Қазақстан футбол алпауыттарының шешуші ойыны
25 қазан күні, сағат 17.50-де Қазақстан Премьер-Лигасының 30-шы турының орталық матчы - «Қайрат» ФК және «Астана» ФК арасындағы көптен күткен ойынының куәгері боламыз.

Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан Қазақстан футболының қос алпауытының ойыны футбол жанкүйерлері үшін айтулы оқиға болғалы тұр.
Турнир кестесінің нәтижелері бойынша «Қайрат» «Астанадан» 5 ұпайға алда тұр. Бұл ойын кімнің мықты екенін анықтайтын шешуші айқас. Чемпиондыққа талас барысында «Астана» «Қайраттың» қарқынына төтеп бере ала ма? Тартыстың соңы қандай нәтижемен аяқталады? Осы және басқа да шиеленістердің нәтижесін футбол айқасының соңында білетін боламыз.
Алаңдағы алпауыттардың ойынын қос команданың жанкүйерлері тағатсыздана күтіп, қазақстандық «эль-классико» футбол матчын тамашалауға әзір.
Осы жексенбіде, «Қазақстан» арнасының көрермендері тікелей эфирде эмоцияға толы матчтың куәгерлері болады.
Эмоцияға толы және футбол жанкүйерлеріне ұмытылмас әсер сыйлайтын қызықты да, тартысты ойынды күтеміз.
