Мазмұнға өту

Жаңа

Н.Назарбаев А.Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен және А.Атамбаевты парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының Бурабай ауылында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекет басшылары кеңесінің ашылуында Беларусия Президенті Александра Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен және Алмазбек Атамбаевты парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады.

«Менің ойымша, кеңесімізді бастамас бұрын әріптесіміз, әрі досымыз Александр Григорьевич Лукашенконы президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтағанымыз дұрыс болар және жауапты қызметте табыс тілейміз.  Сіздің басшылығыңызбен  барлық бағыттар бойынша біздің интеграциялық процестеріміз күшейе түседі деген сенімдемін», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қырғызстан халқы мен Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевты сәтті парламенттік сайлауды өткізуімен құттықтады.

«Қырғызстан халқы мен Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевты парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтағым келеді.  Бұл өте жақсы, себебі алғаш рет көптеген жылдар ішінде сайлау  өте тыныш өтті және халық кезекті рет өзінің даналығын көрсетті.  Жогорку Кенештің жаңа құрамы сенімдеріңізді ақтайды деген ойдамын. Құттықтаймын!», - деп толықтырды Мемлекет басшысы.

«Бүгінгі ТМД  мемлекет басшылары кеңесінің отырысы  Достастықтағы  Қазақстанның төрағалығымен өтуде. Қазақстан  ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық  үшін жұмыс жасауда», - деді Елбасы.

Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл 11 посткеңестік  кеңістік елдерін қосып отырған  бірегей алаң, өңірде оған ұқсас алаң жоқ. «Біз мұнда халықаралық саясаттың ең өзекті  мәселелерін талқылап, пікір алмаса аламыз. Бүгінгі шара ТМД елдерінің дамуына өз үлесін қосып, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына әкеледі», - деді  Елбасы.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, бүгінгі отырыстың күн тәртібі 17 мәселені қамтиды.

«Мәселелердің ауқымды блогы тәртіп пен қауіпсіздікті қамту саласына бағытталған. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда. Бекітілген құжаттар ынтымақтастықтың тереңдеуіне әсер етеді", - д»ді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Ақмола облысының Бурабай ауылында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Шара барысында достастық аясындағы ынтымақтастық талқыланады. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда.

Ақпарат көзі

 
0
0
238

Н. Назарбаев: Қазақстан ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық үшін жұмыс жасауда

Қазақстан ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық үшін жұмыс жасауда, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдағы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.

«Бүгінгі ТМД  мемлекет басшылары кеңесінің отырысы  Достастықтағы  Қазақстанның төрағалығымен өтуде. Қазақстан  ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық  үшін жұмыс жасауда», - деді Елбасы.

Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл 11 посткеңестік  кеңістік елдерін қосып отырған  бірегей алаң, өңірде оған ұқсас алаң жоқ. «Біз мұнда халықаралық саясаттың ең өзекті  мәселелерін талқылап, пікір алмаса аламыз. Бүгінгі шара ТМД елдерінің дамуына өз үлесін қосып, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына әкеледі», - деді  Елбасы.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, бүгінгі отырыстың күн тәртібі 17 мәселені қамтиды.

«Мәселелердің ауқымды блогы тәртіп пен қауіпсіздікті қамту саласына бағытталған. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда. Бекітілген құжаттар ынтымақтастықтың тереңдеуіне әсер етеді", - д»ді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Ақмола облысының Бурабай ауылында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Шара барысында достастық аясындағы ынтымақтастық талқыланады. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда.

«Осы залда мен жоғары мемлекеттік награданы берсем деп едім. Баршаларыңыздың алдында бұл мемлекеттік награданы Нұрсұлтан Әбішұлына тапсырғым келеді», - деп мәлімдеді  Беларусь Президенті.

А. Лукашенконың айтуынша, Н. Назарбаев -  посткеңестік кеңістікгтегі және Кеңес одағы кезіндегі жұмыс тәжірибесін пайдаланады. «Н. Назарбаев ТМД үшін көп нәрсе жасады, ЕАЭО құру туралы идеяда оған тиесілі. Бұл  біздің елдеріміз арасындағы достықты нығайтуға ғана емес, еліміздегі адам өмірін жақсартуға септігін тигізуде», - деп жалғастырды Беларусь Республикасының Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының  Бурабай ауылында ТМД   мемлекет басшылары кеңесі өтуде. Оның аясында лаңкестік қаупіне бірлесе қарсы тұру, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Достастық қатысушы-елдері күш-қуат құрылымдарының ынтымақтастығы және басқа да негізгі мәселелерді қамтитын тақырыптар топтамасы талқылануда.

