«Адалдық – адамдықтың белгісі»
2015 жылдың 31 қазан күні жеке тұлғаның әдеп ұстанымын дамыту мақсатында Орал қаласының №38 Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінде «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Шаттық шеңберінде Ө.Ақылбековтың «Өзін тану» өлеңін барлық оқушылар бірлесе айтты.
Жақсы болу – өзіңнен
Жаман болу – өзіңнен,
...
«Мен қандаймын?» деп ойла
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Сергіту сәтінде жас полициялар тобы флешмоб қойды. Флешмоб аяқталысымен барлық оқушылар ортаға жиналып, арнайы қағаздарды таңдады. Парақтардағы суреттерге сәйкес, Қайрат, Жүрек, Ақыл топтарына бөлінді.
Ұстаз адалдыққа орай, қазақ халқы данышпандарының сөздерін оқып, еңбекқорлық пен адалдыққа бағытталған бейнеролик көрсетілді. Оқушылар бейнеролик сюжетіне қарап, өз ойларымен бөлісті.
Олар «жақсылық», «кеңпейілдік», «жомарт», «адалдық», «еңбекқорлық», «көмектесу», «қуаныш» секілді сөздерге нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер келтірді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі адалдық, еңбекқорлық және үздіксіз білім алу тақырыбында қатысушыларды ақпараттандырды.
Тәрбие сағаты соңында оқушылар шеңбер құрып, шарадан алған әсерлері бойынша ойларын ортаға салды.

