Мазмұнға өту

Жаңа

«Поэзия әлемінде» ақын – Салтанат Смағұлова

Бүгін сағат 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Салтанат 1982 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Бірнеше аймақтық, облыстық, республикалық басылымдарда және сайттар мен порталдарда өлеңдер топтамалары жарық көрді.

Шығармашыл жастардың ХҮ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Педагогика ғылымдарының магистрі. Қазіргі таңда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарады.

Салтанат Сұмағұлова туралы хабарды бүгін сағат 12:30-да көріңіз.


0
0
780

СҚО Тәртіптік кеңесі қатаң сөгіс жариялады

Ағымдағы жылғы 22 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде 9 мәселе қаралды, ішіндегі 8 тәртіптік іс жемқорлық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтамауына қатысты болды.
Алдымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымы бойынша, еңбек заңнамасының нормаларын бұзған, Қалалық балалар емханасының бас дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қаралды. Нақтырақ айтқанда, өзге жерде қызмет ететін қызын қоса атқару шартын жасаспай жұмысқа қабылдаған дәрігер, оған еңбекақысын да толық көлемде төлеп келген.
Жемқорлық сипатына жағдай жасап, заңмен көзделмеген артықшылықты көрсеткен тұлғаны, Тәртіптік кеңес қызметінен босату жөнінде ұсыныс жасады.
Келесі қарастырылған мәселе – азаматтық жұмысшыны еңбек шарты бойынша өзіне орынбасар ретінде тағайындаған, облыстық құрылыс басқармасының басшысына қатысты тәртіптік іс болды.
Мемлекеттік қызметшінің мұндай әрекеті Ар-намыс кодексі мен заңнама талаптарына қайшы деген шешімге келген Кеңес мүшелері, басқарма басшысына қатаң сөгіс жариялауды ұйғарды.
Тайынша ауданы прокуратурасының ұсынымы бойынша Тайынша қаласы әкімінің орынбасары және кеңесшісіне қатысты тәртіптік істер қаралды. Аталған тұлғалар, мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстық комиссия құрамында конкурс талаптарына сай келмейтін қатысушыны, бірнеше рет конкурс жеңімпазы ретінде таныған екен. Шартты шегерімдердің негізсіз қабылдануының кесірінен, әлеуетті жабдықтаушыларға өз құқықтарын жүзеге асыруға кедергі жасалды.
Жемқорлық жағдайын тудыратын құқық бұзушылыққа жол берген, құзырына кіретін мәселелерді шешу тәртібін бірнеше рет бұзған Тайынша әкімдігінің қызметкерлеріне, қызметтеріне толық сай еместігі жайында ескерту жасалды.
Отырыс барысында азаматтың өтінішін қабылдау, тіркеу және қарастыру бойынша тиісті шара қолданбаған М. Жұмабаев ауданы мәдениет бөлімінің жетекшісіне қатысты да тәртіптік іс қаралды.
Ал жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін, осы аудандағы Чистовое ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс Құқықтық статистика басқармасының материалдары бойынша қарастырылды.
Ар-намыс кодексін сақтанбаған мемлекеттік қызметшілерге сәйкесінше, сөгіс және қатаң сөгіс жарияланды.
Бұдан соң, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды. Мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу жөніндегі Явленка аудандық ауруханасының өтінішін қабылдамаған басшы, мемлекеттік қызмет көрсету Стандартымен көзделмеген құжаттарды да талап еткен.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен көзделмеген ақпаратты талап еткені үшін қызметіне толық сай еместігі жайында ескерту жасалды.
Жамбыл ауданының Троицкий ауылдық округінің әкіміне де қатысты тәртіптік іс қаралды. Жер учаскелеріне құқық ұсыну туралы шешімдерді жер заңнамасын бұзумен қабылдаған, сонымен қатар ол өтініштерді қарау мерзімдерін бұзған.
Қарастыру нәтижесі бойынша, Ар-намыс кодексін бұзған шенеунікке қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза тағайындалды.
Кездесу соңында СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау, 2015 жылдың 9 айындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараты тыңдалды.
Отырысты қорытындылаған Кеңес құрамы, бұдан былай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін тиісті шешімдер шығарды.

