Мазмұнға өту

Жаңа

Оқулықтарды талықлау

Мектепте қолданылатын оқулықтардың сапасын арттыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Оқулық» орталығы 2016-2017 жылдары мектептегі оқу үдерсісінде қолданылуы басталатын басылымдарды қоғамдық талқылауға ұсынып отыр. <cut>
Бұл оқулықтар негізінен 7-8- сыныптың оқулықтары. Тізімге барлық оқулықтар енгізілген секілді. Қазақстанда белгілі һәм белгісіз баспалар дайындаған оқулық нұсқалары ілінген.
КР БҒМ-і және «Оқулық» орталығы ұсынған игі істі қолдап, араларымызда қажетті білімі бар азаматтарды талқылауға түсетін оқулықтарға қатысты шолу жасауға шақырып, сол оқулықтарда кеткен өрескел қателер мысалдарын осы yvision сайтында кельтіруді ұсынамын.
Қоғамық талқылауды ұсынып отырғандар жасалатын ескертулердің маңызды екенін айтып, олардың барлығы да есепке алынатынын мәлімдейді. Соған сенсек, оқулықтарды жақсартудың мүмкіндігі туған секілді.

Оқулықтар төмендегі сілтемде берілген
expert.okulyk-edu.kz/

0
0
782

«МАЛ» Мұхтар Қ. Умаровтың фильмі

Менің жаңа фильмімді көріңіздер, пікір білдіріңіздер.

"МАЛ" Мұхтар Қ. Умаровтың фильмі

 

Біреуге мал деп айтып өзің "Мал" болып қалма!.

 

 

Сценарий авторы  және қоюшы режиссері: Мұхтар Қ. Умаров

Композиторы: Алексей Трубин

Оператор: Айтжанов Нұрсұлтан

Көмекшілер: Абзал Даукен, Айнұр Умарова

Продюсері: Мұхтар Умаров, Айнұр  Умарова

Түсіру сәтінен суреттер

 

 

Рөлдерде:

Мұхтар Умаров, Ергеш Айтжанов, Марат Айтжанов, Карынбаева Умытшах, Айнұр Умарова

Еркебулан Ергеш, Абзал Даукен, Нұрфатин Бақытұлы, Бердибек Улантай, Абсадыков Ерлан


Пайдаланылған музыка

O Fortuna - Carmina Burana

Ф.Шопен - Похоронный марш


Графика, монтаж, фильмнің бояуы.

Мұхтар Умаров


Көмек бергендеріңізге рахмет!


KALILAFILM

MUKHTAR K. UMAROV PRODUCTIONS


Алматы 2015 жыл

0
0
610

Менің ойымша, трамвай...

Алматы қаласында ‪#‎трамвай‬ қызметі өз жұмысын уақытша тоқтатуына байланысты әркім әртүрлі пікір айтып жатыр. Бірі трамвай керек десе, бірі тоқтатылғаны дұрыс болды дейді. Әрине пікір айтып, ой тудырушылардың барлығы трамвай жұмысы туралы біле бермейді. Көпшілігі қоғамдық пікірге еріп, өз сөзін айтып қалуда. Елден қалмау да дұрыс шығар. Менің де осы тақырыпта сөз қозғауға толық хақым бар. Себебі Трамвай депосын Алматы қаласы әкімімен бірге мен де аралап көрдім. Ой түйдім. Естігенімді емес, көргенімді айтайын.

Біріншіден қызметкерлер отыратын ғимарат өте нашар. Жөндеуден өтпеген. Бұзылған трамвайларды жөндейтін орындар да шаршаған. Пайымдауымша талапқа сай емес. Осыдан 2-3 жыл бұрын Германиядан 17 трамвай сатып алынғанын білесіздер. Соның 14-і ғана халыққа қызмет көрсетіп келіпті. Қалған үшеуі түрлі себептерге байланысты жөндеуде тұрған. Бұл өте аз. Оның үстіне аялдамада трамвайда 10-15 минут күтесіз. Бұл да халыққа тиімсіз.

