Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жасыл экономика қағидаттарын ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелері талқыланды

«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global жобасын дамыту коалициясы және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Астана қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің өкілдері Шымкентте шаруалармен жүздесті. Басқосуда  баламалы қуат көздері мен инновациялық жобалардың тиімділігі түсіндіріліп, органикалық ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Мамандар тауар өндірушілерге тиімді технологияларға қалай қол жеткізуге болатынын және оған мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді айтып берді. Бүгінде оңтүстікте күннің көзі мен өзен суын  пайдаланып, арзан энергия өндіріліп жатыр. Желден  қуат өндіру де жоспарда бар. Жалпы, ғылымды өніріспен ұштастырып табиғат байлығын тиімді пайдалану тауардың өзіндік құнының төмендеуіне де негіз болады, – дейді мамандар. Елімізде органикалық тауарлар өндірісі туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр.

Салтанат РАҚЫМБЕКОВА,«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ G-GLOBAL-ДЫ ДАМЫТУ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Енді оңтүстіктің потенциалын айтатын болсақ, негізі бұл – жер ауылшаруашылығы дамыған өңір. Бұл жерде барлық өнім түрі шығарылады. Енді сол өнімнің бағасын түсіру керек. Өйткені ол өнім бағасында энорго шығындар көп болады. Соны азайтуда осы «Жасыл» технологияның мүмкіншілігін біз жеткізіп көрсетіп отырмыз.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10363

 
1
0
293

Осы тақырып бойынша

Жасыл экономика қағидаттарын ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелері талқыланды - Yvision.kz