Роман Жантілеев – үлгі болуға лайық!

Ағымдағы жылғы 17 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Роман Жантілеев «Кубок Вызова IV» функционалды көпсайысы бойынша Ашық халықаралық турнирге қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді.
Екатеринбург қаласында өткен турнир Ресей және Қазақстанның - Астана, Алматы, Қостанай, Петропавл, Мәскеу, Сүргіт, Омбы, Челябі, Новосібір және өзге де қалаларынан жиылған 340 спортышының басын біріктірді.
Аталған жарыста спортшылар кроссфиттен өтетін, Ресей чемпионатының «Гераклион» қысқы кубогына жолдама алу үшін сынға түсті. Нәтижесінде, жеңімпаздар қатарынан көрінген жерлесіміз, 2016 жылдың қысында Мәскеу қаласында өтетін додаға лайықты екендігін дәлелдеді.
Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды қолға алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, мұндай жетістіктерімен салауатты өмір салтын да жоғары деңгейде насихаттауда.
Өйткені бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі болып табылады.


