Мазмұнға өту

Жаңа

«Нұр Отан» партиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының нәтижелері талқыланды

2015 жылдың қорытындысымен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа «Нұр Отан» партиясының Төрағасы ретінде партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының іске асырылуы жөніндегі Баяндамасы тұңғыш рет ұсынылмақ, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қолға алынуы партия қызметіне де қосымша серпін берді. Саяси құжат ретінде аталған баяндаманың өзегіне Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттықиндексі бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері енгізіліп, осы саладағы нақты үдерістер көрініс таппақ. Бұл әдістеме шетелдік жетекші сарапшы-әлеуметтанушылардың оңды көзқарасына ие болып отыр. Баяндама партия мен мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты өзара байланысының нығаюына және заңнамалардың жетілдірілуіне септігін тигізеді»- деп атап өтті.

Еліміздің Бас прокуроры А.Дауылбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бақылау-қадағалау органдарының бизнес өкілдеріне негізсіз араласуын шектеу мақсатында прокуратура органдары тарапынан тексерулерді тіркеу тәртібі оңтайландырылғанын мәлімдеді.  «Бизнес тірегі-Опора бизнеса» электронды порталы іске қосылып, оған хабарласқан 28 мың кәсіпкер тағайындалған тексерулердің заңдылығы жөнінде ақпар алса, 2,5 мың бизнес өкілдері мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне шағымданған. Қабылданған шаралар бизнеске деген жүгінулерді 13 есеге қысқартуға мүмкіндік ашты. Мәселен, 2010 жылы бизнес өкілдерінің 52 пайызынатүрлі тексерулер жүргізілсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш 4 пайызға дейін төмендед»,- деп атап өтті Бас прокурор.

Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының алғашқы нәтижелері сарапқа салынды. Пікір білдірушілер биылғы жылы Бағдарлама аясында қабылданған заңдар («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» және т.б.) сыбайлас жемқорлыққа қарсы нық құқықтық база болып қалыптасқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде еліміздегі барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттырып, оның алғышартын бәсеңдетпек. Қабылданған заңдардың орындалуын жіті қадағалау алдағы уақытта партиялық құрылымдардың басты бағыты болуы тиіс.

Келер жылдан бастап, Бағдарламада қарастырылған жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті қауымдастықтар мен органдардың өкілеттігін артыруды заңнамалық негізде бекіту қолға алынады деп жоспарлануда.

Жиынға қатысушылар Баяндаманы әзірлеудің барлық аспектілерін, Бағдарламаны іске асырудың алғашқы нәтижелерін тереңінен талқылап, мазмұны мен тұжырымдарына қатысты ортақ пайымдар білдірді.

Ақпарат көзі

 

0
0
421

Қарағанды облысында индустрияландыру картасы 97 жобаға ұлғаяды

Қарағандыда ҮИДМБ бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында өңірлік және республикалық Индустрияландыру картасына енгізу үшін 880 млрд. теңге жиынтық инвестициялау көлемімен бірқатар ірі инновациялық жобалар қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Барлық 3 жоба - шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар.

Аталған жобалар аясында шамамен 2200 тұрақты жұмыс орнын құру болжанады.

Көрсетілген жобаларды қарау Мемлекет басшысының шетел инвестицияларын тарту бойынша тапсырмалары негізінде жүргізілуде.

Өңірлік картаға «Осакаров ауданында «Global Lime Industries» компаниясы жоғары сапалы әк өндіретін зауыт салу» жобасы ұсынылды.

Жоба металлургиялық, химиялық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 1-ші сұрыпты әк өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысын көздейді.

Кешенді салу тікелей шетел инвестициясы есебінен жүзеге асырылады. Жоба инвесторы: әлем бойынша ондаған зауыты бар және металлургиялық өндіріс мақсаттары үшін әк өндірісінде көшбасшы болып табылатын Carmeuse Group (Бельгия) трансұлттық корпорациясы. Инвестиция көлемі - 8 млрд теңге. Жобаны іске асыру 105 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етеді.

