Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
Құрылыс саласындағы бизнес өкілдерімен кездесу
Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және ҚР Қылмыстық кодексіндегі түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті. Семинар кеңеске Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары А.Өксекбаев және құрлыс жобалаушы ЖШС басшылары қатысты. Семинар-кеңес барысында бизнес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен бизнес институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың белгілі бір мемлекеттік қы…