0
0
998

Қазақстан Республикасының президентінің назарына!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы. Мен Павлодар қаласының тұрғыны Жангазин Дархан Шаймолдаұлымын. Біріншіден сіздің БҰҰ-ның 70 сесиясында қазақша баяндама жасағаныңыз түгел билікте отырған және қазақ жерінде тұратын әрбір азаматқа үлгі болды. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай сіздің қазақ тілінде жасаған баяндамаңыз қазақ тілінің мәртебесін жиынға жиналған алпауыт елдер басшыларының алдыңда асқақтата түсті. Сіздін бұл істеген ісіңізді көріп қуанып отырмын. Менің шет елде оқып жатқан замандастарымның айтуынша сіздің бұл ісіңіз шетел азаматтарының арасында қызу талқылану үстінде. Олар болса мақтанышпен: «Бұл біздің елдің президентті» – деп төбелері көкке жетуде. Ахмет Байтұрсын атамыз айтқандай: «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді». Сіз Халел Досмұхамедұлының тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», - деген пікірін нақты іспен Американың төрінде қалың жұрттың алдында дәлелдеп кеттіңіз.

Сізді қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтай отырып: «біз Алтын Орданың заңды мұрагеріміз» дегенді заңды түрде бекітсек деп отырмын. Сіздің сөздеріңізбен сабақтай отырып: «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды».

Біздің халқымызды бұдан басқа тағы екі үлкен мерейтой күтіп отыр. Оның бірі ұлт көсемі Қыр баласы – Ел ағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150 жылдық (1866-2016 жж.) мерейтойы. Екінші мерейтой Қыр баласының есімімен байланысты Алаш-Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017 жж.) толады. Әлихан атамыздың 150 жылдық мерейтойының қарсаныңда біздің Павлодар қаласының атын Әлихан Бөкейхан ағамызға беруді сұраймын. Кешегі отаршыл алып империяға Кеңес өкіметі «қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен» үстемдік орнатып, «басқа жұрттардың басшылары тырым-тырақай болып шет патшалықтарға шығып кеткенінде, Әлиханның қоныс аудармай қалуы да – елін сүйгендікке дәлел» болатын. Алаштың Әлиханы: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!..» деген сертіне өмірінің сонына дейін бекем болған. Әлекеннің өз отанына деген махабатын мына сөздерінен ақ байқауға болады: «Мен өз отанымның ішкі істерімен өмір сүремін, мен үшін оның тағдыры бәрінен артық… Егер ол қандай жағдайда екенін білмесем, ұйықтай алмаймын».

«Азаттық таңын бізідң ұрпақтарымыз көреді», – деп алаш басшылары армандаған. Сол азаттықтың таңы сіздің тәуелсіз Қазақ елінің 1991 жылы тізгінің ұстағанда келді. Енді Әлекен айтқандай: «Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс». Біз өзімізден кейінгі келер ұрпаққа түгелін қазақшаландырып алғыс аламыз ба?, әлде түгелін орысшаландырып қарғыс алармызба? Шынымен де кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.

Сондықтан Павлодар қаласының атын Әлихан Бөкейхан қаласы деп ауыстыруды сізден сұраймын. Павлодар қаласының қақ ортасындағы орталық көше Кутузовтың атында тұр қазіргі таңда. Әрине бұл Кутузов атақты қолбасшы болғанымен қазаққа жасаған жақсылығы жоқ. Бұл Павлодар қаласындағы ең үлкен, әрі орталық көше болып саналады. Сондықтан бұл көшеге Әлихан атамыздың атын беру өте лайықты. Және осы көшенің (Кутузов) Лермонтов көшесімен қиылысында біздің еліміздің көк байрағы ілініп тұратын жерге Әлихан атамызға үлкен бір ескерткіш орнатылса нұр үстіне нұр болар еді.