Жобаның инновациялығы қолданылып отырған технология тұтынушылардың техникалық талаптарына лайықталған, реакциялық қабілетімен 1-ші сұрыпты жеңіл күйдірілген әрі қатты күйдірілген әк өндіруге мүмкіндік беруін қамтиды.

Республикалық картаға ҚХР-дан инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын 2 жобаны енгізу ұсынылды.

Сонымен, «Қарағанды кешенді қорытпа зауыты» ЖШС «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ аумағына кешенді қорытпа зауытын салуды жоспарлайды. Жобаны іске асыру өңірге сомасы 73 млрд. астам инвестиция тартуға және 1 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Зауытта бірінші кезеңде жылына 170 мың тонна ферросликоалюмений өндіру болжануда. Шикізат Куу-Чекинский көмір кен орнында (Бұқар жырау ауданы) өндіріледі. Дайын өнім - ферросиликоаллюминий - «Қазақстандық» қорытпа, Қарағанды химиялық-металлургиялық институт әзірлемесі. Өз қасиетінің арқасында ол өңделетін болаттың құрылымы мен сапасын жақсартады. Бұл әзірлеменің бірлескен авторларының бірі Мемлекет басшысы Н. Назарбаев болып табылады.

Жобаны қазақстандық тараппен бірге жетекші қытайлық «Sinosteel» компаниясы іске асыратын болады, оның металлургиялық пеш және оған қызмет көрсету бойынша сервистік орталықтарын салу саласында үлкен тәжірибесі бар.

«Мұнайды қайта өңдеу кешенін салу» жобасын «Karaganda CCI» ЖШС іске асырады. Бұл бірлескен кәсіпорын, оның құрылтайшылары «Цинхуа» корпорациясы, «Қайта өңдеу және ҚазМұнайГаз маркетингі» компаниясы, СП «Арбат» және «Разрез «Кузнецкий» ЖШС.

Бұл жоба - ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ҚХР басшылығымен қол жеткізілген уағдаластығының нәтижесі.

Жобаға инвестиция көлемі шамамен 800 млрд теңгені құрайды. 1000 жаңа жұмыс орны ашылады.

Кәсіпорын дизель отынын, түрлі химиялық өнімдер шығарады.

Жоба инновациялық технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге, көмір кен орындарын әзірлеу рентабельділігін арттыруға, өңір өнеркәсібінің жаңа бағыты - көмір-химия саласын құруға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша Индустрияландыру картасы жобаларының жалпы саны 97-ге артады, инвестиция көлемі 1,3 трлн. теңгеден асады, 11500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.

Ақпарат көзі

0
0
494

Е.Ыдырысов Аустрияда БҰҰ өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Аустрияға жұмыс сапары басталды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Күннің бірінші жартысында БҰҰ Вена бөлімшесінде Е. Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Вена бөлімшесінің Бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Бас директоры Юрий Федотовпен, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас директоры Юкия Аманомен, БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы Бас конференциясының (ЮНИДО) Бас директоры Ли Юнмен және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесулер өткізді, сондай-ақ Венада өтіп жатқан ЮНИДО Бас конференциясы шеңберінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған фотокөрмеге қатысты.

БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың практикалық  мәселелері талқыланды. Мәселен, Ю. Федотовпен ҚР-ның БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен ынтымақтастық мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Орталық Азиялық Аймақтық ақпараттық-үйлестіру орталығының (ЦАРИКЦ) қызметін жандандыру, сондай-ақ ҚР  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында айтылған бастамаларын іске асыруға қолдау көрсету  мәселелері талқыланды.

