Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сенің таңдауын: сыбайлас жемқорлықта болу немесе болмау

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, заңды құрметтеу мен заң талаптарын сақтауды тарату.

2015 жылдың 29 қазанында өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбилеу, сыбайлас жемқорлықты тұрақты кері бағалауды қоғамда қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қызметін кең көлемде жарықтандыру және жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Департамент Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінде оқытушылар және бітіруші курс оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Н.Масимова қоғамның сырқаты болып табылатын, әрекеттерге қарсы әлеуметтік құбылыс сыбайлас жемқорлықты түсіндіріп, бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – сыбайлас жемқорлық әрекеттерді қабылдамаймын, қатыспаймын деген пассивтік тұрғыда ғана емес, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне белсенді күресу қажет екендігіне баса назар аударды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің консультанты Ә.Ө.Мұқашев және Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Н.О.Елеуова түлектерді мемлекеттік және азаматтық қызметке кіру тәртібі жөнінде ақпараттандырды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» жаднамалары үйлестірілді.

 

 
0
0
539

Осы тақырып бойынша

Сенің таңдауын: сыбайлас жемқорлықта болу немесе болмау - Yvision.kz