Айтпақшы сіз бен біз трамвай салдарынан болған 2-3 апатты ғана білеміз. Негізі осы жылы трамвай салдарынан болған жол-көлік оқиғасының саны 43 екен. Бұл да аз сан емес.

Енді неге трамвай релстері жаңартылып, қайта пайдалануға берілмейді деген сұраққа да жауап беріп көрейін. Трамвай жолдарын жөндеу үшін 2 млрд керек екен. Ал, ол ақшаға 50 жаңа автобус сатып алуға болады. Сондай ақ жөндеу жұмыстары жүргізілсе қаланың бірнеше жолдары жабылады, көлік кептелісі көп Алматы үшін бұл өте тиімсіз. Ал, жөнделген күннің өзінде бұл жұмыстың 2-3 айда бітпейтінін сіз де білесіз.

Әкімшілік ғимарытаны келіп те, хат жолдап та трамвайға шағым айтушы тұрғындар көбейіп кетіпті. Қауіпті дейді. Меніңше трамвайдың уақытша тоқтатылуы өте дұрыс шешім. Енді жерді дірілдетіп жүретін трамвайдан халық қорықпайтын болады. Көлік жүргізушілері трамвай келе жатса, соғып кетеді деп үрейленбейді. Ал бұл жүйеде жұмыс істейтіндердің барлығы басқа жұмыстарға орналастыру туралы әкім тапсырмасын өз құлағыммен естідім. Ешкім жұмыссыз қалмасын деп шегелеп айтты. Ешкім жұмыссыз қалмайды.

Иә, трамвай экологиялық таза көлік. Алматының сәні. Бірақ, біз үшін адам өмірі қымбат емес пе?! Алдағы уақытта  трамвай жүретін 1-2 жол ашылады деп жоспарланған екен. Сағындырмай, ол да іске қосылады деп сенеміз. Көргенім мен түйгенім осы!

3
0
1586

В рамках «Нұрлы жол» в РК до 2018 года внедрят 24 образовательные программы для колледжей

В рамках программы «Нұрлы жол» перед системой технического и профессионального образования в подготовке компетентных специалистов для проектов индустриализации, Министерством образования и науки РК совместно с Министерством инвестиций и развития РК определены приоритетные отрасли экономики и потребность в специалистах с высшим и профессионально-техническим образованием.

Совместно с НАО «Холдинг «Кәсіпқор» на основе приоритетных отраслей экономики определены 10 колледжей, формирующих спрос на трудовые ресурсы в регионах. Эти колледжи призваны обеспечить покрытие потребности в технических кадрах страны и инновационных проектов ГПИИР, а также распространить в дальнейшем полученный опыт подготовки кадров по новым методикам образования в своем регионе. Целевыми ориентирами развития данных колледжей являются, прежде всего, модернизация содержания образования путем укрепления материально-технической базы, повышение профессиональной компетентности ИПР, обновление учебных программ в соответствии с мировыми стандартами.

«Для удовлетворения потребностей ГПИИР на 2015-2016 годы запланировано внедрение 8 новых образовательных программ, разработанных с учетом международного опыта и требований индустриализации в 10 колледжах. С текущего года внедрены 2 образовательные программы («Механообработка, контрольно-измерительные приборы и автоматика в промышленности», «Информационные системы») в колледже «Высшая техническая школа» г. Кокшетау  с размещением госзаказа на 50 мест», - сообщили в пресс-службе Министерства образования и науки РК.

В 2016-2018 годах будут разработаны еще 24 образовательные программы  с участием работодателей для дальнейшего внедрения в 10 базовых колледжах.

«Из 10 отобранных колледжей 6 колледжей оснащены современным оборудованием на общую сумму 425 млн тенге в рамках проекта «Модернизация ТиПО», реализуемого за счет займа Всемирного банка. Кроме того, c 2012 по 2015 годы данные колледжи получили средства на современное оборудование в размере 323,2 млн тенге из местного бюджета и 125 млн тенге - из республиканского. Для дополнительного оснащения 57 мастерских и лабораторий на 2016-2018 годы необходимо ежегодно по 200 млн тенге. За последние три года в 6 колледжах проведен капитальный ремонт на сумму 225,9 млн тенге», - отметили в ведомстве.

