Мазмұнға өту

Жаңа

«Поэзия әлемінде» ақын – Салтанат Смағұлова

Бүгін сағат 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Салтанат 1982 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Бірнеше аймақтық, облыстық, республикалық басылымдарда және сайттар мен порталдарда өлеңдер топтамалары жарық көрді.

Шығармашыл жастардың ХҮ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Педагогика ғылымдарының магистрі. Қазіргі таңда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарады.

Салтанат Сұмағұлова туралы хабарды бүгін сағат 12:30-да көріңіз.

0
0
726

СҚО Тәртіптік кеңесі қатаң сөгіс жариялады

Ағымдағы жылғы 22 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 9 мәселе қаралды, ішіндегі 8 тәртіптік іс жемқорлық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтамауына қатысты болды. Алдымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымы бойынша, еңбек заңнамасының нормаларын бұзған, Қалалық балалар емханасының бас дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қаралды. Нақтырақ айтқанда, өзге жерде қызмет ететін қызын қоса атқару шартын жасаспай жұмысқа қабылдаған дәрігер, оған еңбекақысын да толық көлемде төлеп келген. Же…

0
0
938

Қазақстан Республикасының президентінің назарына!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы. Мен Павлодар қаласының тұрғыны Жангазин Дархан Шаймолдаұлымын. Біріншіден сіздің БҰҰ-ның 70 сесиясында қазақша баяндама жасағаныңыз түгел билікте отырған және қазақ жерінде тұратын әрбір азаматқа үлгі болды. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай сіздің қазақ тілінде жасаған баяндамаңыз қазақ тілінің мәртебесін жиынға жиналған алпауыт елдер басшыларының алдыңда асқақтата түсті. Сіздін бұл істеген ісіңізді көріп қуанып отырмын. Менің шет елде оқып жатқан замандастарымның айтуынша сіздің бұл ісіңіз шетел азаматтарының арасында қызу талқылану үстінде. Олар болса мақтанышпен: «Бұл біздің елдің президентті» – деп төбелері көкке жетуде. Ахмет Байтұрсын…

2
2
857

Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі шенеуніктің азаматпен тікелей байланысының болуында болып табылатындығы, ал мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болатындығы көрсетілген. Жыл сайын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер спектрі кеңеюде. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алу үшін бұрын көпсағаттық кезектер құрылатын, қазіргі таңда бұл аз ғана уақытты алады. Осы ретте, 2015 жылғы 23 қазанда Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-…

0
0
698

ЖҚО көмек көрсетуге асығады

«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» өзінің көшпелі ЖҚКО-ғын жалғастыруда. Осы жұмада қызметкерлер «Кастинг» ЖШС-не барды. Жас зауытшылар ЖҚКО-ның қызметкерлерін сұрақтар астына алды. Инспектор кеңесіне ниеттенгендердің көптігінен кездесу уақытын ұзартуға тура келді.

Көшпелі ЖҚКО «Самал» оңалту орталығында да болды. Орталықтың тәрбиеленушілері тұрғын үй мәселесіне аса қызығушылық танытты. Сонымен қатар, жастарды психологиялық және заңды көмек боййынша кеңес алу мүмкіндіктері қызықтырды.

Кездесулер назардан тыс қалып жатқан жоқ. ЖҚКО қызметімен таныстыру жұмыстарынан кейін көптеген жас адамдар орталыққа жан-жақты кеңес алу үшін келетін болды.

0
0
513

Г.Әбдіқалықова ЕҚЫҰ-ны ҚР Президентінің БҰҰ мінберінен айтқан бастамаларын қолдауға шақырды

Хельсинки қорытынды актісі мен Астанадағы саммиттің мерейтойына арналған «ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері» халықаралық конференциясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында ұсынған бастамаларын қолдауға шақырды. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыс көпірі бола отыра, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу бойынша тарихи миссиясын сәтті жүзеге асырып отыр. Бүгінгі саяси жағдай қауіпсіздік жүйесін нығайтуды талап етеді, ол қазіргі сын-қатерлерге жауап беруі тиіс. Бұл үшін жалпы еуропалық қауіпсіздік жүйесін жетілдірген жөн. Қазіргі уақыттағы ЕҚЫҰ-ның әлемдегі қақтығыстармен күрес саласындағы әлеуеті бірегей…

0
0
319

Қазақстанда «Ана Үйі» қоры жұмысының нәтижесінде 1-1,5 жас аралығындағы жетім балалардың саны қысқарды

Біздің жобамыздың нәтижесі 0 -18 айға дейінгі балаларды асырап алудың қажеттілігін тудырдық, жобаның мақсаты – Қазақстандағы жетім балалар санын азайту, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Ана Үйі» қоғамдық қорының атқарушы жетекшісі Надия Борамбаева. «Жобаның мақсаты – Қазақстандағы жетім балалар санын азайту. «Ана Үйі» - бұл әйелдерге психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету. Дағдарыс орталығы – Қазақстанның жалғыз басты аналарына қолдау көрсету. «Ана Үйі» ҚР-ның барлық перинаталды орталықтары мен перзентханаларымен тығыз қарым-қатынаста. Жобаның жедел желісіне шығу басшылыққа бірнеше көзден келеді: өз баласынан бас тартқысы келген аналардың өзінен, аналардың туыстары мен достарынан. Бізге қоңырау түскен кезде біздің үйлестіруші Қазақстан өңіріне ьарып, жас ананы ешқандай асығ…

0
0
690

Астанада «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астана қаласында «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесінің аясында аталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды. "Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиын жағдайларына тап болған 200 мыңнан астам азаматқа көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты. Олардың арасында өмірдің қиындығына тап болып, мойымай, қиындықты жеңе білген мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны басым. Ауыртпалыққа қарамастан, олар өз өмірлерін толыққанды әрі батырлықпен, асқан ұстамдылықпен жалғастырып қана қоймай, өзгелердің де мәселелерін шешіп, олардың тіршілік алаңында өз орындарын орнықты табуына көмектесіп келеді", - деді Т.Дүйсенова. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» ұйымдастырумен және…

0
0
334

Коста-Риканың СІМ басшысы Астанада ҚР-ның БҰҰ ҚК тұрақты емес өкіліндігіне кандидатурасын қолдады

2015 жылдың 22 қазанында Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанға ресми сапармен келген коста-рикалық әріптесі Мануэль Гонсалес сансомен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтарда Қазақстан мен Коста-Рика ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамытудың келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. М. Гонсалес 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын өз елінің қолдайтындығы туралы мәлімдеді. Өз кезегінде Е. Ыдырысов осындай шешім үшін әріптесіне ризашылығын білдірді және жаһандық сипаттағы проблемаларды шешудегі ортақ мақсаттар мен көзқарастарды ескере отырып, осы форматтағы ынтымақтастықты жалғастыруға шақырды. Келіссөздер шеңберінде сондай-ақ ек…

0
0
315

«Қайрат»-«Астана» матчына павлодарлық Игорь Алешин төрелік етеді

25-қазанда ҚПЛ-дың 30-туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» кездеседі.

Ойынның бас төрешісі болып павлодарлық Игорь Алешин тағайындалды. Оған атыраулық Анатолий Ходин мен тараздық Дмитрий Филоненко көмектеседі. Қосымша көмекшілер: Артём Кучин (Қарағанды), Болат Карлибаев (Орал) және резервтегі төреші – алматылық Алексей Шабанов.

Еске сала кетейік, Алматыдағы «Орталық стадионда» өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
528