Ю. Федотов ЦАРИКЦ – БҰҰ ЕҚБ және Орталықтың қатысушы мемлекеттерінің есірткі тасымалдау мен қылмысқа қарсы тұру саласындағы ең жемісті жобаларының бірі деп атап өтті. Әңгімелесуші тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы тұру, соның ішінде ҚР Президенті Н. Назарбаев БҰҰ БА 70-ші сессиясындағы мәлімдемелері аясында осы мәселелерге төтеп беруде өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше назар бөлді.

Ю. Аманомен әңгіме барысында ү.ж. тамызда қол қойылған, тарихта алғашқы ҚР мен АЭХА арасындағы елімізде осы ұйымның жетекшілігімен төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімнің нақты бағыттары, техникалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, АЭХА-нің энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі жобаларын іске асыруға қатысу болашағы, соның ішінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы аясында жүзеге асыру мәселелері пысықталды.

Сонымен қатар, Ю. Аманомен келіссөздер барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың БҰҰ БА 70-ші сессиясы шеңберінде БҰҰ 100 жылдық меерйтойына 2045 жылы ядролық қарудан азат әлем құру жөнінде мәлімдеген бастамаларын жүзеге асыру мақсатында ынтымақтасу мәселелері талқыға салынды. Адамзатты ядролық қатерден азат ету үшін Қазақстан Президенті ұсынған 30 жылды тиімді пайдалану қажеттігі аталып өтілді.

ЮНИДО-да келіссөздер қорытындылары бойынша ҚР Үкіметі мен осы халықаралық ұйым арасындағы Өнеркәсіптік даму қорына мақсатты жарналар туралы әкімшілік келісімге қол қойылды. Әкімшілік келісімге ҚР Үкіметі мен ЮНИДО арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация негізінде және 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес Қазақстан Үкіметінің экономиканы индустрияландыру жөніндегі күш-жігеріне жәрдем ету үшін  ЮНИДО-ның сарапшылық білімін тарту мақсатында қол қойылды.

Е. Ыдырысов пен Ли Юн ҚР мен ЮНИДО арасындағы кәсіби-техникалық білім беру саласын дамыту, әсіресе ҚР Президентінің 2017 жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық білім алу туралы мәлімдемесі аясында, ынтымақтастықтың үлкен болашағы туралы атап өтті.

Л. Зербомен кездесу шеңберінде Қазақстан мен Жапонияның ЯСЖТШҰ XIV Тармағы бойынша теңтөрағалығының іс-әрекет жоспарларын талқыға салды. Л. Зербо ядролық сынақтардан айтарлықтай ауыр жапа шеккен екі елді ұйымның бірлестіруіне жақсы үміттер артатынын жеткізді.

Сондай-ақ, министр күні-түні және кешенді түрде адамзат белсенділігін бақылайтын, ядролық сынақтарды, сонымен қоса осыған байлансты технологиялық үдерістерді анықтай алатын ЯСЖТШҰ Деректер орталығын аралады.

Жалпы, БҰҰ-да өткен кездесулер халықаралық құрылымдардың ҚР Президентінің сыртқы саяси бастамаларын да, сонымен қатар мемлекеттің дамуына арналған кеңауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуын талқылауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі

 

0
0
284

Ұлылардың ұрпағы ҚР ҚК-нің музейіне тарихи жәдігерлердің түпнұсқаларын берді (ФОТО)

