Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастық шағыңды қадірлей білгейсің

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Үнемі өмір өтпек-ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді-тағдыр жоқ қайта келмек.

Абай Құнанбаев

Жастық шағыңның қадірін білгейсің! Кейін қартайғаныңда жастық жылдарыңды мақтанышпен еске түсіретіндей етіп өмір сүр!

М.Горький

Дүниеде үш нәрсе ғана:

Атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн-қайта оралмайды.

Даумер

Достық дегеніміз ауыр күндерде медет,

Қуаныш күндерде шырақ,

Өмір жолдарында сүйеніш болу деген сөз.

Өмір сүру дегеніміз- тынымсыз алға ұмтылу.

С.Джонсон

Өкінішке соқтырмайтын іспен ғана айналыс. Өзің білмейтін істен аулық жүр. Бірақ білуге тиісті нәрсенің бәрін үйрен.Сонда тыныш өмір сүресің.

Пифагор

Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

1
0
819

Осы тақырып бойынша

Жастық шағыңды қадірлей білгейсің - Yvision.kz