Жылатпаңдар аруды жылатпаңдар...
Жылатпаңдар аруды жылатпаңдар,
Ей жігіттер сөзіме құлақ салыңдар.
Арулар ақ қайың ғой, құрақ талдар,
Тимеңдер балта шауып құлатпаңдар.
Жылатпаңдар аруды жылатпаңдар,
Жылатсаңдар қалады жылап таңдар.
Жылаған арулардың жүрегінен,
Мәңгілік орын алар уатқандар.
Жылатпаңдар аруды күлдіріңдер,
Өздерің зәрлі күлмей шын күліңдер.
Сырласып арулармен айлы түнде,
Кіршіксіз пәк жүректі білдіріңдер
Жылатпаңдар аруды жылатпаңдар,
Арулар ақ қайың ғой, құрақ талдар.
Жылатпай аруларды үзілмейтін
Мәңгілік махаббатқа тұрақтаңдар.
