Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылордада тәртіп сақшыларының ұйымдастыруымен «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде

Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында республика көлемінде «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде.

Аталған акция шеңберінде 2015 жылдың 30 қазанында сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастап, қала көшелерін аралай отырып, автокөліктер шеруі жүріп өтетін болады.

Шара одан кейін 31 қазанда жалғасын тауып, сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастау алып, А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйіне дейін (Желтоқсан, одан кейін А.Тоқмағанбетов көшелерімен жүре отырып) жаяу шеру жүріп өтеді. Шеруге қаладағы барлық орта, арнаулы орта, жоғары оқу орындарының білім алушылары, медицина саласының қызметкерлері қатыстырылады. Акцияға қатысушылар бірліктің, ынтымақтастық символы – жалау ұстап шығып, есірткіден азат қоғамды қалайтындықтарын білдіріп, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Акция 31 қазанда А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйінде мерекелік жиынмен қорытындыланатын болады. Мерекелік шараға есірткімен күрес бағытында жемісті жұмыстар атқарып келген жасөспірімдер,  жастар, қоғамның белсенді мүшелері қатысып, марапатталатын болады.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
475

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жастар арасындағы құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу мәселелері!» бойынша семинар өткізілді.

2015 жылғы 27 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен,  бірлесе Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы «Жастар арасындағы құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу мәселелері!» тақырыбында семинар өтті.

0
0
479

Астанада дзюдо күресінен әлем біріншілігі өтеді

2015 жылдың 24-30 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы — Астана қаласында елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі., деп хабарлады ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, Оған 137 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады деп жоспарланған.

Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар. Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 200 журналист тіркеуден өтуге өтініш жасады. Бұл чемпионат Олимпиада қарсаңында өткізілетіндіктен, барлық мемлекеттер үшін маңызды болып табылады.

Әлем біріншілігі «Алау» мұзайдыны сарайында өткізіледі. Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және соңғы күні командалар өзара сынға түседі.

Осы әлем бірінішілігі аясында Халықаралық дзюдо федерациясының Конгрессі өткізіледі. Аталмыш шара ереже бойынша екі жылда бір рет ұйымдастырылады, соңғысы 2013 жылы Бразилиядағы әлем біріншілігі барысында өткізілген. Жиынның күнтәртібінде Халықаралық дзюдо федерациясының кейбір қызыметкерлерін алмастыру және басқа да мәселелер қарастырылмақ.

«Әлем чемпионаты 150 елде көрсетілетін болады. Жапония, Франция, Бразилия, Қытай, Ресей, Нидерланды, Австрия, Аргентина, Венгрия, Румыния, Моңғолия, АҚШ және басқа да мемлекеттердің тұрғындары жарысты тамашалай алады. Қазақстан аумағында жарысты көрсету құқығына «Казспорт» телеарнасы ие. Ел жанкүйерлері аталмыш арна арқылы додалы жарысты тікелей эфирде тамашалай алады», - делінген хабарламада.

Қазақстаның намысын ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары қорғайтын болады. Олардың қатарында, әлем чемпионы Максим Раков (Роттердам, 2009 жыл), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов (Рио — де — Жанейро, 2011 жыл), Азия ойындарының чемпионы Елдос Сметов (Инчхон, 2014 жыл), Олимпиада ойындарына қатысқан Александра Подрядова (Лондон, 2012 жыл), Олимпиада ойындарына қатысқан Гүлжан Исанова (Бейжің, 2008 жыл және Лондон, 2012 жыл) және т. б. спортшылар.

Естерінізге сала кетейік, өткен жылы Челябі (Ресей) қаласында өткен әлем брінішілігінде Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер халықаралық ұйымның туын Қазақстан дзюдо фдерациясының Президенті Кеңес Рақышевқа табыс етті.

Ақпарат көзі

 

0
0
230

Жақсы болсын жұбайың

Жақсы болсын жұбайың.

 

Ырысы қалың жігіттің қатыны - шаруа, томпаңдап

Жаман қатын көп ұйықтар, оятсаң - араз, қоңқаңдап.