Атақты батырлардың, Үлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтары, жеңімпаздардың балалары мен немерелері ҚР Қорғаныс министрлігінің ұсынысына үн қатты және ҚР Қарулы Күштерінің жаңа әскери-тарихи музейінің қорына мәдени және ғылыми құндылыққа ие бірегей тарихи заттар мен ата-бабаларының құжаттарын берді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мен атам Иван Васильевич Панфиловқа қатысты кейбір жәдігерлерді әкелдім. Бұл кітап 1936 жылғы басылып шыққан оның жеке кітапханасынан. Бірақ, менің ойымша ең бағалысы ол менің атамның қаза болған  жүргізушісіне комиссар Логвиненконың берген партбилеттің бір жапырақ қағазы.  Жүргізуші соғыста оны тұмар ретінде тағып жүріп, өзінің партбилетін осы бір жапырақ қағазда сақтап, кейіннен біздің отбасымызға берді. Сонымен қатар 28 панфиловшылардың екеуіне Кеңес Одағының батыры атағын беру туралы екі грамотаның түпнұсқаларын, Бауыржан Момышұлының қолтаңбасы бар фотосуретті бердік. Одан басқа, Шымкентте құрылған 301-ші, 310-шы және 312-1-ші дивизиялардан әскери бөлімдердің, сондай-ақ 768-жойғыш-авиациялық полкінің  туларының түпнұсқалары бірегей болып табылады. Бұл 41-ші жылғы соғыстағы тулар», - деп әңгімелеп берді Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова.

Бүгінгі күні музейдің коллекциялық қоры ежелгі заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі қазақстан халқының әскери тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерін әспеттейтін сирек және бірегей экспонаттардан тұрады. Армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның  бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің де отбасы музейдің тарихи қорына өз үлесін қосты. «Музейдің ашылатынын біле салысымен біз атамыздың формасын қуана-қуана бердік. Бұл парадтық киім нысаны, ол киіммен атамыз елімізде өтетін анағұрлым маңызды іс-шараларға қатысатын.  Ол киімде Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы жұлдыздарының телнұсқалары мен қалған ордендер мен медальдарға арналған планка. 80-інші жылдары тігілген  парадтық фуражка, депутат куәліктерінің түпнұсқалары, погондар, етіктер. Сондай-ақ біз құжаттарды, сирек фотосуреттердің түпнұсқаларын, оның кітаптарын, сыйлыққа берілетін қылышты, қылыштың жүздерін бердік.

Нұрмағамбетовтердің отбасы сияқты біз үшін мұнда өзіміздің витринамызды ұсыну үлкен абырой. Музей өте қажет, себебі, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруды жүзеге асыруға, жас буынға тәлім-тәрбие беруге, мәдени-адамгершілік деңгейді арттыруға көмектеседі», - деді батырдың немересі Сауық Нұрмағамбетов. КСРО-ның Халық әртісі атағын иемденген қазақстандықтар арасындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан дара әйел Роза Бағланованың жеке заттары да дәл осы музейдің жәдігеріне айналды. Әртістердің бригадасы құрамында ол алдыңғы шепте Қызыл әскердің жауынгерлері алдында өнер көрсетіп жүрді.

Оның майдандық концерттері сәтті өтті.  1945 жылдың 9 мамырында Роза Бағланова Берлиндегі Жеңіс концертіне қатысты. «Кез келген музей өзінің жәдігерімен құнды. Балалардың, немерелердің, ұрпақтың құжаттарды, заттарды беруі өте дұрыс шешім. Себебі, музейдің негізгі жұмысы осы экспонаттарды сақтау мен дәріптеу, оларды консервациялау және қайта жасау, сондай-ақ осы материалды зерделеу. Музейде адамдар көптеп шоғырланады және сол музей арқылы осы адамдардың қызметімен танысып, оны зерделеу құба-құп болады. Біз бұл туралы барлығы, барша Қазақстан, әрбір оқушы, өзін әскери іске сарп еткен әрбір адам білгенін қалаймыз»,  - деді музей директоры Асқар Қасымов.  Ғимараттың құрылымдық және сәулеттік бейнесіне қосымша ерекшелік беріп тұратын экспозициялық залдар бірегей болып табылатынын айта кетейік.

Ақпарат көзі

 

0
0
423

Ұлы мақсат жолында...

