Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіндегі семинар-кеңес.

2015 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департамент мамандарының құқықтық сауатталығын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш, мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын кәсіби, автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының жаңа жобасы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаты мен міндеттері және оның жүзеге асырылуы туралы, Қылмыстық Кодекстің сыбайлас жемқорлық нормалары жөнінде баяндамалар оқыды.

 

0
0
389

Осы тақырып бойынша

БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіндегі семинар-кеңес. - Yvision.kz