Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР-да 2016 жылдан бастап инвесторлар барлық рұқсат беру құжаттарын «бір терезе» арқылы алады

Мемлекет басшысының 2015 жылдың 1 қаңтарындағы Қаулысына сәйкес ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінде инвесторлар үшін «бір терезе» пилоттық режимде жұмыс істеуде, бүгінде ол басымдық берілген инвестициялық жобалармен жұмыс істеуде. Ал, 2016 жылдан бастап «бір терезе» принціпі барлық инвесторлар үшін жұмыс істейтін болады, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ.

Инвесторларға қажет барлық рұқсат беру құжаттары «бір терезеден» берілетін болады.   Бұл 363 мемлекеттік қызмет, олар лицензия, жерге рұқсат беру, шетелдік жұмыс күшін тарту және анықтамалар.

Бұл мақсатта әр министрлік пен әкімдіктерде бірінші орынбасарлар деңгейінде жауапты тұлғалар бекітілген. 
Барлық қажетті өзгертулер заңнамаға енгізілді.

Бүгінде  Investors Service Centre АҚШ, Франция, Италия, Германия, Корея, Жапония, Қытай, Үндістан және өзге мемлекеттердің ірі шетелдік компанияларымен шамамен 200 кездесу өткізді.  «Бір терезе» принціпі бойынша Investors Services Centre машинақұрылысы, азық түлік өндірісі, электрқұрал жабдықтарының өндірісі, жобалау және өзгеде салаларда көмек көрсетілді.

Қазақстанда жария ету аясында экономикаға 42,1 млрд теңге инвестицияланды

Қазақстанда 324,9 млрд. теңгеге 46 260 объект және бағалы қағаздар жария етілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 635,4млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 65 155 өтініш түсті: сомасы 324,9 млрд. теңгеге 46 260  объект және бағалы қағаздар жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1018,0 млн тенге құрайтын 35 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті: 712,0 млн. теңгеге 29 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

«ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 17.11.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 80,8 млрд.теңге ақшаны жария етуге  178жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 3,1 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 31,0 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 42,1 млрд. теңге», - делінген хабарламада.

18.11.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,2 млрд.теңге түсті.

Ақпарат көзі

 

0
0
217

Осы тақырып бойынша

ҚР-да 2016 жылдан бастап инвесторлар барлық рұқсат беру құжаттарын «бір терезе» арқылы алады - Yvision.kz