Мазмұнға өту

Жаңа

«Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды

Марапат Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.

Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты II Халықаралық медиафорумында «Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды.

Форум мақсаты - қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекелестігін арттыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін насихаттау.

Марапат Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала елі» республикалық  экспедициясынаатсалысқаны үшін Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

0
0
206

Ақтөбеде «Нұрлы Жол» бағдарламасының жобалары 3,9 млрд теңгеге жүзеге асырылуда

Бір жыл бұрын Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында жалпы сомасы 3 млрд. 979,3 млн.теңгеге бірнеше бағыттар бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы. Бұл білім, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің және тұрғын үй құрылыстары. Ағымдағы жылы Ұлттық қорданбілім объектілері құрылысына 1 млрд.150 млн.теңге бөлінді. Бұл қаржыға «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында 1200 орындық орта мектеп құрылысы жалғасуда және тағы да үш білім мекемесінің, соның ішінде, Заречный-3 кентінде 600 орындық орта мектеп, Кірпішті кентінде 320 орындық мектеп және Қарғалы селосында 320 орындық балабақша құрылысы басталды. Осы объектілердегі құрылыс-монтаж жұмыстары бар қарқынмен жүруде. Т…

0
0
352

БЖК-2020: Шиеліде жастық тазалап, қайта қалпына келтіретін шағын цех ашылды

Қызылорда облысының Шиелі ауданында мүкіндігі шектеулі бастауыш кәсіпкер Тамара Ақмағамбетованың жастық тазалау және қайта қалпына келтіру шағын цехының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Еске сала кетсек, үстіміздегі жылы Тамара Ақмағамбетова «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өзінің инновациялық жобасын жүзеге асыруға 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алған болатын. Құны 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар мемлекет тарапынан өзінің жаңашылдығымен ерекшеленетін бизнес-идеяларды қолдауға беріледі. Осы уақыт аралығында кәсіпкер Даму Қоры қызметкерлерінің қолдауымен өз цехын іске қосу бағытында құжаттар дайындап, Ресейден қондырғы күткен болатын. Қазіргі таңда жаңа қондырғы тапсыр…

0
0
499

Бейжің қаласында «Қазақстанның Қытайдағы достары клубы» құрылды (ФОТО)

Бейжің қаласында Қазақстан-қытай ынтымақтастық комитетінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 8-ші отырысы және сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялары өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, қытай делегациясын ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин басқарды. Кіші комитеттің отырысы барысында тараптар қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы, өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ алдағы жұмысының жоспарын талқылады. Отырыстың қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды. Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар барысында тараптар «Нұрлы жол» жаңа экономика…

0
0
443

18-ші желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов польшалық Кшиштоф Влодарчикпен кездеседі

18-ші желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) бірінші ауыр салмақта (90,718 келіге дейін) WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) Әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (16-2, 10 КО) польшалық Кшиштоф Влодарчикпен (49-3-1, 35 КО) кездеседі.

Айта кетейік, Б.Шүменов биыл шаршы алаңға бір рет шығып, АҚШ спортшысы Би Джей Флоресті жеңген еді. Осылайша ол WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) Әлем чемпионы атанды.

Ал, К.Влодарчик өткен жылдан бастап жекпе-жек өткізген жоқ. Ол 2014 жылдың қыркүйек айында Мәскеуде ресейлік Григорий Дроздқа есе жіберіп, WBC тұжырымы бойынша атағынан айырылған болатын.

0
0
211

Мүсіркеп Сейдахмет: Ақын жабырқаса өмірді, масайраса махаббатты жазады

Мүсіркеп Сейдахмет Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында дүниеге келген. Құла бие қыр жусап, Тұма ойға жыр сусап Құлан иек таң атты, Құба бояу жалатты. Жалқын түске тұншықты, Алтын жалды Күн шықты. Көлеңкелер қысқарып, Көк түтінге ысталып... Ақын Мүсіркеп Сейдахмет әдебиетке кеш келді. Отызды орталап, қырыққа қадам басқан шағында қолына қалам алды. Ол 1955 жылы 6 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында дүниеге келген. «Мен қазақтың киелі үш топырағын басып, ауасын жұтып өскен адаммын. Оның бірі - кешегі Ахмет, Ыбырай, Міржақыптар шыққан топырақ - Торғай өңірі, екіншісі - қазақтың ұйытқысы болған Ұлытау, үшіншісі - талай аңыз тұлғаларға мекен болған Арқаның ең биік шыңы Ақсораң тауы», дейді ақының өзі. Оны шығармашылық арнаға бұрғызған - тегеурінді талан…

0
0
1093

Сәбилерді қалай дұрыс тамақтандырған жөн?

