«Қазақ елі» көпсериялы киножобасының 40 пайызы түсіріліп болды
Биыл 100 жылдық мерейтойы аталып өтіліп жатқан заңғар жазушы Ілияс Есенберлиннің (1915-1983) «Көшпенділер» трилогиясындағы "Алмас қылыш" романының негізінде "Қазақ елі" атты сериал түсіріліп жатыр. Киножобаның бірінші 10 сериясы Қазақ хандығының құрылу кезеңі туралы алғашқы маусымда көрсетілмек.