Ақпарат көзі

 
0
0
2487

«В Костанае прошла акция „Жолаушы сағаты – Час пассажира“

Костанайским Департаментом Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции совместно с Республиканским общественным объединением «Первый антикоррупционный медиа центр» инициирована акция «Жолаушы сағаты - Час пассажира», нацеленая на профилактику коррупционных правонарушений и формирование антикоррупционной культуры среди населения.

Государственные служащие совместно с общественниками раздали порядка 150 памяток и буклетов на тему «Как защитить себя от коррупционных посягательств», а также разъяснили горожанам Антикоррупционную стратегию Республики Казахстан на 2015-2025 годы.

В ходе акции, каждый гражданин получил возможность обратиться к государственным служащим и общественникам с вопросами либо предложениями. Активисты не оставили без внимания ни одно обращение, каждого выслушали и проконсультировали.

Наряду с представителями Департамента и общественным объединением на вопросы граждан отвечали и представители линейного отдела внутренних дел, транспортной прокуратуры области.

0
0
447

ШҚО әкімі мен ҚР-дағы Нидерланды елшісі корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін талқылады

Аймақ басшысы Нидерланды Патшалығының Сыртқы істер министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі елшісі Кейс Ван Бармен және Нидерландының Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Ханс Дриссермен кездесті, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Екі жақ адамның негізгі құқықтары мен бостандығын сақтаудың заманауи жағдайы және корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін талқылады.

Кездесудің бас кезінде облыс әкімі Даниал Ахметов келген қонақтарға аймағымыз туралы айтып, оның индустриалды-инновациялық дамуына, агро өнеркәсіптік кешенінің қарқынды нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар, ол өңірімзде бүкіл әлем бойынша санаулы өндірістердің қатарына кіретін өнеркәсіптер бар екендігін атап өтті.

Нидерландының Сыртқы істер министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі елшісі Кейс Ван Бар Шығыс Қазақстан туралы қызықты ақпараты үшін  облыс әкіміне алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол адам құқықтарын ұстану, бүкіл әлем елдерінің тұрғындарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететініне жиналғандардың назарын аударды.

«Біз қазір корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілікке аса көңіл бөлудеміз», - деп атап өтті елші мырза. – Кезінде бұл ұғым жергілікті фудбол командасын қолдау, балалар үйін салу мен өзге де шаралар ретінде қарастырылатын. Ал, бүгінде корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау сынды бизнестің барлық түріне қатысты стандарттарды ойластыруда.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде бизнестің түрлі саласында көптеген жобалар жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, кездесу барысында голландиялық инвесторлардың қатысуымен «Answer» ҚҚ салған, бұрын сотталғандарға арналған оңалту-бейімделу орталығына қатысты мәселелер талқыланды. Өткен жылдың қыркүйек айында Өскемен қаласының мамандандырылған соты ғимараттың құрылысы заңсыз екендігін айтып, «Answer» ҚҚ-на орталықты бұзуды міндеттеген болатын.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов кездесу кезінде тиісті басқармаларға оңалту орталығына байланысты мәселелерді 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында шешу үшін, шара қолдануды тапсырды.

Ақпарат көзі

 
0
0
842

Беларусь Президенті Н.Назарбаевты «Халықтар достығы» орденімен марапаттады

Беларусь Президенті Александр Лукшенко Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары мемлекеттік награда «Халықтар достығы» орденімен марапаттады. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында белгілі болды.

«Осы залда мен жоғары мемлекеттік награданы берсем деп едім. Баршаларыңыздың алдында бұл мемлекеттік награданы Нұрсұлтан Әбішұлына тапсырғым келеді», - деп мәлімдеді  Беларусь Президенті.

А. Лукашенконың айтуынша, Н. Назарбаев -  посткеңестік кеңістікгтегі және Кеңес одағы кезіндегі жұмыс тәжірибесін пайдаланады. «Н. Назарбаев ТМД үшін көп нәрсе жасады, ЕАЭО құру туралы идеяда оған тиесілі. Бұл  біздің елдеріміз арасындағы достықты нығайтуға ғана емес, еліміздегі адам өмірін жақсартуға септігін тигізуде», - деп жалғастырды Беларусь Республикасының Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының  Бурабай ауылында ТМД   мемлекет басшылары кеңесі өтуде. Оның аясында лаңкестік қаупіне бірлесе қарсы тұру, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Достастық қатысушы-елдері күш-қуат құрылымдарының ынтымақтастығы және басқа да негізгі мәселелерді қамтитын тақырыптар топтамасы талқылануда.

«Бүгінгі ТМД  мемлекет басшылары кеңесінің отырысы  Достастықтағы  Қазақстанның төрағалығымен өтуде. Қазақстан  ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық  үшін жұмыс жасауда», - деді Елбасы.

Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл 11 посткеңестік  кеңістік елдерін қосып отырған  бірегей алаң, өңірде оған ұқсас алаң жоқ. «Біз мұнда халықаралық саясаттың ең өзекті  мәселелерін талқылап, пікір алмаса аламыз. Бүгінгі шара ТМД елдерінің дамуына өз үлесін қосып, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына әкеледі», - деді  Елбасы.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, бүгінгі отырыстың күн тәртібі 17 мәселені қамтиды.

«Мәселелердің ауқымды блогы тәртіп пен қауіпсіздікті қамту саласына бағытталған. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда. Бекітілген құжаттар ынтымақтастықтың тереңдеуіне әсер етеді", - д»ді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Ақмола облысының Бурабай ауылында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Шара барысында достастық аясындағы ынтымақтастық талқыланады. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда.

Ақпарат көзі

 
0
0
3018

Бас Прокуратурада бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың қорытындысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2014 жыл мен 2015 жылдың 8 айындағы бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жасалған талдау қорытындылары талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алқа жұмысына Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, Жоғарғы соттың, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, облыстық әкімдіктердің басшылары қатысты.

Алқада қылмыстық жағдайға теріс әсер ететін және құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар егжей-тегжейлі сараланып, ұрлықтың алдын алу бойынша шаралар ұсынылды.

Қадағалау органының басшысы құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықты ескертудің пәрменді тәсілдерін әзірлеу  мәселелерінде құқық қорғау және атқарушы органдар арасында тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетіп, профилактика жүйесінде қылмыстық мінез-құлықтың алғышарттарын тудырушы әлеуметтік-құқықтық факторларды жою жөніндегі шараларға басымдық берілуі тиіс екендігін атап көрсетті.

Осы мақсатта құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибесін пайдалану ұсынылды.

Жұмыссыз адамдар үшін ақы төленетін, бірақ кәсіби біліктілік пен дайындықты талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған шараларға басымдық беру қажеттілігі айқындалды.

Бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оларды еңбекпен қамту аясында жұмыс орындарының квотасын арттыру, «нөлдік келісім-шарт» негізінде сағаттап қана есептелетін шағын еңбекпен қамтуды білдіретін ағылшын тәжірибесін енгізу, сондай-ақ бір жолғы күндік жұмыс берумен шұғылданатын нүктелерді көптеп ашу ұсынылды.

Ұрланған заттарды анықтау және оларды сатуға тосқауыл қою жөніндегі жұмысты күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Мысалы, ұялы телефондар ұрлығының ашылуын арттыру үшін IMEI-кодтардың бірыңғай мәліметтер базасын құру және ұрланған немесе контрабандалық жолмен әкелінген телефон аппараттарын оқшаулау жүйесін енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ көшелерге, тұрғын-үй кешендеріне, қоғамдық көліктерге сапалы бейнебақылау жүйесін қондыру проблемаларын кезек күттірместен шешу ұсынылды. Қоғамдық орындардағы және көшелердегі тұрақты полиция бекеттерінің жүйесін, сондай-ақ облыс орталықтары мен ірі қалалардағы жылжымалы полиция бекеттерін көбейту қажеттігі айтылды.

Қоғамдық тәртіпті күзетуге жұртшылықтың қатысуын кеңейту ұрлықтарды ескерту мен олардың жолын кесудегі ықпалды әрекет ретінде танылды. Құқық тәртібін күзету саласындағы қоғамдық институттардың шетелдік тәжірибелерін ескере отырып, азаматтарды құқық бұзушылықтың профилактикасына белсенді тарту үшін материалдық ынталандыру, ақшалай сыйақының мөлшерін арттыру, олардың қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысу мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды.

Осы және басқа да шараларды бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою жөніндегі ведомствоаралық жоспар аясында жүзеге асыру ұсынылды және осы жоспарды әзірлеу барлық мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырылды. Бас Прокурор атап өткендей, көзделіп отырған жүйелі шаралар профилактикалық жұмыстың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталуы тиіс, қылмысты ескерту мен жолын кесу, құқықтық тәртіп мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша сәйкес шараларды қамтуы тиіс.

Ақпарат көзі

 
0
0
312

Қызылорда облысының Шиелі ауданы көгілдір отынға қосылды

Шиелі ауданының орталығы көгілдір отынға қосылды. Тұрғындардың қуанышымен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Серік Естай ортақтасты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз" АҚ арасында былтыр жасалған меморандумға сәйкес, Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласын  газдандыруға қажетті қаражат бөлінген. Ал, облыстың қалған аудандары келесі жылы газбен қамтылатын болады. Ол жұмыстарға қажетті 16 млрд. теңгені Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі инвестициялайтын болады.

