Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда жеке меншік мемлекеттік мекемелер кепілдендірілген мемлекеттік көмек көрсетеді — министр

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын ұсыну барысында Қазақстанда жеке меншік мемлекеттік мекемелер кепілдендірілген мемлекеттік көмек көрсететіндігін айтты.

Медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесіндегі орталық буын медициналық санитарлық алғашқы көмек (әрі қарай – МСАК) болады. Оның аясында медициналық көмектің көлемі мен тегін амбулаторлық емдеуге арналған дәрілік заттар тізімін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр.

«МСАК-тың әмбебаптылығы әрі қарай адамның белгілі бір жас ерекшеліктерінің кезеңіне қарай ағзадағы өзгерістерін ескере отырып, аурулардың алдын алу басымдылығымен денсаулығын бақылауға негізделген өмір бойы  отбасылық қызмет көрсету қағидасына көшу арқылы қамтамасыз етіледі. ОҚКҚ-ні аймақтың кадрлық қамтамасыз етілуіне байланысты жалпы практика дәрігерлері немесе учаскелік дәрігерлерден тұратын (терапевтер, педиатрлар, гинекологтар) мульти-тәртіптік топтар жүзеге асыратын болады. Жалпы практика дәрігерлері санының ұлғаюы мен біліктілігінің артуына қарай олар мульти-тәртіптік топтарды алмастыратын болады», - деді ол.

Сонымен қатар, транспорттық медицинаны, оның ішінде жедел медициналық көмек пен телемедицина, жылжымалы дәріханалық пункттерінің жүйесін әрі қарай дамыту көзделген.

«Арнайы медициналық көмек барлық денсаулық сақтау саласының қызметтерімен біріктірілетін болады. Сонымен бірге негізгі әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша іс шаралар жоспарын жасау мен жүзеге асыру қарастырылған. Әрбір бағыт бойынша қызметтің барлық түрлері: алдын алу, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады», - деді министр.

«Медициналық және мейіргерлік білім беруді ары қарай дамыту клиникалық тәжірибе, медициналық білім беру және ғылыми қызметтің ұштұғырлығын қарастырады. Аталған мақсатта медициналық қызметтер мен кадрларды дайындаудың толық кезеңі қағидасымен ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және амбулаторлық ұйымдардың  функционалды (концорциумдар) және ұйымдастырушылық (холдингтер) бірлестіктерінің негізінде интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды (университеттік клиникаларды) дамыту тұжырымдамасын жасау жоспарланып отыр», - деді Т.Дүйсенова.

Жаңа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру жетекші халықаралық медициналық университеттер және ұйымдармен серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Академиялық үрдістерге жетекші шетел мамандары, ғалымдар мен оқытушыларды тарту тәжірибесі кең көлемде қолданылатын болады.

"Түлектердің теориялық білім деңгейі мен тәжірибелік машықтарын бағалау мақсатында кәсіби стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделген құзіреттілікті тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілетін болады", - деді министр.

Ақпарат көзі

 

0
0
489

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда жеке меншік мемлекеттік мекемелер кепілдендірілген мемлекеттік көмек көрсетеді — министр - Yvision.kz