Кез келген елдің өсіп-өркендеуі, ішкі және сыртқы саясатының тұрақты болуы - сол мемлекеттің тізгінін ұстаған басшының елді басқарудағы тәжірибесі мен өресіне тікелей байланысты екені сөзсіз. Бұл ретте, біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы әлем елдеріне үлгі болып жүргенін атап өткен жөн. Әсіресе, Мемлекет басшысының ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлары мен сан түрлі бағытты қамтыған бағдарламалары егемен елдің дамуына зор ықпал етуде. Соның нәтижесінде, толағай жұмыстар қолға алынып, өз нәтижесін беріп отыр. Мәселен, осыдан бірнеше ай бұрын Елбасы «100 нақты қадам» атты дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталған Ұлт жоспарын ұсынған болатын. Аталмыш құжатты көпшілік бірауыздан қолдап, оның жүйелі жүзеге асуына үлес қосуда.

Бұл ауқымды жоспарда қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған 100 нақты қадам көрсетілген. Ерекше атап өтерлігі, оның алғашқы 15 қадамы қатарынан кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған. Сол арқылы елдің басқару жүйесін жан-жақты жетілдіре отырып, жарқын болашаққа дамыған елдермен қатар нық қадам жасау көзделді. Қазіргі таңда бұл бағытта көп жұмыстар қолға алынуда. Атап айтар болсақ, бұдан былай елімізде мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты жаңа жүйе енгізіледі деп жоспарлануда. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің айтуынша, әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарынан көріну үшін ең алдымен мықты мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызы зор.

Иә, Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі элементтерінің бірі – мемлекеттік қызметтің мансаптық үлгісіне көшу екені көрсетілген. Дүниежүзіндегі көптеген дамыған шет елдердің тәжірибесінде осындай озық үлгі бар. Енді бұл жаңашылдық біздің елге де енгізілмек. Құптарлық іс, әрине. Ол үшін мемлекеттік қызметке қабылдау төмен сатыдан бастап, біртіндеп көтерілу арқылы жүзеге асады екен. Осы аралықта қызметшінің еңбек өтілі, тұрақты түрде біліктілікті арттыру тәжірибелері мен жетістіктері есепке алынады. Осылай, мемлекеттік қызметшілер мансаптық сатыдан кезең-кезеңімен өту арқылы кәсіби біліктілігін арттырып, біртіндеп жоғары деңгейге дейін көтеріле береді. Ал осы салаға жаңадан келген жас мамандар іріктеудің меритократиялық қағидаларына сәйкес, үш кезең бойынша сынақтан өтуі тиіс.

Міне, осы талаптардан сүрінбей өткен адам, яғни өз ісінің кәсіби маманы ғана мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Айта кетерлігі, олардың жалақысы да қызметтегі жетістігі мен еңбегіне сай төленеді.

Осынау жаңа жүйе арқылы сапалы әрі кәсіби аппаратты қалыптастырып, тамыр-таныстыққа және біліксіз мамандардың мемлекеттік қызметке келуіне тосқауыл қойылады.

Бұл дегеніңіз – елдегі басқару жүйесінің деңгейі жоғары, әлеуеті зор, бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді. Дәл осындай мамандар еңбек еткен елдің болашағы үшін еш қауіп жоқ. Сондықтан да, Елбасының ел ертеңі үшін жасаған әрбір мемлекеттік бағдарламалары мен Ұлт жоспары – ұрпақ үшін жасалған ҰЛЫ МАҚСАТЫ  деп білеміз!

Марат Серікбай

 
0
0
770

Алматыда жас инноваторларының ІІІ форумы өтті

Алматы технологиялық университеті «Парасат» Алматы кәсіподағымен бірлесе, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Кәсіподақтарының федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Болашағымыз-бірлікте!» атты жас инноваторларының ІІІ форумын өткізді.

