Мазмұнға өту

Жаңа

Лондонда өткен «Жабайы табиғаттың үздік фотографы» атты мәртебелі халықаралық байқаудың фотоларын ұсынамыз!

Лондондағы Табиғат тарихы музейі дәстүрлі «Жабайы табиғаттың үздік фотографы» атты мәртебелі халықаралық байқаудың жеңімпаздарын жариялады.

Байқау бірнеше номинация бойынша жүргізіледі. Олардың қатарында: «Әсер», «Аспаннан қарағандағы көрініс» және «урбанизм» номинациялары да бар. Қазылар алқасына 96 мемлекетте түсірілген 42 мың фото ұсынылды.

Назарларыңызға ең қызықты кадрлар мен олардың тарихын ұсынамыз.

0
0
460

Атырауда кезекті Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылғы 15 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Тәртіптік кеңес Төрағасы – Департамент басшысының орынбасары М.К.Избановтың төрағалығымен Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік сатып алу, сонымен қатар жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты 7 мәселе қаралды. Бірінші болып Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Алекешев Ш.А. жер қатынастары саласындағы азаматтардың шағымдары негізінде жоспарсыз тексеру қорытындысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген талдау нәтижесі туралы баяндады. Талдау қорытындысы бойынша Атырау қалалық әкімдігінің қызметінде мемлекеттік…

0
0
474

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте.

2015 жылғы 18 қырүйекте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығы, қызметкерлері мен облыстық кітапхана өкілдерінің қатысуымен «Тілім менің – тіршілігімнің тынысы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Халықтарының тілдері күніне арналған салатанатты шара өткізілді. Республика Президентінің Жарлығымен «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жарияланған болатын. Іс-шараның мақсаты – қазақ тілінің рухани және мәдени мұрасы ретінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халықтарының тілі мен мәдениетін насихаттау болып табылады. Басшының орынбасары М.К.Избанов өзінің құттықтау сөзінде «Бүгінгі таңда біздің тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің көрсеткіштерінің бірі – бұл Ана тіл…

0
0
663

Атырау студенттерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сұхбат жүргізілді.

2015 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Nomad» қоғамдық бірлестігі жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықты тоқтатайық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға Атырау қалалық ішкі саясат басқармасының, №13 мектеп-гимназиясының өкілдері және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқыту құрамы мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мен алдын алу бойынша тәрбиелік және ағартушылық жұмыстары туралы мәселелер талқыланды. Бұдан басқа, дөңгелек үстел барысында «Сыбайлас жемқорлық туралы не білуіміз керек?» деген сұрақпен келеңсіз жағдайлардан сақтана білу…

0
0
598

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу.

Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» және сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайлар мен себептерді жою мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілімен Атырау облысы құрылыс басқармасының қызметкерлеріне семинар өткізілді.

Шара барысында «100 нақты қадам» ережелері және реформаның орындалу барысы жөнінде айтылды. Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметшілер алдымыздағы реформа мен мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық салдарының туындауын талқылады.

0
0
456

Атырау облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Ұлт Жоспарын белсенді талқылады.

2015 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері Атырау облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен ашық кездесу өткізді.

Конструктивті шара барысында Департамент қызметкерлері қатысушылардың назарын ҚР Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық-процестік кодексіне аудартты.

0
0
527

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс.

2015 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерімен №7 «Атырау қалалық ауруханасының»  қызметкерлеріне лекция өткізілді.

Департамент өкілдері қоғамда заңбұзушылықтар мен тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, соның ішінде құзырлы құқық қорғау органының қызметіне сенімін арттыру қажеттілігіне ден қойды.

Шара барысында қызметкерлер облысымызда  сыбайлас жемқорлық қылмысын жою үшін өздерінің ұсыныстарын тікелей Департамент өкілдеріне айтып, осы тақырып аясында көптеген сұрақтар қойды.

Шара соңында барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жадынамалар таратылды.

 

0
0
476

Қаржылық бақылау комитетінде бірінші институционалды реформаның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында 2015 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілімен ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлеріне дәріс өткізілді. Өзінің баяндамасында Департамент өкілі 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі ережелерін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеу және құқықтық сауаттылығын дамыту, белсенді азаматтық ұстанымдары мен құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған позитивті диалог конструктивті түрде болды. Дәріс барысында қатысушыларға Департамент өкіліне өздерін толғандырып жүрген мемлекеттік қызметке орналасу, мемлеке…

0
0
396

Атырау облысында Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді.

2015 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысындағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Тәртіптік кеңес отырысында 5 мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, Исатай ауданы әкімі аппаратының және ауданның жергілікті атқарушы органдарының 2014 жылғы және 2015 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалды. Бұдан басқа, Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша 8 айда атқарылған жұмыстар туралы Департаменттің басқарма басшысы А.А.Алекешев баяндап берді. Басқарма басшысының айтуы бойынша, өңірдің бірқатар мемлекеттік мекемелері…

0
0
649

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы М.М.Ахметжановтың қатысуымен брифинг өткізілді.

2015 жылғы 25 тамызда Атырау қалалық Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы М.М.Ахметжановтың қатысуымен брифинг өткізілді. Департамент басшысы брифингті аша отырып, қазіргі жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді болашаққа мол шабыт беретін кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға қатысты Ұлт Жоспарының «100 нақты қадамның» маңыздылығын түсіндіріп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Департамент басшысы М.М.Ахметжановтың айтуынша, бірінші жаңашылдық - мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу. Яғни, мемлекеттік қызметке алғаш кіргендер кәсіби қызметін тек төменгі лауазымнан бастайтын болады. Бұл үшін олар заңнаманы білу…

0
0
385