Тағы бір айта кететін мәселе біздің Павлодар қаласында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жұмыс істейді. Аталмыш институт қазіргі таңда атаусыз тұр. Сондықтан бұл институтқа Қошке (Қошмұхамед) Кемеңгер атамызға беруді сұраймын. Ата-бабалары Баянауылдан шыққан, өзі Омбы қаласының маныңда туып өскеніне қарамастан Павлодар өңірінде қызмет етті, сондықтан да оны жергілікті зиялылар қатарына қосуға болады. Қошке атамызға да Павлодар қаласындағы 1 мамыр (1 мая) көшесін Қошке Кемеңгер көшесі деп өзгертуіңізді сұраймын.

Бүгін тәуелсіздік жағдайында Мұстафа Шоқайдың даналық сөздері ерекше мәнмен қабылданады: «Ұлттық азаттық ұлттық рухтың нәтижесі болып табылады. Ал ұлттық рух ұлттық азаттық пен тәуелсіздік болған кезде өседі және өзінің жемістерін әкеледі». Біздің Павлодар қаласында ұлттық рух осы қазіргі тәуелсіз Қазақстанның таңында өсіп келеді, енді өзінің жемістерін берсе екен деп үміттенемін.

 

Құрметпен сіздің алашыңыз (отандасыңыз) Жангазин Дархан Шаймолдаұлы.

 
2
2
906

Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі шенеуніктің азаматпен тікелей байланысының болуында болып табылатындығы, ал мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болатындығы көрсетілген. Жыл сайын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер спектрі кеңеюде. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алу үшін бұрын көпсағаттық кезектер құрылатын, қазіргі таңда бұл аз ғана уақытты алады. Осы ретте, 2015 жылғы 23 қазанда Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы және «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалымен халықты жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігін ақпараттандыру мақсатында «Хабардар бол - қорғалған бол» атты акция өткізілді. Акция барысында Департамент қызметкерлері Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі қызметкерлерін қалалық жер қатынастары бөлімінде орын алған кемшіліктермен таныстырды, сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі олардың құқығын түсіндірді. ХҚО-ның қызметкерлері қызметтердің электрондық түрде алудың артықшылығын түсіндіріп, барлық азаматтарға консультациялық кеңес берді. Халықты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігін ақпараттандыру мақсатында Департаментпен «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым» атты жадынамалар әзірленіп, таратылды. Өз кезегінде , азаматтар өткізілген акция бойынша өз оң пікірлерін білдіріп, халыққа арасында осындай іс-шаралардың өткізілу маңыздылығын атап өтті.

0
0
748

ЖҚО көмек көрсетуге асығады

«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» өзінің көшпелі ЖҚКО-ғын жалғастыруда. Осы жұмада қызметкерлер «Кастинг» ЖШС-не барды. Жас зауытшылар ЖҚКО-ның қызметкерлерін сұрақтар астына алды. Инспектор кеңесіне ниеттенгендердің көптігінен кездесу уақытын ұзартуға тура келді.

Көшпелі ЖҚКО «Самал» оңалту орталығында да болды. Орталықтың тәрбиеленушілері тұрғын үй мәселесіне аса қызығушылық танытты. Сонымен қатар, жастарды психологиялық және заңды көмек боййынша кеңес алу мүмкіндіктері қызықтырды.

Кездесулер назардан тыс қалып жатқан жоқ. ЖҚКО қызметімен таныстыру жұмыстарынан кейін көптеген жас адамдар орталыққа жан-жақты кеңес алу үшін келетін болды.

 
0
0
555

Г.Әбдіқалықова ЕҚЫҰ-ны ҚР Президентінің БҰҰ мінберінен айтқан бастамаларын қолдауға шақырды

Хельсинки қорытынды актісі мен Астанадағы саммиттің мерейтойына арналған «ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері» халықаралық конференциясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында ұсынған бастамаларын қолдауға шақырды.