Көргенді жерден қыз алсаң, атыңды ерттер жүгендеп,

Далаға жүрер уақытта, керектісін түгендеп,

Түнде көрсең - күндіздей, көңілің құшақ сүйеңдеп,

Көрсетеді көзіңе былтырғы берген инең деп

Құрала берер дүниең көп,

Билікті салсаң соған сал.

Бір сөз айтпа бұл нең деп,

Жаман болса қатының,

Ұқсайды тілі шешекке,

Ызаға толар қос өкпе,

Бір жұмысты қылғанша,

Жолықтырар кесекке,

Жамбасың үйір боп кетер

Жатқанда қатты төсекке

Қаншама жақсы сөз айтсаң

Алмайды оны есепке

Арманда өтер өмірің

Артылғандай есекке

   

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

 
0
0
2391

Қалалық кеңес Алматыдағы заманауи өнер мұражайының құрылысын бекітті

Өткен сенбі күні Алматының Қала құрылысы кеңесіне меценаттар Бостандық ауданының аумағында халықаралық деңгейдегі Мұражай салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын, деп хабарлады қалалық әкімдік.

«Museum of Modern Art» ҚҚ-ның осы жобаны жасаушылары туризмнің халықаралық орталығы болып табылатын қаланың беделін одан әрі көтеруді көздепті.

Құрылыс нысаны Ботаникалық баққа жақын аумақта бой көтереді, оған бөлінген жер көлемі 2,17 гектар, Әл – Фараби даңғылының солтүстігі. Қалалық кеңес мүшелері айтып өткендей, болашақта салынған мұражай Дендрапарктің дамуына оң ықпал етіп, Ботаникалық баққа енудің кіреберісі болады. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Ботаникалық бақтан Әл- Фараби даңғылына шығатын жол жоқ. Жоба бастамашыларына қойылған басты талап – салынатын мұражай кешенінде заманауи өнер мектеп- студиясының болуы. Оның үстіне жалға берілетін жер сатылмайды және өзінің негізгі сипатын өзгертпейді.

Әкім Алматының білім- ғылым, мәдени орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі көтеру туралы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыруда болашақта салынатын бұл құрылыстың маңызы үлкен болатынын айтты.

«Қаламызды барынша заманауи және халықаралық стандарттарға сай және тұрғындарға қолайлы ету өте маңызды. Сондықтан біз қаламыздың рухани өмірін жаңғыртуға тиіспіз» - деді әкім.

Бизнесмен Сержан Жұмашов «Museum of Modern Art» қоғамдық қорының бір топ меценаттар құрған коммерциялық емес, қоғамдық негіздегі ұйым екендігін айтты. Оның негізгі мақсаты- халықаралық деңгейдегі заманауи мұражай салуды жүзеге асыру. Жоба жұмысын одан әрі жүргізу үшін әлемдегі заманауи мұражайлардың бірі тартылатын болады.

Бұл жобаны жасауға әлемдегі ең үздік архитекторлардың бірі, түрлі техникалық элементтерді ұтымды прайдаланушы – Карлос Ферратер ( OAB, Испаниядағы архитектура бюросын құрушы және басшысы) шақырылды.OAB-тың архитектуралық бюросының мұражайлар мен мәдени орталықтар жобасын жасауда жинақтаған тәжірибесі үлкен. Компания архитекторлары Гранададағы Ғылым мұражайының (Испания), Манльеудегі Тер (Испания), Лиондағы Слияние (Франция) музейлерінің, Кастельондағы мәдени орталықтың (Испания) жобаларын жасаған. 1996 жылы OAB бюросы мұражайларды дамытуға үлес қосқаны үшін Музейлер қоғамдастығының V Bonaplata Prizes сыйлығын иеленген.

Бұлардан өзге Қалалық кеңесте Медеу ауданындағы « JubileeLand» тұрғын кешенінің жобасы мақұлданды, оны «Кумполан Казахстан» ЖШС тапсырысы бойынша RSP Architects Planners & Engineers (Pte) Ltd, Сингапур мен «ПА «KAZGOR»ЖШС жасаған.

Кешен аумағында жасылдандыру ісіне ерекше мән берілетін болады.

