Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Беларусь Президенті Н.Назарбаевты «Халықтар достығы» орденімен марапаттады

Беларусь Президенті Александр Лукшенко Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары мемлекеттік награда «Халықтар достығы» орденімен марапаттады. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында белгілі болды.

«Осы залда мен жоғары мемлекеттік награданы берсем деп едім. Баршаларыңыздың алдында бұл мемлекеттік награданы Нұрсұлтан Әбішұлына тапсырғым келеді», - деп мәлімдеді  Беларусь Президенті.

А. Лукашенконың айтуынша, Н. Назарбаев -  посткеңестік кеңістікгтегі және Кеңес одағы кезіндегі жұмыс тәжірибесін пайдаланады. «Н. Назарбаев ТМД үшін көп нәрсе жасады, ЕАЭО құру туралы идеяда оған тиесілі. Бұл  біздің елдеріміз арасындағы достықты нығайтуға ғана емес, еліміздегі адам өмірін жақсартуға септігін тигізуде», - деп жалғастырды Беларусь Республикасының Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының  Бурабай ауылында ТМД   мемлекет басшылары кеңесі өтуде. Оның аясында лаңкестік қаупіне бірлесе қарсы тұру, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Достастық қатысушы-елдері күш-қуат құрылымдарының ынтымақтастығы және басқа да негізгі мәселелерді қамтитын тақырыптар топтамасы талқылануда.

«Бүгінгі ТМД  мемлекет басшылары кеңесінің отырысы  Достастықтағы  Қазақстанның төрағалығымен өтуде. Қазақстан  ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық  үшін жұмыс жасауда», - деді Елбасы.

Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл 11 посткеңестік  кеңістік елдерін қосып отырған  бірегей алаң, өңірде оған ұқсас алаң жоқ. «Біз мұнда халықаралық саясаттың ең өзекті  мәселелерін талқылап, пікір алмаса аламыз. Бүгінгі шара ТМД елдерінің дамуына өз үлесін қосып, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына әкеледі», - деді  Елбасы.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, бүгінгі отырыстың күн тәртібі 17 мәселені қамтиды.

«Мәселелердің ауқымды блогы тәртіп пен қауіпсіздікті қамту саласына бағытталған. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда. Бекітілген құжаттар ынтымақтастықтың тереңдеуіне әсер етеді", - д»ді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Ақмола облысының Бурабай ауылында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Шара барысында достастық аясындағы ынтымақтастық талқыланады. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда.

Ақпарат көзі

 
0
0
2980

Осы тақырып бойынша

Беларусь Президенті Н.Назарбаевты «Халықтар достығы» орденімен марапаттады - Yvision.kz