«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыс көпірі бола отыра, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу бойынша тарихи миссиясын сәтті жүзеге асырып отыр. Бүгінгі саяси жағдай қауіпсіздік жүйесін нығайтуды талап етеді, ол қазіргі сын-қатерлерге жауап беруі тиіс. Бұл үшін жалпы еуропалық қауіпсіздік жүйесін жетілдірген жөн. Қазіргі уақыттағы ЕҚЫҰ-ның әлемдегі қақтығыстармен күрес саласындағы әлеуеті бірегей және нәтижелі бола алатынын атап өту керек», - деп атап өтті сөз басында Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшының сөзінше, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның халықаралық қарым-қатынастағы сенімді қалпына келтіруге, халықаралық құқық негізіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған барлық бастамаларын қолдайды.

«Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, 1-2 желтоқсанда Астанада ұйымның саммитін өткізді. Бұл қазіргі Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болды. Астанадағы саммит әлем елдері арасындағы сенімді қалыптастыру жолдарын зерттеп-зерделеуді көздеген еді», - деді ол. 

«БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, алдағы 30 жылда әлемдік өркениет соғыстар мен қақтығыстарды тоқтатуға өз бойынан даналық пен күш табады. ХХІ ғасырда адамзаттың басты міндеті әлемді соғыс қаупінен біржола арылтатын стратегияны жүзеге асыру болу қажет. Бұл үшін Мемлекет басшысы 2045 жылға дейінгі жаһандық стратегиялық бастама жоспарын әзірлеуді ұсынды», - деді Мемлекеттік хатшы.

Бұдан бөлек, Г.Әбдіқалықова алға тартқандай, Қазақстан бүгінгі таңда Еуразия өңіріндегі қақтығысып жатқан тараптарды татуластыруға күш салып жатыр.

«Президент алға тартқан «Жаңа болашақ» тұжырымдамасы – бұл ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі, сенім, өзара түсіністік және реформалар. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, ЕҚЫҰ-ны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының мінберінен айтқан бастамаларын қолдауға шақырамын», - деді Мемлекеттік хатшы.

Ақпарат көзі

 
0
0
360

Қазақстанда «Ана Үйі» қоры жұмысының нәтижесінде 1-1,5 жас аралығындағы жетім балалардың саны қысқарды

Біздің жобамыздың нәтижесі 0 -18 айға дейінгі балаларды асырап алудың қажеттілігін тудырдық, жобаның мақсаты – Қазақстандағы жетім балалар санын азайту, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Ана Үйі» қоғамдық қорының атқарушы жетекшісі Надия Борамбаева.

«Жобаның  мақсаты – Қазақстандағы жетім балалар санын азайту. «Ана Үйі»  - бұл әйелдерге психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету. Дағдарыс орталығы – Қазақстанның жалғыз басты аналарына қолдау көрсету. «Ана Үйі»  ҚР-ның барлық перинаталды орталықтары мен перзентханаларымен тығыз қарым-қатынаста. Жобаның жедел желісіне шығу басшылыққа бірнеше көзден келеді: өз баласынан бас тартқысы келген  аналардың өзінен, аналардың туыстары мен достарынан. Бізге қоңырау түскен кезде біздің үйлестіруші Қазақстан өңіріне  ьарып, жас ананы ешқандай асығыс пікір қабылдамауға көндіреді. Бірнеше уақыт бойы дағдарыс орталығында өмір сүруге ұсынады», - деді Н.Борамбаева.

Дағдарыс орталығында 1-1,5 жас аралығындағы балалар мен аналар өмір сүреді. Атқарушы директор атап өткендей, бала денсаулығының жағдайы физикалық ауруға душар болса тұру уақыты 1,5 жылды құрайды.

« «Ана Үйінде» әйелдерге моральдық және материалдық көмек көрсетеді. Оған баспана, азық, киім, медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі», - деді ол.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен келісім бойынша дағдарыс орталықтары белгіленген емханаларға тіркелген. Сондай-ақ, әйелдерді оқыту үшін тігін цехтері мен компьтерлік курстар ашылды. Н.Борамбаеваның айтуынша, болашақта әйелдер өз ісін ақша табысы үшін қолданыла алады.