Қала әкімі Алматының қала құрылысында халықаралық тәжірибені кеңінен пайдалануды және әр ауданның өзіндік архитектуралық келбеті болуы тиіс дегенді қадап тұрып айтты.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10690

 
1
0
376

Astana Invest 2015 қатысушылары фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясы зауытын аралады

Бүгін Астанада VI Халықаралық инвестициялық форумының бірінші күні өтіп жатыр.

Аталған шараға қатысу үшін елордаға Еуропа, ТМД мен Азия мемлекеттерінен делегаттар келді.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Форум аясында қатысушылар «Аstana Solar» ЖШС фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясын шығаратын зауытты аралады. Кәсіпорын өкілдері қонақтарды қарсы алып, зауыт жұмысымен толыққанды таныстырды.

Күн батарея өнімін шығару Қазақстанда үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алматы облысы Үштөбе қаласында кремний өндіріліп, Өскемен қаласында негізгі шикізат көзі дайындалып, Астанаға күн ұяшықтары түрінде жеткізіліп, күн модульдері дайындалады.

Зауыттың өнімділігі сағатына 30 модульді, тәулігіне 240 модульді құрайды. Кәсіпорын жылына қуаттылығы 50 МВт-тық дайын фотоэлектр модульдерін құрайды.

«Astana Solar» – Қазақстанда фотоэлектр индустриясын дамытудың тік интеграцияланған жүйенің «KazPV» деп аталатын тізбегінің бір түйіні.

Зауытты аралау барысында қатысушылар күн батареясы өнімін бастапқы түрінен дайын болған қалпына дейін көре алды. Зауыт толығымен автоматтандырылған. Қол еңбегі неғұрлым аз, негізінен жұмыс барысын бақылау және өнім сапасын тексеру кезінде ғана пайдаланылады. Инвестициялық турдың қатысушыларына зауытта шығарылған батарея 25 жылға дейін жұмыс істейтіндігі туралы айтылды.

Зауыттың құрылысы Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстанның Индустрияландыру картасының бөлігі болып табылады.

Еске салайық, Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуіне және «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға орай аталған жобаның өзектілігі артады.

Айта кету керек, VI Халықаралық инвестициялық форумға 2500-ге жуық адам, оның ішінде 1500-і шетелден келген қонақтар қатысады.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10694

 
1
0
292

Қарағандылық өнертапқыштардың тың жаңалығы

Қарағандылық физиктер қымбат тұратын құрылғылардың төзімділігін арттыратын тәсілді ойлап тапты.

Жаңа технология тау-кен, мұнай және энергетикалық компанияларды жабдықтауға кететін шығындарды екі есеге азайтады.

Қазір ғалымдар қарағандылық жылу электр орталығындағы көмір ұнтақтайтын диірменнің төзімділігін арттырумен айналысып жатыр. Алдымен құрылғының бөлшектері тазартылып, одан кейін электрондық-сәуле балқымасынан өткізіледі. Соңында құрылғының үйкелісін азайту үшін оның сыртын арнайы жабындымен жабады. Мұндай тәсіл ғалымдардың айтуынша, құрылғының төзімділігін бес есеге арттырады.

Виктор Юров, ҚарМУ ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Біз материалдарды қаптау тәсілін тауып алдық. Бұл тәсіл Қазақстанда патенттелген. Жаңа технология балқыма қаптау ұнтақтары арқылы кез келген құрылғының төзімділігін арттыра алады.

Жаңа технологияны қолданысқа енгізбес бұрын қарағандылық физиктер жарты жыл бойы тер төкті. Технологиялық даму ұлттық агенттігі бұл бағытқа 3,5 млн теңге грант бөлген болатын. Электрондық-сәулелі балқыма қаптамасы қымбат құрылғылардың қызу төзімділігін де ұзартады.

Сергей Гученко, Ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері:

- Алдыменен біз қатты емес бөлшекті алып, оған балқыту ұнтағын жағамыз. Бұл ұнтақ бөлшектің құрамына балқу арқылы енеді. Бұл тәсіл қымбат құрылғы бөлшектерінің қызмет көрсету мерзімін ұлғайтып, қалпына келтіруге мүмкіндігін береді.

