Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Дәстүрлі әнші Жақсыкелді Маясаров – «Таңшолпанда» қонақта

Жақсыкелді Маясаров XVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде «Халықтық музыка» аталымында домбырамен ән айту бойынша бас жүлдеге ие болды.

«Дәстүрлі әннің құдіретін бала кезімізден сезініп келеміз. Қазақ «қанына тартпай қоймас», дейді. Әкеміздің үйде отырғанда домбырамен орындайтын әндерін құлағымызға сіңіріп өстік.

Бұл байқауда барлығы 48 үміткер бақ сынады. Бас жүлденің маған бұйыруын үлкен бақыт деп санаймын», дейді әнші.

Жақсыкелді Маясаровтың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» атты әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.


0
0
563

Осы тақырып бойынша