Анара Таныркулова

Источник strategy2050.kz

0
0
292

Астанада БАҚ пен спорт әлемінің өзара әрекеттесуінің негізгі аспектілері талқыланды

2015 жылғы 30 қазан – 1 қараша аралығында «Сарыарқа» велотрегінде спорт саласындағы БАҚ қызметінің ерекшелігі және олардың спорт федерацияларымен, спорт клубтарымен және ұйымдарымен өзара әрекеттесуі тақырыбындағы семинар өткізілді.

Семинарды Қазақстанның спорт баспасөзі ассоциациясы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazsport» телеарнасы ұйымдастырды.

Семинарға 100-ден астам түрлі сала өкілдері, атап айтқанда: республикалық және аймақтық БАҚ спорт журналистері, режиссерлері мен операторлары, спорт қауымдастықтары мен федерация өкілдері, медиа басшылар, сондай-ақ Ресей мен Украинадан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Семинарды «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Данияр Нұрғазин ашты.

Семинардың алғашқы күні спорт жарыстарын ақпараттандырудың технологияларына және түрлі спорт объектілерінде медиа инфрақұрылымды ұйымдастыруға арналды.

«Kazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин спорт телеарнасының шеңберіндегі техника мен шығармашылықтың бірлескен мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Спорт іс-шараларын трансляциялау кезінде техниканы пайдаланудағы коммерциялық мүмкіндіктер туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ коммерциялық директоры Шолпан Бейсенбаева баяндап берді.

Семинарда сөз сөйлеген әрбір спикер өз тақырыбының маңыздылығын ашып, тыңдармандарға жеткізуге тырысты.

Семинардың екінші күні «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанованың алғы сөзімен басталды. Басқарма төрағасы іс-шараның қатысушыларына алғыс айтып, осындай шараларды өткізудің маңыздылығына тоқталып өтті.

Бұл күні семинарға қатысушылар түрлі БАҚ-тағы спорт іс-шараларының ерекшелігімен танысты.

Сондай-ақ, семинарда «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов сөз сөйледі. Халықаралық класстағы спорт шебері атанған Айдар Махметов әріптестеріне спорт ұйымдары қызметін медиа-ақпараттандыру бойынша бірқатар ерекшеліктерді ұсынды.

Ресейден арнайы шақырылған «Агентство спортивных новостей «Тюменская аренаның» қоюшы-режиссері Александр Кондалов пен Украинадан арнайы шақырылған «1+1 телеарнасының» қоюшы-режиссері Игорь Свиридов ТД мен спорт ұйымдарының әрекеттесуі бойынша өз жұмыстарын көрсетті.

Семинардың үшінші күні спорт әлемінің ажырамас бөлігіне айналған  спорт комментаторларына арналды.

Семинар спикерлері спорт трансляциялары кезіндегі режиссер мен тілшілердің өзара әрекеттесуі туралы айтып, қазақ тілді комментаторлардың жағдайы туралы пікір алмасты.

Қазақстандық спорт журналистикасының ардагері Несіп Жүнісбаев «қалам және микрофон» шеберлерінің қазақстандық мектебінің заманауи жағдайы туралы баяндап, өзінің көп жылғы тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара қарсаңында «Kazsport» телеарнасы ұйымдастырған кастингқа қатысқан 25 үміткердің ішінен топ жарып шыққан спорт комментаторлары үшін де бұл күн естен кетпес оқиға болды.

Қызу талқыдан соң семинарға қатысушылар «Астана-Арена» стадионындағы «Астана» - «Ертіс» Қазақстандық премьер-лигасы матчының тікелей эфирдегі трансляциясы кезінде «Kazsport» телеарнасының техникалық мүмкіндіктерімен таныса алды.

Семинарға қатысушылар БАҚ-пен бірлесе отырып, отандық спортты дамыту перспективалары туралы өз ойларын ортаға салды.

Үш күндік семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар БАҚ-пен өзара әрекеттесу қоғамдық өмірде дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік маңызын ашуға көмек көрсете отырып, олардың сенімді «серіктестері» болып қалатынын бір ауыздан мақұлдап, өзара тиімді ынтымақтастықтың ары қарай жалғасатынына сенім білдірді.

