайда олардың ішіндегі кейбіреулері ағылшын тілін үйренуге көмектесудің орнына, керісінше зиян тигізіп жатады. Мұндай кеңестер мен ұсыныстар ағылшын тілін меңгерудегі мифтер деп атауды жөн көрдік. Бүгін солардың бірнешеуімен таныстырып өтеміз.


0
0
739

Асель Садвaкасова мен Берік Айтжанов «Адель» мелодрамасында!

Осы аптада, яғни 15 қазан күні,  «Адель» атты қазақстандық фильм үлкен экранда жарық көреді. Танымал "Свадьба на троих" комедиясының режиссері Асқар Бисембиннің кезекті туындысы көрермендерді бейжай қалдырмайды деп болжануда.

0
0
732

Аслан Сәрінжіпов Елбасына білім беру жүйесіндегі даму туралы баяндады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Аслан Сәрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы және жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады. Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы дағдарысқа және бюджет шығыстарын мәжбүрлі азайту шараларына қарамастан, білім беру саласына бөлінетін қаражаттың қысқартылмайтынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев мектепке дейінгі мекемелер инфрақұрылымын мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі негізінде дамыту қажеттігін де атап көрсетті. Мемлекет басшысы мұғалім мәртебесін көтерудің және еңбекақы өсімін оның біліктілік деңгейімен байланыстырудың маңыздылығын айтты. Қазақстан Президенті орта білім саласында Назарбаев зия…

0
0
254

Қазақстанда әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша онкүндік басталды

2015 жылдың 12 мен 21 қазан аралығында сүт безінің қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күнінің аясында республиканың барлық аймақтарында әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігі өтеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Оның негізгі мақсаты – халықтың назарын қатерлі ісік ауруларының алдын алу мен ерте анықтау мәселелеріне аудару, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудың маңыздылығы жөнінде әйелдердің сауаттылығын арттыру, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, уақытылы скринингтік тексеруге (маммография) және салауатты өмір салтына бейімділікке ынталандыру. Ауруды ерте анықтау мен уақытылы емді бастау – әйелдер денсаулығын сақтаудың басты кепілі. 2014 жылы қатерлі және қатерсіз сүт безі ісіктерін ерте анықтау скр…

0
0
449

Өмір тым қысқа ғой...

...Мен оған қатты ашулы едім. Қатты-қатты. Білмеймін бұл еркелік пе, әлде оның ауыр сөздерін көтере алмадым ба?.. Мүмкін, көңілімді таба алмағаны үшін де шығар. «Жемеймін» деп қырсығып тұрып алсам да, ол менің сүйікті тортымды алып берсе, бәрі басқаша болар ма еді) Еххх, жаным, бір түйір кәмпиттің өзі көңілімді көтерер еді ғой...

Бірақ, қойшы... бізаааздааан кейін мен оны қатты құшақтап, сүйіп алдым. Өйткені, менің ренжуге уақытым жоқ. БҮГІН мен бақыт пен қуаныштың құшағында болуы тиіспін. Кім біледі, өмір тым қысқа ғой...

БҮГІНім – өмірім.

КЕШЕгім – тәп-тәтті естелігім.

ЕРТЕҢім – АЛЛАның еншісінде... Жо-жоқ, бұлай дегенімнен гөрі, тағдырдың еншісінде дегенім жөн (бірінші комментарий).

4
2
2287

Бүгін — Асқар Тоқпанов пен Әсет Бейсеуов дүниеге келген күн

Әсет Бейсеуовті ән жанрында жеке дара туған дарын деп тегін айтпайды Асқар Тоқпанов – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер. Өнер үшін, театр үшін аянбай тер төккен алыптардың алыбы. Әрдайым Абайды айтып, Мұхтармен сөз бастайтын өнер иесінің алғашқы ұстазы – Жұмат Шанин. Сонау бозбала шағынан актерлікке бет бұрған ол кейін келе Мұстафиннің «Миллионерін», Майлиннің «Майданын», Ахтановтың «Махаббат мұңымен» қатар, бірнеше шетел драматургтерінің де еңбектерін сахналады. Ол тек режиссурасымен шектелмей, қазақ өнерінің бүгіні мен ертеңі үшін жанын бере еңбек еткен жан. Композитор Әсет Бейсеуовтің де бүгін - өмірге келген күні. Әсет Бейсеуовті ән жанрында жеке дара туған дарын деп тегін айтпайды. Оның әндерін білмейтін жан жоқ. Жүректен жүрекке тебірене тербеле беретін әуезді әндер талай әншін…

0
0
538

Досымжан Таңатаров: «Келші Құланға» әніне бейнебаян түсірдім

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Досымжан Таңатаров қонақ болды. Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Досымжан Таңатаров қонақ болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. «Биылғы жазғы демалыста елге бардым. Жамбыл облысындағы қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылынанмын. Сондағы кісілер ел туралы бейнебаян түсір деп біраздан бері айтып жүр еді. Құлан туралы кезінде Мэлс Өзбеков «Келші Құланға» деген ән жазған. Сол әнге биыл әдемі мезгілде барып, Құланның сұлу төрін, қарақатты таулы мекені туралы бейнебаян түсірдім», - деді Досымжан Таңатаров. Сондай-ақ, әнші бірнеше ән жазғанын айтты. «Күз мезгілі - жинақталатын кез. Телеарна, радиоларға жаңа ән, бейнебаяндарымызды ұсынамыз. Биыл бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдім. Халыққа жаңа әндерімді ұсынуға дайынмын», - дейді Дос…

0
0
776

«Таңшолпанда» — онколог-маммолог Ербол Жаппаров

Қазан айы – сүт безі қатерлі ісігімен бүкіләлемдік күрес айы. Қазан айы – сүт безі қатерлі ісігімен бүкіләлемдік күрес айы. Осыған орай бүгін «Таңшолпанда» онколог-маммолог, Астана қалалық Онкология орталығы диспансерлік бөлімінің меңгерушісі Ербол Исмаилұлы Жаппаров қонақ болып, сүт безі қатерлі ісігі ауруының алдын алу туралы әңгімеледі. «Сүт безі қатерлі ісігі ауруына әсер ететін бірнеше фактор бар. Көбінде гормоналдық өзгерістер, гинекологиялық аурулар, психологиялық стресс әсерін тигізеді», - дейді Ербол Жаппаров. Оның айтуынша, мұндай аурудың бірінші және екінші сатысында жазылып кету мүмкіндігі көп. «Онкологиялық ауруларды емдеу түрлері көп. Бастапқы, бірінші деңгейде болса, оперативті еммен ғана сауығуға болады. 3, 4 сатыда болса, химиотерапия, гормоналдық жолмен емделеді. Бірақ е…

0
0
768