Сәбиге алты ай толғанда күріштен, жүгеріден, сұлыдан немесе қарақұмықтан жасалған ботқа беруге болады.

Жаңа туған нәресте үшін ана сүтінен асқан пайдалы азық жоқ. Ана сүтінің құрамында баланың жақсы өсіп-жетілуі үшін қажетті дәруменнің бәрі бар. Сондықтан, емізулі балаға қосымша тамақты 6 айлығынан бастап берген дұрыс.

Сәбиге алты ай толғанда күріштен, жүгеріден, сұлыдан немесе қарақұмықтан жасалған ботқа беруге болады. Бұл тағамдарды сүт немесе сары май қосып пісірген абзал.

Сондай-ақ, суға піскен жұмыртқа мен езілген жаңғақ та пайдалы. Олардың құрамында бала ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендер мол.

Ал, сәбиге жеміс шырынын қай жастан бастап, қанша мөлшерде беру керек? Тақырып жөнінде толығырақ«Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
451

Майра Илиясова: «Сағындырған әндер-ай» кеші биыл 10-шы рет өтеді

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Илиясова және әнші, «Серпер» сыйлығының иегері Гүлнұр Оразымбетова - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Гүлнұр Оразымбетова 15 қарашада Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында жеке шығармашылық кешін өткізбек.

Ал, 16 қараша, сағат 19.00-де  Майра Илиясованың ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Сағындырған әндер-ай» атты ретро ән кеші өтеді. Оған республикаға танымал 75 әнші қатысады.

«Мақсатымыз - ретро әндерді, халық әндерін, халық композиторларының әндерін халыққа сол күйінде бұзбай жеткізу. Бұл - «Сағындырған әндер-айдың» 10 жылдан бері атқарып келе жатқан негізгі миссиясы», дейді Майра Илиясова.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.

0
0
553

Асқабақ артық салмақтан арылуға көмектеседі

Асқабақтың құрамында В тобының дәрумендері мол. Сан түрлі дертке шипа болатын асқабақтың елімізде 13 түрі өседі. Дәрігерлер күнделікті ас мәзіріне асқабақтан жасалған тағамдарды міндетті түрде енгізу қажеттігін айтады. Әсіресе, қыс айларында жиі тұтынған жөн. Себебі, ол ағзаға күш-қуат береді. Асқабақтың құрамында В тобының дәрумендері мол. Ағзаны тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жолдары ауруларының алдын алуға да септігін тигізеді. Егер, байқаусызда ыстық суға күйіп қалсаңыз, денеңізге бірден асқабақтың ұлпасын тартыңыз. Артық салмақтан арылып, сымбатыңызға көңіліңіз толмаса, асқабақ диетасын ұстауға болады. Ал, оның дәнегі жүйке жүйесін тыныштандырады. Дәнектің құрамындағы мырыш есте сақтау қабілетін жақсартып, мидың қызметін реттейді. Асқабақ жемісінің бұдан өзге қандай пай…

0
0
699

«Бірге таңдаймыз!». Ерлердің қысқы киімін қалай таңдаймыз?

Бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабарын көріңіз.

Фаст-фудтың жүгерісінен әлдеқайда дәмді,  дәруменге бай  жергілікті жүгеріні дайындаудың ерекше тәсілін білесіз бе?

Ұлттық стильдегі сәнді әшекейді қолдан жасап үйренгіңіз келе ме? Ерлерге арналған қысқы киімді қалай таңдаймыз?

Ең пайдалы салат қоспасы – руккола туралы танымды ақпарат пен дәмді салаттың рецепті туралы білгіңіз келсе, бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабарын көріңіз.

0
0
289