«Біз Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасымен келіскен болатынбыз. Бізде бос жұмыс орындар кестесі бар, әйелдерді өіндік ісіне байланысты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туып отыр», - деді ол.

Жыл сайын Қазақстан бойынша мыңдаған әйел дағдарыс орталығына жүгінеді. Бүгінде олардың саны 27 үйді құрайды.

«Егер әйелдерден туған-туыстары бас тартса, біздің психологтар әйелдермен ғана емес олардың отбасымен де кеңестер өткізеді. Жыл басынан бері 478 әйел жобадан кетті, қазір 236 әйел отбасымен байланыс орнатты. Біз балалардың қызығушылығы үшін жауап береміз, себебі олар отбасында тәрбиеленуі тиіс», - деді ол.

Ақпарат көзі

 
0
0
727

Астанада «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астана қаласында «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесінің аясында аталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

"Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиын жағдайларына тап болған 200 мыңнан астам азаматқа көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты. Олардың арасында өмірдің қиындығына тап болып, мойымай, қиындықты жеңе білген мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны басым. Ауыртпалыққа қарамастан, олар өз өмірлерін толыққанды әрі батырлықпен, асқан ұстамдылықпен жалғастырып қана қоймай, өзгелердің де мәселелерін шешіп, олардың тіршілік алаңында өз орындарын орнықты табуына көмектесіп келеді", - деді Т.Дүйсенова.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» ұйымдастырумен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен өткен шараға Парламент депутаттары, мемлекеттіік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.Мүгедектер, жасы ұлғайған адамдарға және тағы басқа халықтың ерекше тобының өмірін жақсартуға негізделген әлеуметтік жобаларды қолдау – ҚР ДСӘДМ қызметінде басымдыққа ие.

Биылғы жылы аймақтық комиссия 124 өтінішті қарастырып, 26 әлеуметтік жоба байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды.

Құрамына министрліктің, БАҚ-тың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері кірген іріктеу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасы ДСӘДМ сайтындағы берілген дауыстардың нәтижесін есепке ала отырып, 3 инновациялық жобаны анықтады.

Сонымен қатар, онлайн дауыс берудің нәтижесінде ең көп дауысты (5042) Павлодар облыстық Жанна Жанжігітованың «Жан күйзелістері бар адамдар үйі» жобасы жинады. Жоба авторына құнды сыйлық берілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Үш жылдың ішінде «Үздік әлеуметтік жоба» атағын алу үшін байқауға 317 өтініш қабылданып, оның 64-і жеңімпаз атанған болатын. Жеңімпаздардың жалпы санынан 10 жоба өз қаражатының есебінен орындалып жатса, 25 жоба демеушілер мен қарастырылған қаражаттың көмегімен, 28-і мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асырылып келеді.

Ақпарат көзі

 
0
0
368

Коста-Риканың СІМ басшысы Астанада ҚР-ның БҰҰ ҚК тұрақты емес өкіліндігіне кандидатурасын қолдады

2015 жылдың 22 қазанында Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанға ресми сапармен келген коста-рикалық әріптесі Мануэль Гонсалес сансомен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтарда Қазақстан мен Коста-Рика ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамытудың келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

М. Гонсалес 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын өз елінің қолдайтындығы туралы мәлімдеді. Өз кезегінде Е. Ыдырысов осындай шешім үшін әріптесіне ризашылығын білдірді және жаһандық сипаттағы проблемаларды шешудегі ортақ мақсаттар мен көзқарастарды ескере отырып, осы форматтағы ынтымақтастықты жалғастыруға шақырды.

Келіссөздер шеңберінде сондай-ақ екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасында Саяси консультациялар туралы меморандумға қол қойылды. «Біз СІМаралық саяси консультацияларды диалог алаңының тетігі және ынтымақтастықтың келешегі зор өзара тиімді бағыттарын іздестіру үшін құрал ретінде қараймыз», – деп атап көрсетті Е. Ыдырысов.