0
0
499

Пластик бөтелкедегі сусынды аларда неге назар аудару қажет?

Сусын сатып аларда бөтелкенің қандай болу керектігін білесіз бе? Көпшілік бар болғаны бөтелкенің түбі сау болы қажеттігін ғана біледі. Бірақ бұл өз денсаулығыңызды сақтау үшін жеткілікті емес.


0
0
466

Адамды тыңдата білудің 6 қағидасы


Егер сенің сөзіңді көп адам тыңдасын десең онда 6 нәрседен қашық бол.

1. Cөзіңнің арасына өсек араластырма
2. Әңгіме барысында ешкімді талқылама
3. Сөзіңе жағымсыз хабар (негатив) араластырма
4. Ақталма
5. Әңгімеңді әсірелеп айтпа. Әсірелеу өтірікке алып барады
6. Ешқашан жалған сөйлеме, жалған ақпарат таратпа.

Ал, әңгімең өтімді болып, елдің ұйып тыңдауы үшін 4 нәрсеге асық бол.
1. Шынайы бол
2. Басқа образға кірмей, өзіңмен өзің бол
3. Шын сөйле
4. Тыңдармандарыңа махаббатың болсын.

Махаббат ол жақсылық тілеу. Жақсы хабар тарату, жағымды ақпарат жеткізу. Ал, оқырмандарыңа махаббатың болмаса, онда сен өсек айтып, жалған сөйлеп, арасында ақталып, біреуді қаралап негатив ақпарат жеткізесің. Бұл оның көңіл күйіне, психологиясына һәм өміріне зиян! Ең жаманы ол енді сені тыңдамайды!

p.s. Пайдалы ақпаратты пайдаңа жарат, дос!

 
0
0
683

«Астана» мен «Атлетико» тең түсті (ФОТО)

3 қараша күні елордамыздағы «Астана Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» футбол клубы» испаниялық «Атлетико Мадрид» клубын қабылдап, теңбе-тең нәтижеге қол жеткізді. ФОТО


0
0
615

Қазақстан Елшісі Мальта Орденінің Князі және Ұлы Магистріне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің Князі және Ұлы магистрі Фра Мэтью Фестингке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлады СІМ.

Салтанатты рәсімге Ұлы Командор Фра Людвиг Хоффман фон Румерштейн, Ұлы Канцлер – Сыртқы істер министрі Альбрехт Фрайгер фон Бёзелагер және Мальта Орденінің басқа жоғары санатты лауазымды тұлғалары  да қатысты.

Салтанаттан кейін өткен әңгіме барысында Қазақстан және Мальта арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Фра Мэтью Фестинг ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін ұйымдастыру бойынша бастамасына жоғары баға беріп, бұл дінаралық диалогты дамыту халықаралық қауымдастықтың сұранысына жауап береді және Мальта Орденінің мүдделеріне сай келетіндігін атап кетті, сондай-ақ 2016 жылғы мамырда Ыстамбұлда жоспарланған Халықаралық гуманитарлық саммит барысында Қазақстан Басшысымен кездесуге үміт білдірді.

Сонымен қоса, Князь Фра Мэтью Фестинг «ЭКСПО-2017» «Болашақ энергия» тақырыбының өзектілігін атап өтті. Ол Мальта Орденінің Астанада өткізілетін келешек көрмеге қатысуға қызығушылығын растады.

Қазақстанның бітімгершілік саясаты мен әлемдік сахнадағы өсіп келе жатқан рөлін айтып, Мальта Орденінің басшысы Ауғаныстанда соғыстан зардап шеккендерге және зәру адамдарға арнап бірлескен қайырымдылық жобасын жасауды ұсынды. Қазақстандағы әлеуметтік тұрақтылығы, этносаралық келісімі және діниаралық үйлесімділігі Мальта Орденінің жоғары моральдық құндылықтары мен мақсаттарына сай келетінін атап өтті.

http://gbpp.org/kz/2015/11/10919

 
1
0
699