Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық және ол үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.

Стратегияның басты мақсаттарының бірі сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық қорғау жүйесінің жұмысындағы басымдықтар жасалған қылмыстарды анықтаудан олардың профилактикасы мен ескерту болуы тиіс және құқық қорғау қызметін бағалаудың басты критерийі халықтың сенімі болуы керек делінген.

Алайда, 2015 жылдың 9 айында облысымызда құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлеріне байланысты 47, соның ішінде  ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты 34 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасаған қызметкерлердің арасында басшы лауазымды тұлғаларда бар.

Өкінішке орай, осы көрсеткіштер ішкі істер органдарының беделіне және олардың мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғау қабілеттіне күмән туғызатыны мәлім.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарды алдын-алу және ескерту мақсатында, 2015 жылғы 2 қараша күні Департамент қызметкерлері БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасында семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің жұмысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А.Жұбаныш – жаңа Қылмыстық Кодексі, сыбайлас жемқорлық жасаған мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойы құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы ақпараттандырды. Одан кейін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы азаматтарды тұрақты түрде ақпараттандырып тұру және құқық қорғау саласында болған қылмыстар туралы баяндады.

Семинар-кеңес өткізу қаосаңында, 2015 жылдың 27 қазан күні Департаменттің ұйымдастыруымен БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы ғимаратында мемлекеттік қызмет алушылар арасында сауалнама жүргізілді.

Сауалнама мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын анықтау.

«Орал Студенттерінің Альянсы» корпоративтік қорының белсенділері мемлекеттік қызмет алушыларға Департамент тарапынан жасалған сауалнамаларды және «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» жаднамаларды үйлестірді.

Осы саулнаманың талдау ақпараты семинар-кеңес жұмысында талқыланды.

0
0
3335

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық және ол үшін жауапкершілік - Yvision.kz