Бұдан басқа, тараптар таяу уақытта екі елдің азаматтарының визасыз сапарлары туралы келісім жасасуға уағдаласты. Бүгінгі күні Қазақстан осыған ұқсас келісімді Латын Америкасының үш елімен – Эквадормен, Бразилиямен және Аргентинамен жасасты және қол қойды.

«Латын Америкасының қазақстандықтар арасында өсе түсіп отырған танымалдығын, жолға қойылған авиабағыттарды, сондай-ақ Сіздің елде демалудың қауіпсіздігі мен тамаша жағдайларын ескере отырып, біз болашақта Қазақстаннан Коста-Рикаға туристердің саны өсетіндігіне сенім артамыз», – деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.

«Коста-Рика инвестицияларды белсенді түрдет артуда, біз сияқты бизнес-қоғамдастықтар мен шетелдік инвесторларға арналған көптеген артықшылықтары мен жеңілдіктері бар арнайы экономикалық аймақтар құруда. Сондықтан визасыз сапарлар туралы келісім жасасу кеңа уқымда, бірінші кезекте, сауда және бизнес желісі бойынша біздің елдеріміздің арасындағы байланыстар үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды. Латын Америкасы елдерімен КАРИКОМ туризм көзқарасы тұрғысынан үлкен қызығушылық туғызуда, сондықтан біз мұндай келісім мемлекеттерімізді елеулі түрде жақындататынына сенім артамыз»,– толықтырды ол.

Е. Ыдырысов сондай-ақ үлесі 95-98 пайызды құрайтын, энергияның қалпына келтірілетін көздерін пайдаланудағы Коста-Риканың бірегей тәжірибесін атап көрсетті. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының пікірі бойынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі баламалы энергетика саласында ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы тұғырнама болмақшы және көрменің жемісті өтуіне елеулі үлес қоспақшы.

Тараптар жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздік саласында екі мемлекеттің ортақ көзқарастарын, атап айтқанда, ядролық қарусыздануды және оны таратпауды, терроршылдыққа қарсы күресті және даму мақсатындағы жаһандық күш-жігерді қолдауды атап өтті. «БҰҰ Бас Ассамблеясының өткен 70-ші сессиясында біздің президенттеріміздің тұрлаулы даму мақсаттарының пайдасына әскери бюджетті қысқарту сияқты ұқсас бастамалармен шығып сөйлегені назар аударады», – деп хабарлады ҚР СІМ басшысы. Ол сондай-ақ Коста-Рика өз егемендікті қорғауда халықаралық құқықтың құралдарына толық иек артып, әскерін таратқан бірегей ел болып табылатынына тап көрсетті. «Бұл тәжірибе жаһандық ауқымда пайдалы болуы мүмкін, сондықтан БҰҰ алаңында біз мемлекеттеріміздің басшылары айтқан бастамаларды ілгерілету үшін бірлескен жұмыс туралы уағдаластық»,–деп толықтырды министр.

ҚР СІМ басшысы М. Гонсалестің сапары Қазақстанның тарихында Орталық Америка мемлекеттерінің осындай жоғары деңгейдегі тұңғыш сапары болып отырғанын атап өтіп, қарым-қатынастың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі қарқынды дамуына, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзара ықпалдастыққа үміт артты.

Ақпарат көзі

 
0
0
357

«Қайрат»-«Астана» матчына павлодарлық Игорь Алешин төрелік етеді

25-қазанда ҚПЛ-дың 30-туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» кездеседі.

Ойынның бас төрешісі болып павлодарлық Игорь Алешин тағайындалды. Оған атыраулық Анатолий Ходин мен тараздық Дмитрий Филоненко көмектеседі. Қосымша көмекшілер: Артём Кучин (Қарағанды), Болат Карлибаев (Орал) және резервтегі төреші – алматылық Алексей Шабанов.

Еске сала кетейік, Алматыдағы «Орталық стадионда» өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

 
0
0
593