Форум жұмысы Алматы технологиялық университетінің Технопаркінде ұйымдастырылған «ЭКСПО-2017 жолында»: Алматы қаласы жас инноваторларының жетістіктері» атты көрмені тамашалаудан басталды. Көрменің негізгі мақсаты: жас ғалымдардың инновациялық жобаларды әзірлеудегі жетістіктерін талқылауға алаңша қалыптастыру, индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмасу, жастардың ғылыми-зерттеу жобаларына мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарының назарын аудару. Салтанатты шараның қонақтары: ҚР білім және ғылым вице-министрі Балықбаев Тахир Оспанұлы, қазақтың тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермахан Ыбырайымов, сондай-ақ АТУ президенті, академик Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы, «Парасат» Алматы кәсіподағының төрағасы Жанатаев Данат Жанатайұлы салтанатты түрде лента қиып, көрме жұмысын ашты.

ҚР білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаев: «Бүгінгі өткізіліп отырған форум мен оның аясында өтіп жатқан көрме Тұңғыш Президент күніне арналып отыр. Мұндағы негізгі идея студенттердің инновациялық жетістігін көрсету болса, ол өз үдесінен шықты деп ойлаймын. Көрменің аты айтып тұрғанда, «ЭКСПО-2017»-ге барар жолда жастар әртүрлі бағытты таңдаған екен. Мәселен, жастардың бір бөлігі технологиялық бағытты, тамақ өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс саласын таңдаса, енді бір тобы ақпараттық технологияны, бір кнопка деген терминалды, наностпутниктерді, жаңа технологияларды көрсетіп жатыр. Жастардың жобалары, сөз жоқ, болашақта тамаша көрсеткішке қол жеткізіп, жеңіске бастайтыны сөзсіз. Ең бастысы, біздің жастарымыз бүгіннің өзінде ғылымға, өнертапқыштыққа, өнерге қызығушылықтарын көрсетуде», – деді.

«ЭКСПО-2017 жолында»: Алматы қаласы жас инноваторларының жетістіктері» атты инновациялық көрмеде 30-дан астам оқу орындары жас инноваторларының, студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының және Алматы қаласы ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми жетістіктері көрсетілді.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12487

 
1
0
301

С.Рахымбекова: Жасыл технологияларды қолдану кезінде органикалық өнім өндіру тиімді

26 қараша «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Колаициясы» ЗТБ Астана қалаласындағы Еуропадағы Қауыпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы бағдарламалар Кеңсесі, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігі, G-Global Халықаралық хатшылығының қолдауымен «Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылығын дамытудағы бастамаларды қолдау» атты дөңгелек үстел өтті.

«Қазіргі таңда бұл сұрақ «Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылығын дамытудағы бастамаларды қолдау» Заңына қол қою, ЭКСПО-2017 дайындық, ДСҰ ға кіру және Жасыл Көпір Серіктестік Бағдарламасының басталуы аясында өзекті мәселе болып тұр. Бүгінгі күні органикалық ауылшаруашылық әлемнің 160 мемлекетінде қолданылуда. 84 мемлекетте органикалық егіншілік туралы заңдары бар болса, ондаған мемлекеттерде заң жобалары қарастырылуда. Экономистердің бағалары бойынша, органикалық ауылшаруашылық саласындағы жыл сайынғы айналым 85-90 миллиард долларды құраса, 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 200-250 миллиард долларды құрайтын болады», – дейді «Жасыл» экономика мен G-Global дамуы үшін коалициясы» Заңды тұлғалар ұйымы басқармасының төрайымы Салтанат Рахымбекова.
«Біздің мемлекетімізде бидай, күріш және соя өсіруге арналған сертификатталған эко кәсіпорындар 133 мың гектар жерді қолданатындары белгілі. Қостанай облысында «Органикалық егіншілік Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымы құрылды. Оның қатысушылары ұн, жарма, сұйық май, кондитерлік өнімдер, органикалық жүзім шараптарын, нан өнімдерін өндіреді. Сонымен қатар, республикада сертификатталған органикалық мал шаруашалағы да бар. Жасыл технологияларды қолдану жағдайларында органикалық өнім өндіру тиімдірек және әлем нарығында жоғарғы деңгейдегі бәсекелестіктің жоқтығы. Сонымен қатар, сертификатталған органикалық өнімдердің бағалары бірнеше есе жоғары», – дейді ол.
Айта кетейік, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ халықаралық серіктестіктерінің қолдауымен 2014 және 2015 жылдар аралығында 3000 ауылдық тұрғындарды жасыл технологияны өсімдік өсіруде қолдануға үйретті.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12483