Қазір ғалымдар жаппай өнім шығару үшін өндірістік қондырғы жасауды қолға алды. Ірі компаниялар бұл өнімді сатып алып, өз құрылығыларын өздері жөндеу мүмкіндігіне ие болады.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10697

 
1
0
525

Е. Сұлтанов: Сары алтынды жиюға техника паркi де қол күшi де жетерлiк

Сотүстік Қазақстан облысының әкімі Ерiк Сұлтанов жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шал ақын ауданында орақ науқаны басталды. Облыс әкiмi жұмыс сапарымен осы ауданда болып, диқандармен кездестi.

Ең алдымен, өңiр басшысы «Азко Жаңажол» ЖШС егiн алқаптарында болып қайтты. Диқандар орақ науқанына толық даяр.

Қауызынан шығып тұрған сары алтынды жиюға, техника паркi де қол күшi де жетерлiк көрiнедi. Жалпы диқандар қауымы арық айтып семiз шыққанды жөн көредi. Жағдайды сұрай қалсаң әлiптiң артын бағып, «ауа райы жақсы болса» — деп жауап қатады.

Жалпы аудан бойынша 231 мың гектар жерге ырыс дәнi сiңiрiлген. Оның 17,5 гектары майлы дақылдар болса, 185 мың гектары дәндi-дақылдар, 22 мың гектарға бiржылдық шөп себiлдi. Жоспар бойынша гектар берекелiлiгi 15–20 центнерден айналатын көрiнедi.

Бұдан соң, өңiр басшысы аудан орталығындағы №2 мектептiң жағдайымен танысты. Бұнда 100 балаға шақталған шағын орталық аптасына 5 күн жұмыс iстейдi. Ал мектеп 11 жылдық бiлiм бередi. Балалар қазақ, орыс тiлдерiнде қатар оқытылады. Мектепте 51 мұғалiм қызмет етедi.Оған қоса, мектепте мұражай да бар. Ерiк Сұлтанов мұражайдағы арнайы кiтапшаға мектепке деген тiлектерiн жазды.

Бұдан соң аудан бюджетiнiң кiрiс және шығыс бөлiгiн орындау мәселелерiне арналған жиын өткiзiлдi.

«Ауылдықтар үшiн маңызды кезеңi орақ науқаны басталды. Оған облыс жақсы дайындықпен келдi. Техниканың 99-пайыздан астамы дайын. Биыл 17 млрд теңгеге техника сатып алынған болатын. Осы жұмыс жалғасын таппақ. Облыс бойынша бюджеттi қалыптастыруда қажеттi көрсеткiштерге қол жеткiзе алмай отырмыз. Республика деңгейiнде жағдай жаман болмаса да, аудандарға келгенде жұмыс ақсап тұрмыз. Шығысты қысқарту керек»,-деп атап өттi жиын барысында өңiр басшысы.

Облыс әкiмi өңiр бойынша гектарынан 30–35 центнерден астық алатын шаруа қожалықтарының саны артып келе жатқанын айтты. Жиында Шал ақын ауданының әкiмi Ербол Сағдиев бюджеттiң кiрiс-шығыс бөлiктерiне қатысты есеп бердi. Қазiргi таңда бюджет 95,5 пайызға орындалған екен.

Сонымен қатар, мемлекеттiк «Сыбаға»,«Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларын қолдануға ауылдықтардың құлшынысын арттыру жұмыстарын жүргiзу мiндеттелдi.

Бұдан соң, Ерiк Сұлтанов Аютас селолық округiнде зауыт құрылысы жүрiп жатқан «Трансагроинвест» ЖШС де болды. Мұнда болашақта қант өндiрiлмек. Жоспарға сай зауыт 2017 жылы ашылады. ЖСҚ бойынша 900 млн теңге бөлiндi. Кәсiпорын қуаттылығы тәулiгiне 300 тонна қант қызылшасын өңдеп, жылына 8 мың тонна қант өндiрмек. Қазiрде құрылыс жұмыстарымен 25 адам айналысуда, ал кәсiпорын ашылған соң, 84 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы «ТНС 2020» ЖШС егiн алқаптарында болды. Қожалық 88 мың га жерге ырыс дәнiн еккен. Серiктестiк те 15-20 күн iшiнде орақ науқанын аяқтамақ.

Ақпарат көзі

 

0
0
488