«Елбасының тапсырмасымен газдандыру жұмыстары өңірде қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда газды аудан орталықтарына жеткізетін құбырлары салынып бітті. Өткен аптада жаңақорғандықтар көгілдір отынға қосылса, енді міне Шиелі ауданы қуанышқа кенеліп отыр. Келер жылы қалған үш ауданда газдандыру жұмысы басталады. Сол кезде облыстың 83 пайыз халық тұратын аумақ газдандырылады. Айта кетейін, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетілетін болады», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

«Үйлерге газ қосып, тұрғындарға жылу мен қуаныш сыйлай отырып, «ҚазТрансГаз» АҚ халықтық компания екенін тағы бір дәлелдеді. Оған мысал, жыл сайын Ұлттық оператор республика бойынша 35 мыңнан астам абоненттің үйіне газ кіргізіп отыр. Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жоба аясында бір ғана Қызылорда облысында биыл 1250 км газ құбыры салынды. «ҚазТрансГаз» әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қоятын компания. Істеп отырған жұмысымыз түгелдей халықтың тұрмысын жақсартуға еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған», - деді «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Серік Естай.

Бүгін үйіне алғаш болып көгілдір отынды кіргізген Айтуаровтар отбасы. Олардың қуанышында шек жоқ. Талай жылғы армандары орындалғанына риза.

«Жасыратыны жоқ бастапқыда газ келеді дегенде күмәнмен қарағанбыз. Бірақ Елбасының қолдау көрсеткен жобасы жүзеге асты. Біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, енді от жағып, күл шығармаймыз», - дейді Шиелі ауданының тұрғыны Ардақ Айтуаров.

Айта кету керек, келесі аптада Қазалы ауданын газдандыру басталады, одан кейінгі кезекте –  Арал ауданы.

Ақпарат көзі

 
0
0
1161

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының 10 күнінде табиғат заңнамасын бұзғандарға 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

2015 жылдың қазан айының 05-25 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.  Іс-шараға барлығы 34 мобильдік топ құрылып, 324 күш-құралдар жұмылдырылды. Шараның 10 күнінде облыс бойынша барлығы 120 экологиялық заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесудің – 7, заңсыз аң аулаудың – 49, заңсыз балық аулаудың – 32, азаматтық қаруды тасымалдау, сақтау ережесін бұзудың – 32 дерегі тіркелді. Анықталған 110 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша 733 мың 880 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

Заңсыз аң, балық аулаумен және заңсыз бұталар мен ағаштарды кесумен ұсталған 14 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді. Аталған мерзімде барлығы 11 қылмыстық іс қозғалып, 1 қылмыстық іс сотқа жолданып, қалған 10-ы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 13 қазанында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Өркендеу ауылының тұсында 1952 ж.т. азаматтың басқаруындағы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, автокөліктің жүк салғышынан заңсыз отын бұталары анықталды. Аталған дерек бойынша Қазалы аудандық ішкі істер бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы, 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған қоса, Қызылорда ОІІД ӘПБ табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарымен бірлесе ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар барысында 8 қазан күні  Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Жетікөл ауылынан 20 шақырым жерде Қызылорда қаласының 1956 ж.т. тұрғынының басқаруындағы «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, автокөліктің салонынан ІІО-да тіркеуде жоқ, 2 ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығы, 12 дана қоян, 2 дана қырғауыл, 1 дана прожектор және 1 дана пышақ алынып, Сырдария аудандық ішкі істер бөліміне өткізілді. Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 337-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 10.10.2015 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылының тұрғыны өз ауылының тұсында «Үштұп» деген жерде рұқсатсыз, заңсыз аң аулап жүрген жерінен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы, 1-бөлігімен (заңсыз аңшылық) әкімшілік хаттама толтырып, заңды түрде шара көрілді.

 

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

0
0
493

Жылқы туралы танымдық инфографикамызды қабыл алыңыз!

Жылқы тақырыбы бізде өте көп зерттелген. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары жылқы жөніндегі материалдар көбейіп, көлемді мақалалар мен арнаулы деректер басыла бастады. Жылқы туралы дерек өте көп, соның бір парасын сіздерге инфографика ретінде ұсынып отырмыз. Аттың сыны, аттың сыртқы мүшелерінің атауы, жылқының жүрісі туралы.


 
0
0
4277

Данияр Елеусінов бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) финалда марокколық Мохаммад Рабииге 3:0 (29:28, 30:27, 29:28) есебімен есе жіберді.

Осылайша Данияр Елеусінов 2013 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында алған алтын жүлдесіне күміс медаль қосты.

Сонымен қатар, жерлесіміз финалға шыққаны үшін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын иеленді.

Айта кетейік, «KAZsport» пен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Дохадағы (Катар) бокстан Әлем чемпионатындағы барлық жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетуде.

 
0
0
248