 
1
0
421

Жасыл орамдағы жаңа үйлер

Елорда келбеті күн өткен сайын еңселеніп, ажары айшықтанып, таранып, таралып сұлулана түссе, онда құрылысшы қауымының еңбегі ерекше. Ал Астанадағы құрылыс компанияларының ішінде салынған үйлерінің сапасымен де, дер кезінде тапсыру мерзімімен де тұрғындардың көңілінен шығып жүрген компанияның бірі – «BI Group» ЭКСПО-2017 көрмесі аясында да астаналықтарды «Жасыл орам» атты жаңа бір жобасымен қуантатын түрі бар.

Есілдің сол жағалауындағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жанынан орын тебетін «Жасыл орам» жобасының негізі энергия сақтаудың жаңа технологияларына негізделіпті. Көпқабатты үйлер, кеңсе ғимараттары, паркингі, шағын көлі бар, аулалары ландшафты эко-дизайнмен өрілген, оған қоса 14 гектар жерді алатын саябағы болатын мұндай жоба жақын көршілердің бірінде де жоқ, тіпті, әлемде сирек кездеседі.

Мұнда суарылмайтын ландшафт жүйесі, «қалдық суды» коммерциялық ғимараттарда қайта пайдалану, қоқысты орта­лықтандырылған режімде жинау, «ақылды» автотұрақ жүйелері, велокөліктермен жүру жолағы мен оларды қоюға арналған орындар, көлікті электрмен зарядтайтын алғашқы толыққанды станса да қарастырылыпты. Қыста өз мұз айдыны, жазда демалатын орындары жеткілікті жаңа жоба мемлекеттік және жекеменшіктік әріптестік негізінде «Самұрық-Қазына Девеломпмент» пен «BI Group» компаниясының жұмыла іс атқаруы нәтижесінде өмірге келеді.

44 млрд. теңге көлеміндегі жобаны «Самұрық-Қазына Девеломпмент» мақ­сатты қаржыландырып, ал жоба­ның тұжырымдамасын Еуропада өз қолтаң­басымен ерекшеленетін ірі архитектуралық компания – британдық Aebas жасап шыққан.

«Marriott» отелінде өткен «Жасыл орам» жобасының тұсаукесерінде компания басшысы Айдын Рахымбаев алғашқы кезеңде көпқабатты 3 тұрғын үйдің пайдалануға берілетінін, ал ипотека алу үшін қазіргі нарықта жоқ бағаммен –7 пайыз көлемінде тек теңгемен 15 жылға несие алуға болатынын хабарлады.

Табиғатпен үйлесім тапқан, экологиялық тұрғыдан өте таза, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі көтеретін энергия сақтаудың жаңа технологияларын пайдалану тақырыбына үндескен жаңа жобаның алғашқы үйлері 2016 жылы өз тұрғындарын қарсы алып, Астанамыздың көз қуантатын жаңа аймағының біріне айналмақ.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12481

 
1
0
373

Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесу

2015 жылдың 30 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті,Құрманғазы атындағы саз колледжінде «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» және «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіру» бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры Н.Сертеков оқытушылық құрамы және студенттер қатынасты. Семинар барысында Департамент қызметкері Е.Төлепқалиев 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады. Баяндамада Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның ішінде студент жастардың орынына ерекше назар аударып, жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы ақпараттандырды.

Шараның соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тақырыптық видеороликтер көрсетілді.

 
0
0
1296