Футбол комментаторының қойын дәптерінен
Футбол комментаторы болу қиын. Өйткені, бұл миллиондардың ойыны. Футбол туралы қарапайым халық ақпаратқа өте бай. Тіпті, комментаторлардың өзін жаңылыстыратын, статистика соққанда алдына жан салмайтын жанкүйерлер болады. Сондықтан, әрбір матчқа ерекше дайындықпен шыққан дұрыс.

