Сенат Комитеті Еңбек кодексіне енген өзгерістерді қарады
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылымкомитетінің кеңейтілген отырысында Еңбек кодексінің жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. «Еңбек кодексі жобасы еңбек шарттарын жасасу, жұмыскерлердің барлық санаттарына сынақ мерзімін белгілеу, жұмыскерлерді кадрлық тұрғыдан ауыстыру бөлігінде еңбек заңнамасының икемділігін күшейтуді көздейді. Бұл құжатпен жұмыс берушінің тарапынан еңбек келісімін тоқтатуға қатысты негіздер қатары кеңейтіледі, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, жастарды қоса алғанда, жұмыскерлердің жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге кешенді қадамдар енгізіледі. Дуальдық оқыту, жұмыскерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіб…