Тісіңіз сарғайса...
Сенім есімді көрерменіміз «Әйел бақыты» бағдарламасының редакциясына хабарласып, тісінің маржандай ақ болғанын қалайтынын айтып, оны қалай ағарту керектігі жөнінде кеңес сұрап еді. Ендеше назарларыңызға тісті ағарту жөнінде кеңестер ұсынамыз. Тіс не себепті сарғаяды? 1. Тіске кальций мен негізгі минерал жетіспеген жағдайда; 2. Құрамында бояғышы бар заттардан (кофе, шай, боялған жемістер немесе көкөністер); 3. Қолайсыз экология әсерінен (йод, бром, қорғасын, сынап); 4. Темекі шеккеннен; 5. Тіс ауруларының әсерінен. Ағарту процесін бастамас бұрын сүт тағамдарын (сүзбе, ірімшік, айран т.б.) пайдаланып, тісімізді беріктігін арттырғанымыз жөн. Үй жағдайында тістің эмалін өзгертіп алмай, тазалау әдісі: 1. Арнайы тісті ағартуға арналған пастаны қолданған күннің өзінде, бұл процесс ұзаққа созылуы…


