Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Бүгін — Евгений Брусиловскийдің туған күні

Евгений Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнаған жан.

1905 жылы Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Қазақ музыкасын тереңінен зерттеген композитор 1934 жылы алғаш рет «Қыз Жібек» операсын көпшілікке ұсынды.

1934-1938 жылдары Қазақ музыкалық театрының музыкалық жетекшісі, 1944-1951 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.

Саналы ғұмырында тоғыз опера, екі балет, тоғыз симфония жазды. Қазақтың 250-ден астам ән-күйін жазып алып, 500-ге жуық әндер мен романстарды өмірге әкелді. Оған өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Композитордың шығармашылық жолы туралы толығырақ «Таңшолпанда».


0
0
390

Осы тақырып бойынша